Қоғам қайраткерлері түрік сериалдарына қарсы



Танымал саясеткер Марсель Көшімхан және қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов елімізде соңғы жылдары көбейіп кеткен түрік сериалдарына тосқауыл қою туралы Мәжіліске ұсыныс әзірлеуде. Қоғам қайраткерлерінің айтуынша түрік сериалдарындағы интрига, қастандық, меланхолия және трагедия мөлшерден асып кеткен. Халқымыздың рухани жағдайына үлкен әсер етеді, келешек үшін үлкен қауіп дейді қайраткерлер. Бұл туралы өздері ұйымдастырған баспасөз-мәслихатында мәлімдеме жасалды.

Қуантай Бақтыбайидов:

Түрік сериалдары туралы кең көлемде сараптама жасадық. Сериалдардағы қандай факторлар адамға қаншалықты әсер етеді және олардың пайыздық мөлшерін анықтадық. Нәтижелері мынадай:

  • Интрига 21 %
  • Қастандық 17 %
  • Меланхолия 14 %
  • Трагедия 16 %
  • Сериал музыкасы 26 %
  • Сценарий 6 %

Яғни, бұл көрсеткіш адам психологиясына әсер беру жағынан өте жоғары, мөлшерден тыс көрсеткіш. Нәтижесінде адамдар бір біріне сенбейтін болып бара жатыр. Сенім азаюда. Бұл дегеніңіз өте маңызды фактор!

Марсель Көшімхан:

Мысалды алыстан іздемейік, менің әріптестерімнің мінез-құлықтарына, қылықтарына қараңыз. Соңғы кездері әріптестерімнің көбісінің көңіл-күйлері нашар, бақытсыз, жүректері жаралы, мұңды, алданып қалған кейіпте. Жүріс-тұрысымызда баяулық байқалады, жәй сөйлейміз. Бір нүктеге ұзақ қарап қалатынды шығардық. Бұл ештеңе емес, күніне 3 түрік сериалы қарайтындардың жағдайлары өте жаман. Бір бірінің әңгімелерін тыңдау, өткен өмірлеріндегі қара дақтарды іздеу, жоспарларын сәтсіздікке ұшырату, өсектеу, жасырын қатынастарын көпшілікке ашып қою, жоғарыдағыларға жақсы көріну үшін істелетін айлалар, құпияларды жария ету сияқты неше түрлі әрекеттер жасалуда.

Кешірерсіздер, жарты сағаттан кейін КТК-дағы сериалым басталатын еді. Осымен баспасөз-мәслихатымызды аяқтаймыз. Сұрақтарыңыз болса менің көмекшіме хабарласарсыздар. Сау болыңыздар!
Бөлісу:

