Жазалар әлеміне саяхат: Шоқындыру

(Жалғасы, басы мұнда)

Кондуктор атаулы қауымнан зәрезап болдық. Мен күн сайын жұмысқа бір бағыттағы автобусқа мінемін. Сол автобустың кондукторы өзін қо­ғамдық ортада ұстай алмайды. Ылғи аузынан боқтық сөздер шығады. Бұл жолау­шыларға ыңғайсыз тиеді. Сұрайын дегенім, мұндай кондукторларға жаза қолдануға бола ма?©
Сабина ТҰРСЫНҚЫЗЫ, Алматы қаласы

— Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар!
— деп шетте тұрғандар қосыла кетті.

Лордтар мен Герцогтардың және тағы бір-екі V.I.P.-сымақтардың құптаған ишаратынан кейін, кластас жендет қолымды шешіп, мойнымдағы белбеуді босатты. Тістерімнің арасынан ұйыған қан қылт-қылт етіп, ақсия жымиып, аспанға қарадым. Иса Мәсіхті көрмедім, бірақ қарсымдағы барокко стиліндегі күмбездің үстінде бір қара қарға менен көзін алмай қарап отыр екен.

Бір кезде әлгі жендет үстімдегі киімді сыпыра бастады. Бұлар тағы не ойластырды деп ойлай бастағанымда, "Қазір сені шоқындырамыз, мынаны аузыңа салып ал білдіртпей" деп маған бір уыс былғары түйіншекті аузыма тығып жіберді.
Көмекшісі екеуін мені аяғыма тұрғызып, тік тұрған бағанға қолымды артыма салып байлап тастады.
Сөйтті де, тағы бір екі ергежейлі жендет екі шетінен қысқашпен қысып, қайнаған қорғасын құйылған құтыны алып келді.
"Қорғасын сепкіш" деп аталатын мынадай құрылғыны құтыға батырып алып,
— Уа, Жаратқан Ием отарындағы қозыңа мейірім шапағын шаша көр,Құдай Әке, Ұл және Қасиетті рухтың атымен, Аумин -деп басыма, екі иығыма, қарныма жылтыраған сұйық металды сеуіп-сеуіп кеп жіберді. Аузыма тығылған былғары түйінді итше ырылдап тістелей бердім-тістелей бердім. Қос аяғыма ие бола алмай, алма-кезек ауаны тепкіледім де қойдым. Есімде қалғаны тек басыма түскен алғашқы тамшылары ғана. Ол тамшы құдай қорлағанда маңдайға емес, көзімнің ұңғысына түсіп, қарашығын ағызып, мұрын қуысын қуырып, лып етіп таңдайымдағы тесіктен тіліме жеткенде бір-ақ суыды.
Одан есімді жиям дегенше, денем шұрқ-тесік болып, құйқаның күйген иісі жазалау алаңын алып кетті.
— Өмір! Өмір! Мейірім! — деді бір кезде обедтің уақыты жақындағанын сезген қызыққұмар жамағат.

Жанашыр Вальдемар тыпыр-тыпыр етіп ақтық азабымды шегіп жатқан менің шала жансар денемді бөренеден шешіп, екі аяғымнан сүйреп, зынданға алып кетті.


сурет: www.listaholic.com
(Жалғасы бар)
Бөлісу:

12 пікір

kokbori
Өзіңді Қайырхан сезініп отырып жаздың ба?
Gastarbaiter
О кісінікі күміс емес пе, біздікі қорғасын ғой, Жошыханыңдыссс
kokbori
Қорғасын деп те айта береді ғой
Gastarbaiter
Күмістің балқу температурасы жоғарырақ, тірі қалу мүмкіндігі де азырақ деп болжап отырмын. Мөлшеріне де байланысты ғой, мында тек тамшылар, көбіне тергеу үшін қолданылған, немесе басты өлім жазасының алдында жамағатты қыздыру үшін.
Ия, кешкі жазаға тартылғандар оңбады.
Adiletshu
о дүниеден айтып жатыр ма?
Gastarbaiter
Бұдан майып болмасаң, өле қоймайды екенсің.
kokbori
КетЧ, бұдан да тірі қала ма екен?
zhanibek_nurish
ақтық азабын шегіп жатқан денені зынданға алып кеткені еріксіз күлкі әкелді,
Nurshat
Иса Мәсіхті көрмедім, бірақ қарсымдағы барокко стиліндегі күмбездің үстінде бір қара қарға менен көзін алмай қарап отыр екен. сонда қарға жазаланушының өлімін күтіп отыр ғой. қазақ даласындағы аштық жылдары да қаншама қарға-құзғынға жем болды алаш баласы…
satibaldi
Иса Мәсіхті көрмедім, бірақ қарсымдағы барокко стиліндегі күмбездің үстінде бір қара қарға менен көзін алмай қарап отыр екен.
Шедевр!
Gastarbaiter
Негізі скучныйлау жаза, халықты хоррорға біртіндеп дайындап, дессертке сақтап, былжыра-а-аап отырғанымда, жастар оқырманның жағасына тап беріп, хард-кордан бастап кетті.
satibaldi
Иә, сериялық жазбаның басты қиындығы да сол: жайымен жылыстап жеткіземін деп отырғаныңда, көлденең гей аттылар дәмді жерін бұрқ еткізеді.