Едіге Алаң По. "Мектеп директорының өлімі"

(Жалғасы. Басы — «Профессордың өлімі»)

«Шегетін де дым жоқ қой мұнда!»© Akzere

Шырылдаған телефон дауысы алыстан талықсып жеткен. Тұрмас та еді, әйелі «Альв, Альв, сені телефонға шақырып жатыр» деген соң барып, майкасын көтеріп, бір бүйірін тыр-тыр қасыған күйі асүйдегі қызыл телефонға беттеді.

"Әбеке, мектепке келіңіз тездетіп. ОблОНО-дан адамдар келеді. Қазір. Әлі шықпапты, жаңа Уна Жібековна хабарласты". Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші самбырлап қоя берді.

"І-і-і… Қазір… ана… не...", — ұйқысын аша алмаған күйі бұл қолымен бақша жақты көрсетіп сөйлеп кетті, — «Айнәзиға айт, қағаздарды бір қарасын. Сосын жақын тұратын оқушыларды үйлеріне жібер, костюм, блузкаларын киіп келсін. Алдыңғы қатарларға отырғызар. Таак… Техничкалар само собой… Е-е-е… Пока осы. Сосын жақсылап тамақ дайындап қойыңдар».

Дыңылдаған дыбыстың я құлағынан, я трубкадан шыққанын түсінбеген күйі Альв жуынатын бөлмеге беттеді.
* * *
Биетау селолық округіндегі Дименшн Сүйтікұлы атындағы орта мектептің «мәңгілік» директоры Альф Басұрғанов аузындағысынан айрылмайтын кәрі қасқырлардың бірі болатын. Өзі осы ауылдың тумасы болған соң ба, әлде ес білгелі бойында бар қулығы мен қайсарлығы қатар өрілген қасиеті көмектесті ме, әйтеуір қызметтік жолын дәл осы ауылда, дәл осы мектепте еңбек мұғалімі болып бастаған ол кеңес кезінде үлгілі мұғалім ретінде жақсы атты көрінсе, тәуелсіздіктен кейін аудандағы білім саласындағы ықпалды азаматтардың бірі болып алды. Оның үстіне оншақты жас кіші болса да алысқа барған профессор Мехнат Сигизмундұлы секілді бауыры, алдынан өткен Сезімтұғыр Ерқайев, Кәрбоз Стейнберг, Сыпатай Ульрих сияқты шәкірттері тұрғанда бұған министрдің өзі болмаса, басқасының шамасы келмейтін.

Содан ғой, бүгінгі тексеруді шыбын шаққан құрлы көрмей келе жатқаны. Әйтпесе, талай әріптесі талай «КРУ-дың» құрбаны болып кете барды емес пе.

Ауылдың саз балшығын илеп мектепке бет алған Басұрғановтың Land Rover-і жолдың екі жағына топырақты топ-топ тастады.
* * *
Алдынан шыққан завучтың «Бұл жолғы беталыстары сұмдық сияқты. РайОНО-ның дымын қалдырмапты. Енді, осында келе жатыр екен» деп зарлағанына мән берген жоқ, баспалдақпен кабинетіне көтеріліп келе жатып Сыпатаймен, Кәрбозмен сөйлесіп алды. Әлдеқандай проблема шықса, көмекке келетіндей етіп дайындап қойғандағысы.
* * *
Келген қонақты шығып қарсы алмады. Білсін кімнің кім екенін деді. Тек кабинетіне кіргенде ғана, орнынан тұрып қарсы жүрді.

Тексерушінің отызға да жете қоймаған жас жігіт екенін көргенде тіпті еркінсіп кетті. Қақпайлап дастарханға шақырды, бір-екі қалжыңын айтты, бойдақ екенін біліп, осы өңірге күйеу бала бол деді, қысқасы жағымпаздану мен агрессия элементтерінен тұратын психологиялық қысымды әбден қолдануға тырысты.

Бірақ, жігіт онысына міз баққан жоқ, ішім-жемі мол дастарханға да мойын бұрмады, тек мұрнының ұшын қусырып, мұның көзіне тік қарады да «жекеде сөйлесе аламыз ба» деді.

Иек қағуға ыңғайлана бергені сол еді, меңгеруші жоқ болды. Нығыздалып жабылған есік жым-жырт тыныштық орнатты.

— Сезімтұғыр Ерқайев, Кәрбоз Стейнберг, Сыпатай Ульрих туралы не айта аласыз? Мехнат Сигизмундұлы жайында ше?

Альв іш жия қалды.

— Мехнат бауырым. Анау оқушыларым. Ауылдың мақтаныштары. Не болып қалды?
— Жай… ештеңе. Менің де бауырым бар еді…

Альв түкті түсінбеді.

— Жарайды, ағасы. Өзіме керегін білдім. Енді, сіз де біліңіз. Жақында, сізге таныс басылым бауырымның атынан сұрақ қойып жіберіпті.
— Оның маған не қатысы бар?
— Тікелей. Оқушыларыңыз емес пе!?

