Керектіктермен алғашқы кездесуім

Мен бұл күнді расымен де ұзақ күттім. Имандай шыным. Басымда қанша шаруа болса да ысырып қойып Жалғас айтқан керекпатиға бардым. Бұл жолы бармасам, болмайтын сияқты көрінген етін

Мен барғанда Димаш, Жалғас Ертай, Ернар Бекен, Ербол ағай, Айнұр Ракишева, Мадлен, Айқаракөздер болған еді. Кеткенше де солар ғана болды. Барлық керектіктер болмаса да, өзім жақсы көретін Қисық, Ертай Жалғас (Ернар Бекенге онша сезімім жоқ) және қыздармен танысып, бетпе-бет жүздескеніме, тіл қатысқаныма шын қуандым)) Сол баяғы, дәл осы керекинфодағыдай атмосфера. Еркіндік, шынайы болмыс, қызу талқы деген сиқты кете береді…

Қисық — отырған, тұрған беті красавчик екен сол бұрынғыша. Жалғас — тым ақкөңіл сияқты көрінді. Мадлен — аққұба,қарақат көз. Айқаракөз әңгімені джынды айтадкен және күміс қоңырау күлкісімен тәнті қылды Айнұр — ерке қыз. Ернар мен Ерболдың есімдері ұқсас сияқты көрінді маған

Содан сол, жатақханаға үлгерейік деп ерте қайтып кеттік Айнұр екеуіміз. Керектіктермен алғашқы кездесуім осылай болды. Мен қуаныштымын. Бары осы ғана
Бөлісу:

24 пікір

Aya
1) Сатыбалды деген кім? Болмаса — не?
деген зат айтылған жоқ
madlen
Бүгін одан басқа тақырып актуально болып кетті, кешіресің енді
19852407
Ернар Бекенге онша сезімім жоқ)
Мяссаған, суръезное заявление
madlen
Ернар Бекенге онша сезімім жоқ
madlen
Сендер кеткен соң тағы біраз әңгімелестік, дүкенге 8-этаждан бірнеше рет түсіп келдік, күлдік әбден, мультик көрдік, арасында ұйықтап алдық, сосын шәй іштік печеньемен, сосын қайттық.
Aya
Сол біз сегіз этаждан әрез түстік. Қараңғы және. Жатақханаға үлгермесек те апай оп-оңай кіргізе салды
sigma
Осындай екенсіңдер ғо, дедім де жатаққа кеттім де.
Менімен де солай танысқан бұл керектің Алматылық қыздары.
Aya
ия, кәдімгі адамдар екен ғо ә деп))))
19852407
кәдімгі адамдар екен ғо ә деп
Aya, ештеңке етпит, үйреніп кетесің.
Мен де көрмей тұрып бәрін асқабақбастылар деп ойлағам
Adiletshu
Еще сөлейді ма екен
edige
Жалғас — тым ақкөңіл сияқты көрінді.
«Сезімім алдапты» дегенмен бітірмек болдыныз ба
AKA
Мен бұл күнді расымен де ұзақ күттім. Имандай шыным.
Иәәә, барғаның дұрыс болған екен.   Суреттен көрдім
SaryQazaQ
ішімдік жағы қалай болды?
asaubota
бұлай сұрау әбестік болар. әрине ештеңе ішілмеген, ұлдар мен қыздар бөлек отырған.
Aya
SaryQazaQ айтылған сөздің барлығын тура мағынада қабылдайсыз ба?!
aikarakoz
уууу, Ая, сенімен танысқаныма өте қуаныштымын! Сені онлайнда қатал қыз деп елестетуші ем  Сызылып, күліп қалған сылыу қыз
qisyq
Қуаныштымын… қуаныштымын…
AKY
Мен барғанда Димаш, Жалғас Ертай, Ернар Бекен, Ербол ағай, Айнұр Ракишева, Мадлен, Айқаракөздер болған еді. Кеткенше де солар ғана болды.
ғық-ғық
e_zhalgas
рахмет-рахмет. қуаныштымын-қуаныштымын
Aya
Мен де аса қуаныштымын)))
serjan
Ернар мен Ерболдың есімдері ұқсас сияқты көрінді маған

Меніңше дыбыстық айырмашылықтар бар.
ana
Бұл күн бізге қашан туар екен. Әлде тұрмыс құрғандарды кіргізбей ме бұл патиге
Aya
Армандар орындалаД)))) Армандай беріңіз.