73 пікір

Korkem

Кешірерсіздер, жарты сағаттан кейін КТК-дағы сериалым басталатын еді.
Пікір өшірілді
Nurshat
о, ШЕхххризат, Ооонур бақтты болыңдар ұлттық арна
satvaldo
емааа, Пусуды қойып қойыпты. кагбұтты ҚЗда көрсететін секілді, қасқалар :ҚҚҚ
asaubota
бірінші сезонын көрсетпеп пе еді? мен көптен қарамай кеткем, енді қарап жүрмін.
omarbirat
Серияларының бәрін көріп, қуып жете алмайтын болған соң, Fasebooke сайтындағы жаңалықтарымен шет-жағасын танып жүргеніме қанағат қылып жүрген жай бар. Сериалды толық көріп жүргендер бар болса, сұрақ: Полат "өлді" ме, әлде тірі ме?
asaubota
Полат тірі. қызы қасында. өзі Инджиге үйленді, екеуі бала күтіп жүр.
omarbirat
Өткен жолы «Полат вурулду», бірдеңе-бірдеңе деп жатыр еді. Мематилер ол хабарды естіп, біраз абдыраған сияқты. Содан кейін қайтып келді ме екен дегенім ғой.
kokbori
Бұл сериал әлі болып жатыр ма? Баяғыда бітіп еді ғой?
omarbirat
Жалғасы болып жатыр. Қазір 150-інші серияларына келді.
kokbori
қай канал екен?
omarbirat
Түркияның өзінде болып жатыр.
satvaldo
Әзрайыл-Мематиді ойнаған қорқынышты адам кетем деп қылқылық салған соң оны осы апта "өлтіріп" жіберейін деп жатыр. ұзын құлақтың айтуынша, алдыңғы жылы үйленген Гюркан Бейдің қатыны бұл жобада күйеуінің әрі қарай жалғастыруын қаламайды-мыс. қызғаншақ, епті. өзі де «тәубе еттім, шаршадым, демалам» деп құтылмақшы журиктерден. дизиде онсыз да Мематиді бар қырынан жағымсыз қылып көрсетіп келді соң бөлімдерде. Ағам деген Чакырдың қызымен некелесіп, тойды күтіп жүр…
ПыСы 3 аптадан кейін маусым финалы болады. соған қарай бірнеше адамды Полат «Ататүрктің жағалауына» аттандырады. Себеп: КВП-да КВТерөрдің тақырыбы ашылды. Панафильм өз дегеніне жетті…
asaubota
тыштың satvaldo. мен әлі 138-де жатсам. бәрін айтып қойғаның не?
satvaldo
Полатты іздеватырмедіңдер? тезірек табылсын, у)ста
asaubota
айтпақшы Америкадағы Федя ағай КВП туралы не дейді? қарау джаиз ба?
satvaldo
квп туралы бәлендей жақсы-жаман ештеңе айтқан жоқ. әркім өзінің қызметін адал атқару керек екеніне тие кетті, бұл халықтан ақиқатты жасырудың дұрыс емес екендігін айтқаны бар осы тектес фильмдер турасында берген вьюда. фильмдегі Өмер "әкейдің" нақылдарында өнеге бар екенін айтты. ал қантөгіс пен агрессив сахналардың неғұрлым аз болуын немесе альтернатив жолмен ұсынуды жөн көретінін айтты.
ПыСы ескі бөлімдердің бірінде Өмер баба жұмадан келгенде Назифе анненің "қайдан келдің?" деген сұрағына «махаббатымның алдынан келемін» деген еді. оған Назифе анне ренжіп «мен сенің махаббатың емеспің бе?» деп бұртиған. сонда «сүйіктім — Аллаһ, ал сен — махаббатымның берген сыйысың» деген жауабына Дядя Федяның өте тәнті екенін жеткізгені бар.
ПыСыСы Анкарадағы "өнерде" оқитын юлкюджю бір амигоның айтуынша, Панафильмге ескі истихбаратчы шакиртлердің қатысы бар екен. соған басым қатып қалған. альтернатив соққы, шшс…
asaubota
қатысы бар шығар деген ойдамын мен де. өйткені кинода барлық тақырып бар да, сол жамағат туралы ештеңе айтылмайды. ал, Панафильмнің мықты информаторлары бары сөзсіз.
Adiletshu
Федя деген Гюлень ба
omarbirat
Иә, Федя деген Гуля ағай
omarbirat
Мұғалімдеріміз бен біраз тәрбиешілеріміз осы сериалдың фанаттары болғанына қарағанда, джаиз болса керек.
asaubota
мен 7 жыл Түркияда жүріп осы сериалды мүлдем қарамаппын. осында келгесін қазақшасын көріп, қызығып кеттім. енді ауру болып кетті. жақында бітеді деп жатыр. сосын қайтадан ең басынан бастап қарайтын шығармын.
kayipruh
Efsane Kurtlar Vadisi Pusu биыл 10 жаста
satvaldo
Панафильм сценаристері ескі және қазіргі барлау қызметкерлері. Кадирияджылар жасағаны белгілі. ал Хизметчиктердің қатысы бар екенін тедбирлерінен көрініп қалатын секілді…
asaubota
кеше 144-серияны қарадым. жамағатта үлкен аға (büyük abi) саналатын Искендер Паланың кітабының жарнамасы өтті. соған қарағанда бар ау қатыстары
satvaldo
үлкен ағасы М.А.Ш. деп жүрсем мен. енді естідім…
asaubota
жоқ, жалпы үлкен ағалар саналатын бір топ бар ғой, мен солардың бірі дегенім ғой, лидер ретінде айтқан жоқпын.

