Ух, шаршадым көргім келмейді

Шын айтам. Мүлде көргім келмейтін бір нәрсе — сериал. Осы сериалдардан кім не алады, жастар өзіне қандай тіәрбие алады деп таң қаламын. Өзімнің байқағаным менің 4 жасар қызым сериалдан тіл үйренеді. Онда да, «Бахри әйелінің көзіне шөп салыпты» деген секілді. қай сериалды ашып қалсаң да, ақымақ болып жүрген біреу, өзіне-өзі сенімсіз жандар, солар тудырған жанжал, баянсыз махаббат, немесе арсыз адам… Бұл әңгіме ұзын-сонар кете береді. Жоқ деймін ау сол сериалдардың беретіні аз, тәрбиелік, эстетикалық жағынаи да. Тарихи сериалдар болса бір сәрі…
Күндіз жұмыста сериал, кешке үйге келсең, екі жақта екі түрлі сериал. Біреуін күйеуім, екіншісін ата-енем мен балаларым көреді.
Сосын қызым жыр қылып ол сериалда не болғанын айтып береді. Сөйтіп сериалмен ғұмыр өтіп жатыр.
Ал, сол екі ортада кухнядағы менің өмірім… Сонда мұндай өмірден қызық не, менің жаныма кім келіп, ішкі ойыммен кім бөліседі… деп отырмын. Балаларым мен күйеуімді сериалдың тағдырынан қалай құтқарсам екен))
Бөлісу:

10 пікір

patick
Бәрі өз қолыңызда емес пе? Бірнеше нұсқа ұсынамын:
1. Жұмысыңызда видеомұрағатқа кіріп, бәрін өртеп жіберіңіз
2. Кино өнімдерін сатып алумен айналысатын бөлім қызметкерлерін атып тастаңыз
3. Эфирлік-аппараттық бөлмеге немесе хабар тарататын аппараттар орналасқан бөлмеге кіріп, жарып жіберіңіз.
aikarakoz
Нұрберген Ң стайл
vebred
Жоооқ атым шықпай-ақ қойсын, бірақ өртемеймін...)))
a63a1
Келісім шарт сәтсіз аяқталған-ау шамасы))
vebred
Сол басталмай жатыр ғой… келісім шарт жасасу басталса… бірақ келісім шарттың түк қатысы жоқ…
a63a1
ЕНд жазбаңыз 90 градусқа бұрылып, сериалдарды жамандап шыға келгеніңізге қарағанда солай деп қиялдап отыр едім.
kokbori
Сол өзің көргің келмейтін сериалдарды бізге пихайт етіп, зайыпты алып болып едің ғо
vebred
)))) ха ха ха негізі мен бастаған жоқпын «пихайт» етуді Аршат пен Нұрғиса ғой түрік сериалдарын көріп… менен бұрын көрігін қыздырып қойған… сосын батпан құйрықты менде пайдаландым))) Әлі де пихайт етем… тек сол үшін ақша төлегім келеді)))
kokbori
тек сол үшін ақша төлегім келеді
мына сөзің құлаққа жағады