Жаңа ән - "Вахтовиктің сағынышы". Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1)

  • Автор


Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.

«Вахтовиктің сағынышы».
Сөзін жазған: Асқар Базарбай (aka Gastarbaiter ), Әні және орындаған: Абзал Сағынтаев (aka a63a1 )

Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.

Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
Той-томалақ менсіз де өте жатар,
Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.

Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
Қызым әне суретіме қолың сермеп,
Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…

Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
«Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
Қылтиғанша бір шеті өнген істің…

Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…


31 сәуір 2012 жыл.
satibaldi

Рухани қайтыс болдым. Тәнімді кездестіргендерден оны күштеп көмуін сұраймын.

    Ұқсас посттар

    46 пікір

    a63a1
    даусы шығыпты
    a63a1
    «Вахтовик» сағынышы
    Бір ай вахта өтіп жатыр бір жылдайын,
    Кәсібім сол таңдаған, не қылайын,
    Әрбір күн бір дәуірдей болса дағы,
    Төрт көз болып күтіп жатыр, менің айым.
    Бір-бірімен үй мен дала кезектесіп,
    Арлы-берлі жүремін желдей есіп,
    Той-томалақ менсіз де өте жатар,
    Талайларсыз жүр ғой әлем ғұмыр кешіп.
    Шыр айналған дүние тоспа мейлі,
    Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
    Қызым әне суретіме қолың сермеп,
    Бұл кім десең, бал тілімен «Бап-па» дейді…
    Кейде ойлайсың, «шешестің» деп бұл жүрістің,
    «Табамын» деп «оңай жолын күнкөрістің»,
    Тағы ойлайсың, әлі біраз жүрсем бе деп,
    Қылтиғанша бір шеті өнген істің…
    Дәл өзіңдей үйімде бақыт бар да,
    Жүре берем еш қиналмай қашықтарда,
    Вахтовиктің жұмысы қиын боп па,
    Ең ауыр жүк вахтовикке ғашықтарда…
    kokbori
    Мадес, Саат, бәрекелді
    ademi_alem
    )))  
    kokbori
    Рахмет, басын иген смайлик
    AKY
    жақсы, әуені советский киноларды есіме түсірді
    Zilola
    Картоп жарып жатырсыздар ғо, Абзалдың не жазығы бар?
    madickisbig
    Асқардың даусы «Ногу Свело» группасындағы Максимдікіне ұқсайды екен) бірақ сөзінің соңғы жағы дұрыс естілмей қалып жатыр, ал Абзал гитараны норм ойнайды екен.
    satibaldi
    Тақырып атауын өзгерттім, менен қате кетіпті.
    madickisbig
    ааа ниче шатрашного)
    Dinara
    31 сәуір дегенді де өзгерте салыңыз ағай
    salta
     керррремеееет!
    Kipshakkyzy
    Дауыс анық естілмейді екен. Гитараның әуені ұнады. Көзіне очки, аяғына нәски киіп алған, аузына шылым қыстырып, алдында бір жартысы бар, қолына гитара ұстаған адам елестеп кетті ғой көз алдыма!
    Nurshat
    Шай үстінде әңгімеңе қоспа мейлі,
    Қызым әне суретіме қолың сермеп,
    еске жеңгелер түседі.
    Gastarbaiter
    Әңгіме жоқ, амиголар! Рахмет. Қатырыпсыңдар. Абзалдың даусы ерекше
    Үйде гитарам бар, келген соң салып көру керек екен. Ақыры ән қосқан екенсің, ұсыныс бар, соңғы куплетін қайырмасы етіп алса қалай болар екен?
    a63a1
    Қайырма қылып алуға болады әрине, оны енді бір уақыт болғанда толық асықпай отырып қайта басып ілемін.
    Gastarbaiter
    РусРоктың солисттерін тыңдағандай болдым
    Erlan
    1 тонда сияқты, ың-ың-ың, бір арасында көтеріп, бақырып айқалап алатын жерлері болса ))
    satibaldi
    Ой епті, «жалдағасын неге Вена Камералық Оркестрін жалдамадыңдар!» десейш тағы, нақ. Ертең жөнді айтад та біреулер, мынау нобай екенін көріп тұрған жоқсың ба?
    Erlan
    жаксы коре жатармыз ))
    aza
    Шешесссс, менің кластастарыма дәл тиетін шығар))) Әнші онша емес екен.
    Gastarbaiter
    Ұялып отырған сияқты. Былай ашылса тембрі ерекше.
    aza
    Той томалақ туралы айтқаның дәл!!! Біздікілер жылайт та жүреді))) Бірі келіп бірі кетіп жатады ғой ауылда, «мен келетін кезде жасаш тойды», «мен ауылда болам бекен» деген әңгімелерді талай айтты құрдастарым! Өлтіред)))
    a63a1
    Әнші керемет нақ!!!
    aza
    Мүмкін, бірақ мын жерде дәлел жоқ «кереметтігіне» Үйде ешкім жоқта бақырып күшт айттат шығар)))
    a63a1
    ия мүмкін, ауылдық жарыста ұтам деп ұта алмай кеткен, аудандық жарысқа қатысам деп қатыса алмай кеткен, Ән мен әншіге шақырылады деп шақырылмай кеткен атақты қазақтың дарабозына керемет емес деп айтып отқан жайғана азасың
    aza
    Кетч, нақ))))  Астанаға кел, ән жарыс жасаймыз!
    a63a1
    Астана жарыспас бұрын тірі дауысыңды ілсейш, сосын ән жарысты осы жерден бастайық.
    aza
    Қойи, нақ))) Ұтылып қалам деп келмей қаласың Астанаға, кайф болмайт, тірі айтысамыз))
    a63a1
    Блә неғой, іргемде өткен анау-мынау ән байқауларға бармай жүргенде Астанаға барып не көрініпті, сен жындысыңба әлде сен жындысыңба?
    aza
    Дабай е қойш, танансты төмен алғансың ғо, дауысың сыбырлап тұр. Мақұл, сағыныш екен, мұң екен, алайда, тыңдаушы дауысыңды естуі керек қой. Қандай ән, қаншама үлкен әлеуметтік мәселе көтеріп тұрған ән, әттең орындалуы шикі! Ренжімеш, әкессс, жарыспасаң жарыспай ақ қо, мына ән біздің ауыл жақта қит болайын деп тұрған ән еді, қап, қаааап!
    a63a1
    Сен былай істе, тарихты оқы, оқымасаң маған поқы
    aza
    Кетч, мана оқыдым, тарихтың артына тығылма, оның қолынан бұтақ та келмейд)))
    a63a1
    онда өзің айтта іл ақыр заман төкпе, дауысың бар баласың, айтта тарихқа бұтақты сен қой
    aza
    Домбыра Пати басталмай тұрған заманның тыныш кезіндегі «соғыс» сияқты…
    Aikona
    Өлең ұнады. Қалдықызда осы әнді айтып жүрген шығар иа
    Nurgisa
    Ох, йоо!!! Абзал, әдемі шығыпты!!! Асқарды буындарына сазын келістіру оңай болмағанын сезем. Вахтовик таныстарға жолдап бөлісетін екен.
    monti
    қыздар/балдар наны қалай түсріп тыңдауға болады? қызық бірдеме сияқты ғо
    www.youtube.com/ саңдарЧ плз.
    satibaldi
    Өлеңді жүктеп алуыңызға болады.
    sammita
    балақайдың даусы әдемі һәм жағымды екен
    Jolaushi
    Тэгті өлтіріпсің ең бастысы))
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.