Қара киімділер: Өткенге ұмтылыс


Айдың бетінде салынған құпия түрмеге тоғытылған Борис (Джемейн Клемент) есімді өзгепланеталық келімсек агент Кейден (Томми Ли Джонс) есе қайтаруды ұзақ күткен еді. Міне, сол күн де келіп жетеді. Түрмеден қашып шыққан Борис, Жерге келіп өткен шаққа оралады дағы, тарихты түбегейлі өзгертіп жібереді. Ол агент Кейді өткен шақта өлтіріп тастап, адамзатқа қауіп төндіреді. Серігін құтқармақ болған агент Джей (Уилл Смит) де өткен шаққа оралып, бәрін орнына қоюға тырысады.



"Қара киімділердің" үшінші бөлімі осылай басталады. Бірден іске кірісіп кеткен кейіпкерлер бұған дейінгі екі фильмді логикалық тұрғыдан осылай іліп алып кетеді. Тіпті, бөлімдер арасындағы жылдарға созылған үзілістің алшақтығын да сезбей қалады екенсіз.

Дубляж
Бірінші кезекте тоқталып өтетін жайт — "Қара киімділер 3" прокатқа қазақ тілінде шығып отырған алғашқы Голливуд туындыларының бірі. Қатты сынайтындай мін таба алмадық. Тек кейбір диалогтардың тым әдебиленіп кеткенін айта кету керек. Ауызекі стилге баса мән беріліп, сөйлеу интонациясындағы кейбір сәйкессіздіктер назардан тыс қалмағанда "өте жақсы" деуге тұрарлық дүние шығады екен. Әзірге, жай ғана «жақсы» деуге мәжбүрміз. Оның үстіне үлгі етіп қоярлықтай әзірге эталон дубляж жасалған жоқ. Сондықтан барды қанағат тұта тұруға тура келеді. Әйтеуір бұл жерде Қазақстан телевидениесінде көп кездесетін қорқынышты, сүйкімсіз дауыстарды естімедік. Сол үшін кейіпкерлерді дыбыстаған қазақ актерлеріне алғыс білдіру керек.



Актерлер
Бұған дейінгі екі бөлімде көрермен көзайымына айналған Уилл Смит пен Томми Ли Джонс сол қалыптарын бұзбапты. Агент Джейдің қуақылығы мен аңғал мінезі, агент Кейдің тұйық мінезі мен адам күтпейтін әрекеттері, екеуінің бір-бірін қажап, сөзбен түйреген диалогтары әлі де өз қалпында. "Қара киімділердің" жанкүйерлері үшін тағы бір жаңалық — Джош Бролиннің орындауындағы жас агент Кей. Сыртқы ұқсастықтарын есепке алмағанда, жас Кей мен кәрі Кейдің арасындағы айырмашылықтар жетіп артылады. Айтпақшы, кәрі Кейдің неліктен өзін тұйық, салмақты ұстау себебін осы жолы біле аламыз.



Соңы
Фильмді ең бірінші кезекте осы соңғы эпизодтары үшін көру керек шығар. Сценаришілер мен режиссер осы жолы күтпеген сюжеттік шешімге барыпты. Көрерменді жаңа нәрсемен таңғалдыру кино жасаушылардың мақсатында болған болса — ол фильмнің аяқталар тұсында сәтті іске аса алды деп батыл айтуға болады.

Баға:
Қазақша дыбысталуы — 8/10
Фильмнің өзі — 7/10
Бөлісу:

54 пікір

FaraOn1
3D фильм ба?
patick
Постеріне дұрыстап назар аударсаң, жауабын табасың
FaraOn1
Жұмыстан казақша прьемерасына барып кел деп жіберіп жатыр. 4 те басталады.
e_zhalgas
ол қандай жұмыс екен?
FaraOn1
барып келдім. керемет ұнады. осы үшін жұмысымды ұнатамын
info
ИәәӘ, қуанышты хабар
Nurshat
бір кино аударғанға мәз болып не жетті? анау қытайдағы қазақтар бұндай киноны қалғып отырып та аударып тастайды, қара киімдің түгіл ала, шұбар, қызыл, көк, жасыл блсада, жаңалық таппағандай, ұлттық арна осыны жаңалық қып берді, енесііі…
e_zhalgas
бұл — ресми аударма. түсіруші компаниямен келісіле отырылып аударылған.