сосын бір байқағаным фильмде Ататүрік туралы, оның ілімі туралы дым айтылмайды. оның портретін де жақында ғана көрдім, бұрын байқамаппын.
ruben
Пашаның суреті бар ақшаны канализацияға тастаған Полат: «Абдулей, бес лира — кейде үлкен сома!» — деп миыған күлді өткенде. Аталарына шаң жұқтырмайтын бөлік улап-шулап қойды. Панафильмге Пы ғой
П.С. «Фильмді түсіретіндер «Зе Джемаат» емес, мюспет топ саналатын башбаканның тілеулестері екен» деген сыбыс шықты каналдардың бірінде өткенде.
Nurshat
Мың бір түн болсада, бітетін кез келді ғой, недеген түгемейтін ертегі.
ademi_alem
Былтыр осы уақытта "Қазақстан" арнасынан «Дениз» атты сериал болып жатқан, әлі бітпепті. ))))) Актерлер өмірде кім екендерін ұмытып қалған шығар.
19852407
Сериал қарайтындардың обалы режиссерлерге және өздеріне

Қосып қалдым. Бүгін Дениз бен әлъгі жігіті кімъ еді? Шай ішпекші болвотырекен,
алдында бір неткенде ұрсысватқан, оның алдында құшақтасып тұрды,
оның алдында бір басвқалғанда екеуі сөйлеспей жүрген… бррррр, простыМарияңдысс
kokbori
Дениз жеген оттаған дүние ғой, жай ғана күнде кешкісін маған шайды уақытында ішкізбеу үшін түсірілгендей. Ол бітпей ас жоқ. Сондықтан жұмыстан шығып алып, далада жүрем Дениз біткенше, фууу
ademi_alem
)))))))))))))))
kokbori
үнсіз күледі екенсіз @ a63al
Zhan
Осы қанша жерден жыныма тисе де «Денизді» көреді екенмін. Себебін өзім де білмеймін.
Dinara
Дениз сондай, мыжың болған сайын адамды өзіне байлай бере ма бірнәрсе.
Осы жақында Алдараспанда да осы Денизді салыпты, күн тәртібінен түспейтін тақырып болған соң шығар
satvaldo
қоғам қайраткерлері, шамалары жетсе 1 минут 09 секундынссс, «мухтешем юзйылды» алып тастасын. ТР-де РТҮКке ең көп жалып түскен кино. Кануни Султан Сүлейманды «азғындаған мал» қып көрсетеді. ергенеконджулардың шылдыр батпағы. «түрік падишахтары шынымен анәндәй болғамба?» деген тәрізді сұрақтардан зыбым шықты…
asaubota
ол сериал Түркияда рейтинг бойынша 1-ші болып тұр ғой, ол жақтағылар не деп жатыр?
satvaldo
RTÜK шикайет хаттына бұл фильмге қатысты екі мыңға жуық шағым түскен еді өте қысқа уақытта. деринджилердің тұяқ серпістері ғой, шшс. әжептәуір адамды бір Роксалана интригасы үшін гарем сұлтаны ғып көрсеткен. кинода шындықпен сәйкес келмейтін тұстары көп. мысалға, Кануни Сүлейман, Османлының өрлеп тұрған кезінде хан болған, Еуропаға-Африкаға жасаған жорықтарға тура өзі тікелей қатысқан. андай кадех ұстап, гаремде отыратын адам болмаған. өз заманының «мен деген» діни лауазымдыларының өзі келіп, одан пәтуа сұрайтындай білімді адам болған… опшым, сценарий жазғандар не Османлы тарихын білмейді, не әдейі осылай жасап жатқанға ұқсайды…
sabalak
Сулейман великолепный деген сериалды үзбей карап жүрмін! тұнып тұрған тарих! Осман империясы туралы! қарап жүргендер бар шығар!? өте қызық дүниее!
dark_nazgul
Әрине, түрік сериалдары көп каналда жұрт ең теледидар қарайтын (кешкі тамақ ішіп отырып)уақытта тұрады. Оның орнына «парламент сағаты», "әкімнің үкімі", «Шенеуніктер бүгін реалда не бітірді», «Депутаттың үйіндегі бір күн» сияқты экстрим-реалити-шоулар берсе, билік басындағылар халыққа жақындай түсер еді.
meirzhan
Жүріс-тұрысымызда баяулық байқалады, жәй сөйлейміз. Бір нүктеге ұзақ қарап қалатынды шығардық.
Gastarbaiter
Уж не не, ал түрік сериалдарынан мүлде хабарсызбын, жалпы американ сериалдарынан басқа сериалдар туралы бірдеңе білем деп мақтана алмаймын.
janarbek
йә шет ел серяларын жолатпау ұшін өзімізде болмағанда ортан қол бірдемелр болу керек қой
asaubota
мақсатыңа жетіп жатырсың
Түрік сериалдары адамның психологиясын бұзады

