Білім жүйесі. Акт #1 - Перпетуум мобиле.

«Менің әкем де, оның әкесі де, оның әкесі де, оның әкесі де самурайлар болған.» ©Самурай Фигуси.

1960 жылдар. ЖОО-лар. Елде шаруа тастан асып жатыр. Бірақ қыз-жігіттер сонда да, кешкісін оқыса да оқуларына үлгеріп жатыр. Кешке оқиды, сырттай оқиды, әйтеуір оқиды. Алқашқы техникалық толқыннан бірен-сараны болмаса, ұстаз жетіспегендіктен, көбісі бірден оқытушы болып, оқу орындарында қалдырылды.

1970 жылдар. ЖОО-лар. Көзі ашылмаған қаззақтың ең бақытты онжылдығы десем, ешкім тасымды шауып алмас. Көңіл — көтеріңкі, қалалық қаззақтар табы пайда болды. Епті, ең аяғы — «Досмұқасан», ал шешесс. Халық саны да Шива оңдап, тез өсуде, буддағашүкір. Маман жетіспеушілігі әлі ушығып тұр. Аз-мұз қолынан бірдеңе келетін инженерді Мәскеу дереу өзіне бұйрықпен алдыртып алады. Елде болса, әлі жетіспейд. Сондықтан, бұл толқынға да өндірістің иісін сезбей-ақ, бірден ұстаз болып қалуға тура келеді.

1980 жылдар. ЖОО-лар. Парақорлық норма болып үлгерді. Сол кездегі таксалардан: журфак — 5 жылқы (5 жыл бойы соғым сезонында үзбей тұру керек) + 1 000 сом; заңфак — 10 жылқы. "Өз басымен түсті!" деген мем сол кезде пайда болған айтпақшы. Ол былай. Ауылда оқуға түскен баланың үйі тойға қамданып жатады. Әрине, әрине, кешегі ұрдажық Аралбайдың өз бетімен оқуға түскеніне ешкім сенбейді, бірақ көршілік-ауылдық субординация тағы бар. «Ма*ма, ол қалай оқуға түсті?» деу ұят, ол қазззақ қоғамының классификациясында «күндеу»,«көре алмау» деп есептеледі және бес жылдан — он жылға дейінгі сөйлейспеу жазасына кесіледі.
Сонымен тойға "құттыболсын" айта келген адамға, сол үйдегі адуындау біреу қараптан-қарап "өз басымен түст!" деп, тап береді! Сен де рөлге кіріп кетесің: «Иә, иә, Аралбай ар жағында өзегі бар мықты бала ғой, мектепте со мұғалімдерден артық білетін болғасын, қырсығып оқымаған ғой» дейсің. Аралбайдың үйі мұндай комплименттерге әулетімен бірге бітіреді.
Ал елде мамандар әлі жетпейд. Ендеше тіпті Аралбай, КГБ мен МВД қызықпағасын, өз заңфагында оқытушы болып қалдырылады. Ал өндірісті — тұра тұрыңдар, осы жері мықты! — өндірістегі адамнан сұрап алып тұрады!!! Үшінші толқында әлі практика жоқ.

1990 жылдар. Тәуелсіздік ала сала бірдеңе боп қалд деп ойламаңдар нақ. Парақорлық тіпті өршіп кетті. Өндірісте әлі — училище бітірген Ваня-Санялар, олардан білімі жоғары қаззақтар — олардың бастығы. Оның үстіне, шетелдік техникалардың қалай озып кеткенін көріп, ешкім техника оқығысы келмей қалд. Өзің ойлаш: электронды лампалар туралы видеоматериалды — толығымен микросхемадан жасалған телевизордан көріп отырасың. Солай: оқу программасы әлі 70 жылғы.
Осы кезеңдерге байланысты «NOKIA» компаниясының тасынан өткен бір хикаяны айтып өтпеске болмайды. Айтпақшы, өтпеске көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті, келесі жылға дейін шашым ағарып кетед шығар. 1993 жылдары финдер Алматыға келіп өздерінің радиотелефондарын орнатып, сатып, сәтін салса — өндірмек болады. Сонда жергілікті ЖОО-лардың барлығына телефон соғып, істің ең болмаса принципін түсініп алатын бір де бір маман таба алмайды! Өздерін академикпіз деп жүргендердің өздері мыңқылдап, біздер теоретикпіз ғой, ыххы-ыххы деп шығарып салады. «NOKIA» сосын өз зауытын тек Петірборға салуды шешеді.

2000 жылдар. Президент, Премьер-министр, Сенат төрағасы, мәжілісмендер, мәжілісвумендер, жазушылар, барлығы-барлығы "қаззақтар, теника меңгерейік!" дейді. Қызық: «аха, міне баратырм, сонда баратырм» деп, бір қой… заңфақа, жур-эк-фил-фактарға кіріп кетеверед!

2010 жылдар. Перпетуум мобиле
Бөлісу:

5 пікір

izbasar
Сонда жергілікті ЖОО-лардың барлығына телефон соғып, істің ең болмаса принципін түсініп алатын бір де бір маман таба алмайды! Өздерін академикпіз деп жүргендердің өздері мыңқылдап, біздер теоретикпіз ғой, ыххы-ыххы деп шығарып салады
Құдайға шүкір!!! Қазір телефонның сыртқы тілін жақсы түсінгеніміз соншалықты… оқуға түсудің құралына айналып отыр
Marco
Мынаның боғауыздарын алып тастаса, тым жақсы ғылыми жұмыс болайын деп тұр)))
KILYZAMAN
Қызық: «аха, міне баратырм, сонда баратырм» деп, бір қой… заңфақа, жур-эк-фил-фактарға кіріп кетеверед!