ерігіп отырып, орыстар да тоқсаныншы жылы, ал қазақтар қазір де теледидардың бәрінде аударып жүр ғой
Nurshat
аударса аударған шығар келісіп, бырақ ол не береді? нені үйретеді?
Janasil
Аударып жатқандар кім? Дерек бар ма?
patick
Мынау жалпы жаңалық, ал мынау дыбыстаған актерлер құрамы.
Nurshat
бар жетеді сондағы XJTV-3, XJTV-8 ның кино аударма орталығы аударады… нақты қанша екенін білмеймін, бырақ қырғын… қазақша сайрап тұр…
zholantai
хехехе,
Аударып жатқандар кім? Дерек бар ма?
, саған бағытталмаған сұрақ еді,
Nurshat
Керектің админы ауысып кеткен бе? жауап беруге өтініш жасау керек пе? атын айтпағаны көрініп тұр ғой…
meirzhan
Бір-бірімізге мейірімді болайық, бауырлар!
Adiletshu
Көктем етіп көркейтсе де маңайын,
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,
Өшігуді қояйықшы өзгеге,
Кешірімді болайықшы, ағайын!

Көк нөсерін көл етсе де жауындар,
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,
Мейірімді болайықшы, бауырлар!

Болашаққа қол ұстасып барайық,
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,
Кішіпейіл болайықшы, халайық!

Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,
Өзімізге қалайтұғын нәрсені,
Тілейікші өзгеге де болса деп.

Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,
Қаратайық Қыбылаға жүздерді,
Таратайық адамзатқа жылылық!

