Жазалар әлеміне саяхат: Шоқындыру

(Жалғасы, басы мұнда)

Кондуктор атаулы қауымнан зәрезап болдық. Мен күн сайын жұмысқа бір бағыттағы автобусқа мінемін. Сол автобустың кондукторы өзін қо­ғамдық ортада ұстай алмайды. Ылғи аузынан боқтық сөздер шығады. Бұл жолау­шыларға ыңғайсыз тиеді. Сұрайын дегенім, мұндай кондукторларға жаза қолдануға бола ма?©
Сабина ТҰРСЫНҚЫЗЫ, Алматы қаласы

— Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар! Шоқындырыңдар!
— деп шетте тұрғандар қосыла кетті.

Лордтар мен Герцогтардың және тағы бір-екі V.I.P.-сымақтардың құптаған ишаратынан кейін,
Әрі қарай

Едіге Алаң По. "Типографияның ақыры"

(Жалғасы. Басы — «Мектеп директорының өлімі»)

"… Ал енді проза да жаза алмайтындар — ана… тағы қандай жанрлар бар еді? Аха, папье-машьеден мүсін жасауға кетсін, ссуки!!!" © AKY

— Түсінсеңізші енді Сергей ағай, ең болмаса мейрамдық санын түрлі-түсті етіп шығарайықшы!

— А немене, «Офсет-Әсет» түсті қылып баса аламыз дей ме?

— Әрине жоқ. Ренжімеңіз иә, бірақ турасын айтайын: сол «Офсет-Әсет» деген типография — дүниедегі ең-ең-ең артта қалғандардың, надандардың ордасы!

Мына сөз Сергей Қарамырзаның шамына тиді. Өзінің үлесі бар фирманы тұқыртқаны шымбайына қатты батты. Атып тұрып, «Сен кімсің өзі, сүмелек?» деп, жұмыстан айдап шыққысы да келді.Сол мақсатпен тіпті орнынан түрегелгендей де болды. Бірақ Сергей Қарамырзаның жастау шақтағы қызбалау ұрдажық мінезі уақыт өте келе пайдакүнемдікпен өлтірілген болатын. Біріншіден,
Әрі қарай

Мақта және қорғасынның жалғасы

Кеше қайсысы ауыр? деп пост жазып едім. Небәрі 35 әріптен тұратын сөйлем үшін ол жақта кішігірім соғыс болды. 95 коммент жазылыпты. Өзімдікін алып тастағанның өзінде де комменттердің саны азаймайды. Елді әуреге салатындай сұрақ ауыр ма еді? Жоқ! Бір
Әрі қарай

Әрбір қазақстандыққа - 500 000 фунт стерлинг

(53.93 Kb, 300x299)

Кеше Үкімет үйіндегі алқалы мәжілісте үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап күшіне енетін ел тарихындағы елеулі Резолюция қабылданды. Резолюция мәтініне сәйкес, елдегі қазба байлықтарынан түскен пайда есебінен бірінші кезекте Республиканың 119, 2 миллиард доллар көлеміндегі сыртқы қарызы жабылып, маусым айынан бастап туылған әрбір нәрестенің жеке есепшотына 500 мың фунт стерлинг аударылатын болады. Бұл сомаға есепшот иесі кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана иелік ете алады.
Әрі қарай