Едіге Алаң По. "Типографияның ақыры"

(Жалғасы. Басы — «Мектеп директорының өлімі»)

"… Ал енді проза да жаза алмайтындар — ана… тағы қандай жанрлар бар еді? Аха, папье-машьеден мүсін жасауға кетсін, ссуки!!!" © AKY

— Түсінсеңізші енді Сергей ағай, ең болмаса мейрамдық санын түрлі-түсті етіп шығарайықшы!

— А немене, «Офсет-Әсет» түсті қылып баса аламыз дей ме?

— Әрине жоқ. Ренжімеңіз иә, бірақ турасын айтайын: сол «Офсет-Әсет» деген типография — дүниедегі ең-ең-ең артта қалғандардың, надандардың ордасы!

Мына сөз Сергей Қарамырзаның шамына тиді. Өзінің үлесі бар фирманы тұқыртқаны шымбайына қатты батты. Атып тұрып, «Сен кімсің өзі, сүмелек?» деп, жұмыстан айдап шыққысы да келді.Сол мақсатпен тіпті орнынан түрегелгендей де болды. Бірақ Сергей Қарамырзаның жастау шақтағы қызбалау ұрдажық мінезі уақыт өте келе пайдакүнемдікпен өлтірілген болатын. Біріншіден, сүмелек-сүмелегімен, бірақ отыз бес мың теңгеге жұмыс істейтін мынадай аңқау қызметкерді таба алмайсың. Екіншіден, әлгі «Офсет-Әсеті» өзінікі екенін мына сұмырай сезіп қалады. Сосын гу-гу өсек тарайд. Үшіншіден, "қаймана қаззақ жақсы" демеуші ме еді хуйлық: сырт көз сыншыдан — типографиясының неге құсық екенін білген де артық емес. Сосын ба, боқмұрынға қарап:

— Отыршы мына жерге — деді.

«Сүмелек» мына шалдың қауашағынан соншама ойлар жүгіріп өткенін байқаған да жоқ, «мені де тыңдайтын адам бар екен-ау» деп, құлшыныспен редакторға қарама-қарсы отыра қалды. Бір сәт осы шалды жақсы көріп кеткендей де болды.

— Не, түсті қылып басып бере алатын арзандау жер бар ма не? — деп мүләйімсіді жәдігөй басредактор, бақталастарым пайда болмады ма деген күдікпен.

— Шынымды айтсам, — деді ақымақ бала, — Сіз жұмысбастылықпен трендтерге дейміз бе, тенденцияларға дейміз бе, қарамайтын сияқтысыз. Өзіміздің бағаға емес, ризографпен тіпті 18 теңгеге арзан басып беретін жерлер бар қазірде!

— Не дейд? Сонда «Офсет-Әсет» сонша қымбат алатын жер боп тұр мааааа?! Басред соңғы «а-сынан» кейін аузын жаппады да.

— Ооооо, ағай! Айтатын адамыңыз болмай жүрген де! Шынымды айтайын: жылда баспаға шығару тендерін «Офсет-Әсет» қалай алатынын түсінбейм. Сапасын көріп жүрсіз. Каска киген адамның суретін тақырбас қылып шығарад. Ал өткенде оқырмандардың "Үш егіз бұзаудың біреуі — көк боп туылды" деген жаңалық жөнінде мазамызды алғанын тағы білесіз.

— Нені? Білмейм?

— Ааа, айтпады ма Сізге. Оқырмандар «мына суреттегі үш бұзаудың қайсысы көк?» деп, әбден мазамызды алған.

— Ой, олар да бір… Балам, Ресейде де әлі көп қой газет ақ-қара боп шығатын, елдің соңы емес шығармыз енді…

— Неге Ресеймен бет түзеуіміз керек? — деді тыңдайтын құлақ болмай қор боп жүрген маман бала, -міне қараңызшы, Сізге көрсетем деп алып жүрем үнемі: Times, Hurriyet, Жыңмиң Жибао!

Редактордың үстелінде әп-сәтте-ақ көздің жауын алатын газеттер самсай қалды.

— Ооо, балам, сен де салыстырдың-ау: Жыңмиң Жибао — охо-хо-хооо! — 1 млрд. хуйлық оқитын газет қой! Баласың-ау, дегенмен.