Серік Қалиев
zholantai
Өткен жылы «Көліктер-2»-ге барғанмын, өкінішсіз шықтым. Әсіресе, Мэтр керемет дыбысталған. Оны да осы Азамат Қанапияев дыбыстаған еді. Көп сөзді қойып, көру керек,
Gastarbaiter
Камрибі қашан шығад?
Abilakim
«Мыңбаланың» камрибінен кейін бір айдан соң
patick
Сұрақ аптырға емес
vebred
Ал дубляж қандай студияда жүргізіледі… Жалпы, соңғы кезде дубляж мені қатты қызықтырып жүр… дауысты қайда барып қалдыруға болады екееееен деп ойланып қоям)))
Argyn
Фильм өте тамаша… 1-2 сөйлемдерді дұрыс құралмағаны болмаса… өте керемет жасалған жоба… Бұл да қазақ елінің бір шыққан биігі деуге болады...
Nurshat
Бұл түк те жетістік емес, биік болып та саналмайды
Argyn
неге… орыстар голевудтың киноларын өз тілдеріне аударып, орыс халқына ана тілінде ұсынады… біз де өз тілімізге аударып өз ана тілімізде көрсек оның несі айып? нені жетістік емес?
Nurshat
сонысымен жетістік емес, орысша көр, болмаса өзбекше, қырғызша, қытайша, қазақша көріп не қыласыз, онсызда ыл бойы біді екілі қазақша, дан кейін не көресіз, қайтып айналып ұлы орысшаға, текті ағылшыншаға қарайсыз дегенім ғой…
Argyn
Жарайды… өзің біл… дегенмен сенің ойыңмен келіспеймін… Қашанғы орысша көре береміз… өз ана тілімізде де көретін уақыт жетті… Өсу керек… биіктегілерге жету керек… кейін, олардан асу керек…
zholantai
ұлы орысшаға, текті ағылшыншаға
хехе,
анау қытайдағы қазақтар
уфф,
оның несі айып?
ооо,
олардан асу керек
еһ,
кетіңдер, нақ
Janasil
Аударып жатыр дұрыс қой, тек өз ішімізде қазақша екен деп ерекшелеп ұсынып жатқан прокатчиктер жоқ секілді. Өйткені мынау қазақша екен деп қызығып жатқан қазақтар шамалы. Сұраныс төмен. Неге қазақша емес деп талап қоюшылар жоқ. Бәрі бір. Орысша да түсінеміз ғой аударып не керек деген пиғылдағылар көп секілді.
patick
Бір қызығы қазақша дубляжды бастап жатқан орыс ұлтты немесе орыс тілді басшылары бар компаниялар. «Алаш! Қазақ» деп ұрандай кететін қазақтар қайда қалды осындайда?!
Argyn
ия, бауырым… осындайда қарның ашады… тіл үшін деп жүргендер тек ауызбен ғана айтып шектелетіні өкінішті-ақ… дегенмен мына жобаға Самұрық қазына да демеуші болғаның ұмытпайық)))
qisyq
Самұрық қазына да демеуші болғаның ұмытпайық
Самұрық-Қазына топ-менеджерлерінің ұлтшылдар екенін білмеппін
Gastarbaiter
Олар көк базарда қазақша порноның пираткасын іздеп жүр мың теңгеден
Janasil
«Алаш! Қазақ» деп ұрандай кететін қазақтар қайда
Олардың басы бұл жерден ақша жасауға жетпейді.
Gastarbaiter
кез келген жақсы идея нарықтық жолға қойылуы керек.
Argyn
қара киімділерді жасаушылар яғни қазақшаға дубляждаушылар голевудтық компаниялармен келісімге тұрып, жалпақ тілмен айтқанда байлап алған шығар… өйткені алғаш болып қолға алып, нәтижесін көрсетті..)))
Argyn
Ия, бауырым бұл пікірің де дұрыс… бірақ орысша да түсінеміз ғой деп бір бірімізбен орысша сөйлессек те болмайды ғой… өз тіліміз бар, сондықтан мұндай жобаларға қуану керек сияқты меніңше…
Gastarbaiter
Керек, керек не болд сонша, бір адам келіспеді деп
omarbirat
Биыл қазақша дубляждар жылы болатын түрі бар.
Nurshat
голевудтың кинолары қоқсық… тек шетелге шығаруға ғана жасалынған, одан алар ешқандай рухани азық немесе тамақ жоқ…
Nurshat
-1 недеген отаншылдық?
Abilakim
дұрыс, біз оларға шетелміз ғой, сондықтан да көрсетілуде
Gastarbaiter
Омар, қазақша гоблинді қашан бастаймыз??
omarbirat
Қиялда жүрген нәрсе, негізі. Бастау керек еді, күйбең тіршілік жібермей жатыр. Орекеңдердің «правильный перевод» дегені сияқты қазақша «Керек © аударма» деген нәрсе де бізде болуы тиіс деп ойлаймын өз басым
omarbirat
«Керек аударма» деп әдейі жазғанымды ескерте кетейін
Gastarbaiter
Конкурс ұйымдастырайық, озвучкаға осы жерде.
Кемінде 3 минут, максимум 7 минут болатын эпизодтарды дыбыстауға.
Nurshat
Минустағандарға алатаудай өлген рахмет...«Жынды көбелек отқа үйір» дегенді қай қазақ шығарсада басы тебеді екен. голевудтың кинолары қоқсық… атыс шабыстан қаншама жастар кетіп жатыр бақиға, олар сенің екі туып бір қалғаның болмаса да ұлты қазақ қой, кино адамға рухани ләззат бағыштйды дейді айтқыштар, ал біз Қ… Т… тар анау айтқандарға еліктеп, соларға уланып, атаңа нәлет әйтеуір шетел болса аузымыз ашылып жеті әкесі тіріліп келгендей қуанады, не керегі? қоқсыққа үйір....қоқсықтар
Gastarbaiter
Шетелде емес мәселе. Проффессионализм, еңбек.
Әйтпесе, әлемнің жылына шығаратын 1000 фильмінің 950-уі құсық боп шығады әдетте.
zholantai
атыс шабыстан қаншама жастар кетіп жатыр бақиға
))),
«Уай, көк бесті, есің болса суға шап, суға шап!»©