"Ата-анаға құрмет"-блог жүйесіне шақырамын!

Ассалаумағалейкум, Сәлеметсіздерме Керекшілер!Қалайсыздар?
Бұл сайттағы менің алғашқы жазбам бұл.Жалпы менің есімім Сағыныш.КАЗЖУР блог жүйесін кезіктірдім интернеттен.Мен де блог ашсам ба?,-деп ойладым.Сөйтіп,КАЗЖУР блог жүйесінен «Ата-анаға құрмет»-блог жүйесін аштым.Блогты тегіннен тегін қараптан қарап аша салуға болмайды.Ол блогтың белгілі бір мақсаты, оқырманға пайдасы болу керек.Мен ойлана, толғана келе «Ата-анаға құрмет»-деген блог жүйесін аштым.Енді неге «Ата-анаға құрмет»,-деп аштым.Өйткені әрбір адам ата-анасын сыйлауы,құрметтеуі керек.Ащы болса да шындық қазіргі заманда ата-анасын сыйламайтын жастар, балалар бар.Ата-ана балары үшін шыр-пыр болып жүреді.Біз сол кісілердің үміттерін ақтап,құрметтеуіміз керек.Мен де сол бағытта блог ашып отырмын.Блогтың негізгі мақсаты: ата-ананы құрметтеу, сыйлау барысында әсерлі де, тәрбиелі жазбаны оқырман бойына жақсы әсер сыйлайтын етіп жеткізу.Бұл блогты тұрақты оқып отырсаңыз қор болмайсыз.Керісінше әке, ана, бала туралы көптеген мәнді, мағыналы жазбаларды оқитын боласыздар.Сонымен «Ата-анаға құрмет»-блог жүйесіне қош келдіңіздер!!! Блогқа баға бере кетсеңіздер.Ал ендеше Керекшілер пікір тастай беріңіздер!!!
Әрі қарай