Сериал синдромы

тағы бір өте беделді бір газет бар, бірақ сілтемесі жоқ. өйткені админін танимын. сайтқа әдейі шығармаған екен газетке шыққанымен
Janasil
Танымал саясаткер Марсель Көшімхан мен қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов
sammita
қайдан тауып аласыңдар
sammita
Саясаткер Марсель Көшімхан және қоғам қайраткері Қуантай Бақтыбайидов елімізде соңғы жылдары көбейіп кеткен түрік сериалдарына тос­қауыл қоюды мәжілістің алдына мәселе етіп қоймақшы екен.
aikarakoz
Ішім-ай…
alisha
Негізі жақсы екен, иә
aikarakoz
Ең болмаса Рафаэллоның атын жазса қайтеді астына, аптырдың еңбегін ескеріп
sammita
ақпаратты анықтамақ түгілі, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер туралы хабары да жоқ екен кей журиктердің
aikarakoz
Соны айтам да ық ық
alisha
суреттерін ілмегеніне шүкір деңдер
Rafaello
Білем ол газетті, Астанада ғой

Ана екеуі маған жаңалық болды. Тізіміме қосып алдым, рахмет!
Zhan
Жүріс-тұрысымызда баяулық байқалады, жәй сөйлейміз. Бір нүктеге ұзақ қарап қалатынды шығардық.
Осы жолдарды өмір бойы ұмытпайтын шығармын.
meirzhan
Мен де ұмытпаймын, қалай дәл әрі күлкілі айтқан )))
Әсіресе Онур, Полаттар бір нүктеге қарап тұрып алатын ))
Zhan
Айтпа, кеше үйде жүрген кезде дәл осы коммент есіме түсіп кетіп, өзімнен өзім тағы бір күліп алдым.
alisha
Мақаланы жазып отырған Назерке ме, кім еді, әлгі   жүрісі баяулап қалған, жәй сөйлейтін, бір нүктеге қадалып қалатын саясаткерлер тобырын кішкене болса да көзіне елестетіп көрсе қайтеді екен

Бұттан кетудің қандай болатынын бүгін түсініп жатырмын *(
asaubota
Бұттан кетудің қандай болатынын бүгін түсініп жатырмын

мен де баяғыда түсінбейтін едім, бір күні көзден кетті, сосын бұттан

ана 2 косяк туралы ақпаратпен Нұрберген бөлісті. тағы бір газет бар еді, оның енді беделі слишком үлкен. айтуға ұяламын, таныстар бар
sammita
ол жайлы кеше естіп қойдым Нұрбергеннен
alisha
Жалпы сол фамилияларды гуглдетіп табуға болатын сияқты
Rafaello
Сұрақ және Жауап сайтында жақсы жауап болдық

www.surak-zhauap.kz/171361/?show=171379#a171379
konvict
Қытайдың «Жэньминь жибао» Рафаэлло тектестерге ұрынып қалған сыңайлы
www.bbc.co.uk/russian/society/2012/11/121127_china_onion_kim_spoof.shtml