"Ата-анаға құрмет"-блог жүйесіне шақырамын!

Ассалаумағалейкум, Сәлеметсіздерме Керекшілер!Қалайсыздар?
Бұл сайттағы менің алғашқы жазбам бұл.Жалпы менің есімім Сағыныш.КАЗЖУР блог жүйесін кезіктірдім интернеттен.Мен де блог ашсам ба?,-деп ойладым.Сөйтіп,КАЗЖУР блог жүйесінен «Ата-анаға құрмет»-блог жүйесін аштым.Блогты тегіннен тегін қараптан қарап аша салуға болмайды.Ол блогтың белгілі бір мақсаты, оқырманға пайдасы болу керек.Мен ойлана, толғана келе «Ата-анаға құрмет»-деген блог жүйесін аштым.Енді неге «Ата-анаға құрмет»,-деп аштым.Өйткені әрбір адам ата-анасын сыйлауы,құрметтеуі керек.Ащы болса да шындық қазіргі заманда ата-анасын сыйламайтын жастар, балалар бар.Ата-ана балары үшін шыр-пыр болып жүреді.Біз сол кісілердің үміттерін ақтап,құрметтеуіміз керек.Мен де сол бағытта блог ашып отырмын.Блогтың негізгі мақсаты: ата-ананы құрметтеу, сыйлау барысында әсерлі де, тәрбиелі жазбаны оқырман бойына жақсы әсер сыйлайтын етіп жеткізу.Бұл блогты тұрақты оқып отырсаңыз қор болмайсыз.Керісінше әке, ана, бала туралы көптеген мәнді, мағыналы жазбаларды оқитын боласыздар.Сонымен «Ата-анаға құрмет»-блог жүйесіне қош келдіңіздер!!! Блогқа баға бере кетсеңіздер.Ал ендеше Керекшілер пікір тастай беріңіздер!!!
Бөлісу:

37 пікір

Korkem
Талабыңа нұр жаусын!
saginish
рахмет туыспызғо дегенмен)))ана жақтада бар
kokbori
Негізі қарағым, бұл жерге жарнама жасаудың бағасы белгіленген еді, айналаға зер салып қарағайсың қалқам
saginish
көрсетіп жіберші соны қарайын
kokbori
әні менің оң жағымда
saginish
ыыыыы мәдениетті сақтасаңыз еттіі
kokbori
Сүрді жек көретін едім
saginish
сүр деген не?
kokbori
Сүр ет, сүр бойдақ, сүр…
kokbori
Ұзақ сақталғанды айтады, наурыз көже ішіп пе едіңіз?
kokbori
Айтпақшы Қырмет деген біртүрлі естілмей ме?
saginish
қырмет емес құрмет
e_zhalgas
КАЗЖУР блог жүйесінен «Ата-анаға құрмет»-блог жүйесін аштым.
өзіңіз сиқыршы екенсіз ғой, блог жүйесінің ішінен блог жүйесін ашып жіберетін
satibaldi
Кааак превратить воду в пиво?
Сух-мах, сулемах! Сух-мах, сулемах!
Кааак превратить пиво в воду?
Фух-шах, фарашах! Фух-шах фарашах!
У волшебника Сулеймана,
Все прекрасно — без обмана
 Лібә, советтік ертегі киноларды сағынып кеттім нақ
saginish
керек болса сол блог жүйеден сайт ашып жіберемін муахахаха
Rafaello
Идеяң жақсы, бірақ қызық емес сияқты мұндай блогтар.
saginish
әркім әрқалай қабылдайды
FaraOn1
инернетті білммесе де, ата-анама әлемтордан пайдалы нәрселерді лақытырып алып, ауылға барғанда алып баратынды әдетке айналдырдым.
satibaldi
Бірақ мұндай ізгілігіңіз Белфастты көшіру туралы ұсынысымды жоққа шығармайды
jasminbek
Бізде ата-аналар күні керек. Жаңа бір кәрес: У казахов нет «родительского дня» дид, дымдемедім, орыс, кәрестер көктем келгенде, атаөанасының бейіт басына барып, тазалық жүргізеді, бізде ондай понятие жоқ.
kokbori
орыс, кәрестер көктем келгенде, атаөанасының бейіт басына барып, тазалық жүргізеді, бізде ондай понятие жоқ.
Пұсырмандар мәйітті жөндемеңдер дейді ғой
jasminbek
аа, онда дұрыс екен ғой біздікі
asaubota
мұндай блог күйінде болса көп адамға ақпараттарың жетпей қалуы мүмкін. жеке сайт қылып ашсаңдар дұрыс болатын шығар немесе ең болмаса Фейсбукте осы тақырыпта парақша ашып.
saginish
иә аға айтуыңыз дұрыс бірақта жеке сайт қылып ашатын менің шамам жетпейді
kokbori
Былай ғой, қарындасым, мың сегізжүзден домен сатып алып, оны қазақблогына тегін орнатуға болады деп естігем, сұрастырып көр
saginish
мен негізі қарындасыңыз емес ініңіз боламын, анам аватағы сурет жәййй сурет
kokbori
 онда менің кінәм емес
meirzhan
уже кеш айттың  
asaubota
ucoz.ru жүйесінен ашып көріңдер, ол жүйенің мүмкіндіктері көп. ешқандай техникалық білім қажет емес.
saginish
kz жүйесінен ашу үшін қанша ақша көлемінде керек
kokbori
1800 тенге деп естідім жылына
izbasar
nhost.kz cайтында 2 жылға хостин сатыпалсаң домен тегін береді.
asaubota
1800 теңгеге домен алып, жаңағы мен айтқан жерге тіркей аласың. жақында техникалық форум ашпақшымыз, сол жерден көмектесетіндер табылып қалар. ал былай жеке менің өзімде қазір уақыт жоқ қарап беруге. қазір сайт жасау қиын емес, тек шын ниетің болса тез үйреніп аласың.
izbasar
Cағыныш талабыңа нұр жаусын, осындай салалық блогтар дами берсін!