"Вахтовик" сағынышы
Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
Менің басымда да осы жағдай..
қыздардың құлағына....Мен қайта вахтаға сұранып жүрмін.
Енді біреу әнге салып берсе…
Осындайда AKY қайда қарап кететінін өз тасым түсінбейм.
еш түзетусіз, еш дайындықсыз бір деммен сенің өтінішіңнен кейін шыққан туынды
Ақсайдың вахтовиктерінің сауабын алыңдар
қай жерге шықты ҮЛКЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕЕННН бөлек пост болып?
Күн /айда тұрған ештеңе жоқ, вахтаның басты ерекшелігі үйіңнен кіріп, үйіңнен шығудың болмауы.
Негізі шағым айту, не үлкен мәселе көтеру ойда жоқ еді. Жай үйде сағынып отырған адамға аз-кем романтика болсын деп.
Шағым, жылану деп қабылдаған болсаң, мен ойымды дұрыс жеткізбеген шығармын.
Шертіпсің сезім қылын.
Мынаны бала-шағасын сағынып жүрген вахтовиктердің оқығаны болса,
көздің жасын сығып-сығып алған шығар ужы
Ып-ырас, еххх!
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
недеген ұйқас, қазақ поэзиясына Сергей Есениндей талант келді ме? ойбай, недеген жыр жыртыңдатып жібереді екен...