Диктатор кейпіндегі Борат


Әжуалаудың шебері Саша Барон Коэн ортамызға қайта оралды. Айта кету керек, оның өз фильмін премьера алдында жарнамалауда өзіндік тәсілі бар — бір жыл бойына (мүмкін одан да көп уақыт) соңғы шыққан кинокомедиясының образында жүреді. 2012 жылғы «Оскар» салтанаты мен Канн фестивалінде Алладин образымен басты назарда болған даулы комик, кезекті дүниесін экранға шығарды.

Бұл жолғы «Диктаторы» да «Бораттан» әрі аса алмапты. Тек псевдодокументалистика (мокьюментари) жанрынан алшақтап, классикалық операторлық тәсілге бет бұрыпты. Дегенмен, «Бораттан» айырмашылығы да, ұқсастығы та бар.

«Боратты» түсірер кезде өмірде бар елді таңдап алғаны үлкен халықаралық дау туғызғаны бәрімізге аян (әлі де Саша Барон Коэннің атына бағытталып жатқан қарғыс аз емес). Осы жолы артық проблеманы басына жүктемеуді жөн санаған секілді. Сюжет өзегі болған ел – ойдан құрастырылған Солтүстік Африка мемлекеті.



«Диктатор» — сюжеттік құрылымы жағынан «Боратты» қайталайды. Елінің диктаторы және барлық мемлекеттік органдардың басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан шақырту алады. Ол еліндегі ядролық бағдарламаны тоқтатып, демократияға бет бұрғанын жария етуі тиіс. Бірақ диктаторға демократияның да, басқа да жаһандық құбылыстардың қажеті жоқ. Өйткені ол өз қалауынша өмір сүреді, әлемнің танымал әрі хас сұлу әртістерімен ұйықтайды, халқына ойына келгенін істейді. АҚШ-қа өз делегациясымен келгеннен кейін, қарамағындағы көмекшілері сатқындық жасап кетеді. Нәтижесінде әмірші далада қалып, көшедегі қаңғыбастың күйін кешеді.

Диктатор Алладиннің образы әр жерден жинап құрастырылған кейіпкер дер едім. Оның бойынан қазір еліне диктатура орнатып, ондаған жыл бойына әмірші болып отырған танымал көсемдерді байқау қиын емес.

«Боратқа» қай жерімен ұқсас дейсіздер ғой? Өз елінен Америкаға сапар шегуінің өзі сюжеттің қайталанғанын аңғартты. Кішкентай мемлекеттен келген тұрғынды америкалықтардың фонында сондай бейшара, надан, топас етіп көрсетудегі сәйкестікті де қосып қойыңыз.

Екінші жағынан Саша Барон Коэнге тән астарлықты да аңғарамыз. Яғни бейшара ел туралы баяндай отырып, америкалықтардың тар шеңбермен шектелген түсініктерін келемеж етеді. АҚШ тұрғындарының қит етсе, бір жынысты некеден бастап ит-шошқаға дейінгі түрлі құқықтарды қорғап, митинг ұйымдастырғыш әдеттерін, арабтардың бәрін лаңкес санайтындарын, өзге мемлекеттерді төмен қоятын ақыл-саналарын күлкі қылады.



Осымен үш жобаны бірлесе атқарған режиссер Ларри Чарльз бен продюсер әрі басты рөлді сомдаушы Саша Б.К. фильмге актерлер таңдауда аса талғампаздық танытыпты. Бұрын пародия туындыларда көзге түскен Анна Фэрис пен әйгілі Бен Кингсли басты рөлдерде ойнайды. Сонымен қатар, бірқатар Голливуд жұлдыздарының да жобаға қатысқанын көреміз.

«Диктатор» фильмін еш астарсыз, жай көңіл көтеруге арналған дүние деп қарастыратын болсақ, онда кинозалға кірмес бұрын артық ойдың бәрінен арылыңыз. Өйткені мағына мен мәні бар сюжет көрмейсіз. Барлығы да топас және көргенсіз юморға негізделген. Қалай дегенмен де, ағылшын комигінің кезекті туындысы екі жақты пікір қалдырары сөзсіз. Тек араб елдерінің ашу-ызасына тимесе болғаны.