Осы кезде хатшы қатын селектордан «Сізге профессор Палташев келіп тұр» деді. Басред жоғары қарады да: «Аффтар, о гім нақ?»-деді. Аффтар кейіпкерден қатты ұялып кетті де, осы жерінен бастап қайта жазуға мәжбүр болды.
Осы кезде хатшы қатын селектордан саңқ етіп, келіп тұрған адамның ныспысын айтып үлгірмей жатып, дыбыспен бірге, тіпті одан да тез бе екен — басредтің балдызы апыл-ғұпыл кіріп келді де:

— Құрыдық, жездеке-ау, құрыдық, құрып қалдық! — деп бақырып, басредтің аяғын құшақтап тізерлеп отыра кетті.

Есі кеткен басред балдызын қорыққаннан құлақ-шекеден салып жіберді де:

— Не болд? Не болд дейм нақ? — деді жекіп.

— Ойбай, ойбай, ойбай ал! — деді балдызы жауаптың орнына, ойбайды үш рет айтуға дайындалып келген кісіше санап айтып.

— Айт дейм, айт, әкесі өлгенді де естіртед, оның үстіне — менікі онсыз да баяғыда өлқалған!!!

— Енді типографиямыз… жоқ… Бвуууу-уәәәәәәә! — деп жылап жіберді балдызы.

— Қалай жоқ? Қайда кетті? — деді басред жаман хабарға дайындалып.

— Күл… Күл бар орнында — күүүүүл! — деп, балдызы бетіне бір уыс күлді шашып жіберді.

Талайды көрген басред мынау қатынжанды балдызының еңкілдеп, жылап-сықтап, өксіп болуын күтті. Ұзақ күтті. Жарты сағатқа жуық жылаған балдызға, ендігәрі — «Офсет-Әсет» бұрынғы типографиясының бұрынғы директорына тіл бітті:

— Іші-сыртын сырлат дедің — сырлаттым, жездеке. Неғылған арзан сырлаушылар деп едім өзім де! Алюминийі мен ацетоны көп қытай бояумен айдап беріпті, сен тауып берген «арзан әрі сапалы» бояушыларың! Сәмбет баяғы қыңыр әдетімен сіріңкені жарға үйкеп тұтатпақ болып еді — сырланған төрт бөлме солайымен отқа оранды. Біздер сөндіргіштерге айтып үлгіргенше барлығы жанып кетті! Жездеке-ау, бвуу-әәәәә-әәә — деп, тағы еңкілеуге кетті ынжық балдызы…

… Бұл кезде «сүмелек бала» редакциядан әлдеқашан шығып кетіп, сыраханада екінші бақалды ұрттап отырған болатын. Қалтасындағы «Арзан. Тез. Сапалы. Кредитке де болад. Әрбір оныншы клиентке — тегін. „Кемпірқосақ“ бояушылар бригадасы» деген визиткаларды оттықпен біртіндеп өртеп отырды…
Бөлісу:

14 пікір

jasminbek
Бравооооо! қалайда күлдіртіп жазады.
kokbori
админ екен деп осынша жалпақтаудың не қажеті бар еді
Aldeken
новелласайысыңдыссс…
asaubota
кайф алдым!

Бір сәт осы шалды жақсы көріп кеткендей де болды.

осындай сәттердің суреттелуіне бітіп жүрмін
zhanibek_nurish
жаман хабарға дайындалып
, міне қызық, сол кездегі түр сипатын елестетудемін,
patick
Мынау ерекше болды
Adiletshu
Басред жоғары қарады да: «Аффтар, о гім нақ?»-деді. Аффтар кейіпкерден қатты ұялып кетті де, осы жерінен бастап қайта жазуға мәжбүр болды.
Лібә, кететін жердің бәрінен кетті
AKY
Сізге профессор Палташев келіп тұр
a63a1
Осы кезде хатшы қатын селектордан «Сізге профессор Палташев келіп тұр» деді. Басред жоғары қарады да: «Аффтар, о гім нақ?»-деді. Аффтар кейіпкерден қатты ұялып кетті де, осы жерінен бастап қайта жазуға мәжбүр болды.
Abilakim
Осы кезде хатшы қатын селектордан «Сізге профессор Палташев келіп тұр» деді. Басред жоғары қарады да: «Аффтар, о гім нақ?»-деді. Аффтар кейіпкерден қатты ұялып кетті де, осы жерінен бастап қайта жазуға мәжбүр болды


Қолтықтан кетірді)))
e_zhalgas
алдыңғыларынан өзгеше, респект!
zholantai
ұрдажық мінезі уақыт өте келе пайдакүнемдікпен өлтірілген болатын.