Шалт қимылдаған тексеруші аяқ астынан қолында пайда болған түтікшеден бұған қаратып әлденені атып қалды. Кеуде сүйегіне құйрығын шошайта қадалған шприц тәріздес әлдене әуелі мұның тынысын тарылтып жіберді, артынан аяқ-қолынан әл кетіріп, еденге сырғыта құлатты. Гүрс еткен дыбысты хатшы естір ме еді, кім білсін, бірақ, директор кабинетіндегі қалың қалы кілем мұның кәрі денесін тосын дыбыссыз қағып алды.

Бір қызығы, есінен айрылмады, есту, көру мүшелері қалпында, санасы айқын. Тек сөйлеуге шамасы жетпеді: тілі ісіп, ауыз қуысын толтырып тастағандай ма, әйтеуір, ыңырануға ғана мұршасы болды.

Тексеруші мұны көтеріп, сүйреп әкеліп креслосына отырғызды, сосын бетіне қарап бір жымидыда, неге екені «Нұрберген Һ» деді. Сосын әлдеқайдан целлофан-қалта шығарып мұның басына кигізді. Кигізді де тамағының түбінен скотчпен байлап, орап тастады.

Альвтың көзалды әп сәтте-ақ буланып кетті. Аузымен ауа жұтқан сайын ішке тартылып демін ұстап қала берген целлофан туралы ойлануға мұршасы болған жоқ, әлде қорқыныштан, әлде басқадан, әйтеуір көзі қарауытып кетті.
* * *
Мектепті бітіріп, оқуға түсе алмай қалған соң, жекжаттығын алдыға салып өзін ұшырған «алтын ұясына» хатшылыққа тұрып алған Айнәзи тартымды тексерушінің еппен есікті ашып шығып: «Директорларыңыз құжаттарды қарап жатыр, адам кіргізбеңіз, мен темекі шегіп келейін» деп, — жымия күліп сыртқа беттегеніне сүйсіне қарап қалды.
Бөлісу:

26 пікір

qisyq
Ұзақ деп сөкпессіздер, тез оқылатын секілді. Сатыбалды, киллер сенде.
Adiletshu
Начало. Адам өлтіру сериялары осыдан басталған болуы керек.  Мынау енді жазықсыз жазаланып кетті.
AKY
сонда деректір аналардың өлімінен хабарсыз ба не?
qisyq
Олар өлмеген кез әлі. Сыпатаймен сөйлесті емес пе телефонмен.
AKY
неге ыңҒұә?
qisyq
Білмеймін, оны Нұрберген Һ-дан сұра.
patick
Киллерді қайтар, Спилберг!
satibaldi

Мынау "Һ" бауыры жақсы болды, жұмыла өлтірген жүк жеңіл дегендей
Мен типографтың үйін ойрандап жатырм қазір.
qisyq
Просто жаным ашып кетті анаған. Оның үстіне уақыт және кеңістік өлшемдері басқа болмаса, сонша уақыт ішінде Ң-ның сонша адам өлтіруі мүмкін емес қой. Һ. көмекке келді.
Жаз, амиго, мен балабақша… ә, жоқ, тағы бір жерді таптым, сол жаққа соғып қайтайын.
satibaldi
Дабай, мен де мынау өлгесін бірден шығам
konvict
Өлтіру себебін толық түсіне алмадым
qisyq
Түсініп қажеті жоқ. Тупо аналардың мұғалімі болғаны үшін.
AKY
Нұрберген Һ деген Нұрберген Ң-ның бауыры ма? "Ң" деген фамилия еді ғой. Енді Нұрберген деген фамилия ма? Алде ваще басқа адамдар ма? (қоймаған дей ме)
qisyq
Очм, бұлар сондай. Екеуі бауыр, бірақ аттары бірдей, тек біреуінің фамилиясы Ң-ға, екіншісінікі һ-ға басталады.
AKY
Неге ыңҒұә?
qisyq
Очм солай. Туылған кезде әке-шешелері ерекше боалйық, деп осылай шешкен екен.
kokbori
-Апай, балаларыңыздың аты неге Владимир, қалай ажыратасыз?
-Ой, олардың әкелерінің атымен атайымын ғой!
sammita
дүйсенбі кешке бұндай пікір жазбаңдар, аясаңдар етті)))
sammita
керемет жазады Димаш
asaubota
білә, бұзбаңдаршиш. біз оны Нұрберген Ң ретінде жақсы көріп қалдық қой

және мынаны жеңіл өлтіріпті. авторды зынданға!
kokbori
Енессс, мына сықпыттарыңнан қорқып, столдың астына кіріп барам, мұғалімге келмей ақ қойыңдарш, а?!
jasminbek
Бәрің бүлдіріп жіберді шынымен. авторды зынданға! жазба сұрықсыз!
zhanibek_nurish
сүйсіне қарап қалды.
, аяқталу керемет. Жағымпазданудан емес, тартымдылыққа қызығушылықтан пайда болатын ынтызарлық. Жанасу туралы ой барлық мишықта бар,
asaubota
керемет сериялар еді. оқыңдар жастар
Basic
Оқитын жас бар ма өзі