Баға:
6/10

Ернар Бекенов
Бөлісу:

20 пікір

zholantai
түр-сипаты келіссіз еді, қауға сақал тіптен бұзыпты, Қазақстанға әкеліп кірпіш құйдырып, мал бақтырып қою керек, соған ғана жарайды
asaubota
6 беріп отырсаң көрейік
patick
Мынаған ғана назар аударсаң көруге болады:
«Диктатор» фильмін еш астарсыз, жай көңіл көтеруге арналған дүние деп қарастыратын болсақ, онда кинозалға кірмес бұрын артық ойдың бәрінен арылыңыз. Өйткені мағына мен мәні бар сюжет көрмейсіз. Барлығы да топас және көргенсіз юморға негізделген.
Gulistan
еһ, Борат!
FaraOn1
мынадай эмоцияны соңғы суретке қарап шығардыңыз ба?))))
Nurshat
Боратыңа бұтақ ілдім… лібәәәәәә
FaraOn1
кеш қалдың ба деп қорқамын))) ол саған давно іліп кеткен өз бұтағын)))
Nurshat
ештен кеш жақсы деген…
omarbirat
Бораттектес топас әзіл СБК-ның өзіндік стилі болса керек. «Юго» (Hugo) фильмінде де аяғындағы темірі пойыздың есігіне ілініп қалғанда Боратты шырамыттым.
monti
не айтқысы келді екен? көрем деген тізімде еді, сен твитте псих.әсер беред деген соң тәбетім кетіп қалд
бұл баланы ел неге жеп көред? бұл жай образдағы актер ғо соны түсінбеймін, жек көрсе, яғни рөлін 100 пайыз ақтады деген сөз ғо
urimtal
Өте сауатты мазмұндама екен. Рахмет, Ернар!

Кеше либиялық және эритреялық группаластарыммен барып көрдік. Кино басталған сәтте ойым шашырап кетті. Кадрлардың жылдам ауысуы, қанық түстер, бір кадрда бірнеше адамның қатар көрінуі т.с.с. фильмді ойландыру үшін емес, күлдіру үшін әзірледі деп қабылдадым. Әйтпесе, мағына іздеуге тырысқанмын. Әрине, әр күлкінің де өз мақсаты бар ғой. Америкалық аудиторияға месседж жіберіп тұрғаны анық. Әсіресе, соңғы жағында демократия туралы жалынды сөздері айтылғанда залдағы қарқылдап отырған америкалықтар сілтідей тына қалды. Бізбен бірге залда отырған америкалықтардың көпшілігі әсересі Аладин арабша қырылдап сөйлегенде күліп отырды.

Кино басталғанда Африканың картасынан бір елді көрсетті. Эритреялық Қасым селк ете түсіт. «Эй, мынау біздің ел ғой» дейді. Сосын ойдан құрастылырған Уадия дегеннің арабша не мағына білдіретінен сұрап едім. Шамамен сүйкімді лақ дегенді білдіреді екен. Ешкі бағып жүрген «Аладиннің» ешкі/лақ құшақтап жүруі әрі сюжеттік линиядан сақалды алдыңғы орынға шығаруы содан болар деп топшыладым. Себебі ойша араб диктаторларын сүзіп шығып едік, ешқайсында сақал жоқ екен (Усамадан басқа). Басты кейіпкер атының Аладин деп таңдауынан саяси астар іздеуге тырысқаным бекер болды. Алладин деген атау да америкалықтарға Дисней арқылы жақсы таныс. Әйтпесе, мұсылмандар үшін Алладин (Аллаһудин (араб.) — Аллаһтың діні) құрметті тіркестердің бірі.

«Боратпен» ұқсастығы бар дегеніңмен келісемін. Басты ұқсастық — Америкалықтардың көзқарасын, өмір салтын келемеждеуінде.
Gastarbaiter
Мәссаған, Асхат, сенде СПГС.
meirzhan
Отандық кинотеатрлар мен прокатшылар бұл фильмді баннер іліп жарнамалап жатыр, көрсетілімге дайындық. Неткен намыссыздық
patick
Ешқандай сөлекетсіздік көріп тұрғаным жоқ.
meirzhan
Киноны тек коммерция көзі деп көрсек, әрине.
patick
«Диктатор» қазақтардың намысына тиетіндей ештеңе істеген жоқ сияқты еді ғой?
meirzhan
Бақса грим жақса да, баяғы сайқымазақ сол сайқымазақ. Басқа рольде болғанмен, әлгі атышулы фильмге продакшнына қатысы барлардың бәріне бойкот жариялау керек.
«Коэн киносына барма, барғызба!» деп айтатын тұс осы.
mercedes
Боря да шаршамайды екен