Зэ промис!
Жалпы уәде туралы бұрын да айтылып келді. Менің де бұл жөнінде алып-қосарларым бар. Біздің әр басқан қадамымыз уәдеден тұрады. Уәде беріп орындамағанша, уәде бермей орындаған дұрысырақ. Адамға берілген уәденің маңыздылығы күмән келтірмеуі қажет. Айтылған сөз жеке өмірдегі қарым-қатынаста да, жұмыста да күшін жоғалтпауы тиіс. Бұл — сенімге негізделген кез келген қарым-қатынастың ережесі болып саналады. Бірақ, берген уәдемізді орындау қолымыздан 100 пайыз келе бермейді, дегенмен, көп жағдайда бұл қателіктер әдейі жасалмайды. Кейде біз өзіміздің мойнымызға көптеген жауапкершіліктерді алып алып, оны орындауға үлгермей, сөйтіп басқа адамдарды отырғызып, өзіміздің беделімізді түсіріп қоя береміз.
Ал, біз өзімізге өзіміз берген уәдені қаншалықты орындаймыз екен?! Басқа адамдардың алдында жауапкершілікті сезінесің, бірақ жеке басымызға келгенде өзімізге ерік беріп, уәдені бұзып жатамыз. Және бір айта кететіні, бұл ерекше уәденің маңыздылығы басқа адамға берген уәденікінен артық болмаса, кем түспейді.
Өзіңнің өзіңе берген уәдеңде тұру үшін, мына кеңестерге жүгінген дұрыс болар:
1. Орындалмайтын, ұзақ мерзімді уәде бермеңіз!
Сіздің мақсатыңыз шынайы болуы қажет. Бірақ, бұл қиын тапсырмалардан қашу дегенді білдірмейді. Ең үлкен ниетті бөлшектеп, әр қайсысын біртіндеп орындайтын нақты стратегиялық жоспар жасаған абзал. Қысқа мерзімді, қол жетімді мақсаттар өзіңіздің өзіңізге берген уәдеңізді бұзбай, оң нәтижелер шығаруға көмектеседі. Сондықтан мини-уәделерден бастаңыз, мысалға «Күніне үш сағат оқып, дайындаламын» дегенше, «Аптасына үш сағат оқып, дайындаламын» деген шынайылыққа жақынырақ түседі.
2. Екіұштылықтан арылыңыз!
Өзіңіздің өзіңізге берген уәдеңізде тұрмасаңыз, сәйкесінше өзіңізге өзіңіз сенуден қаласыз. Бұл сізді тіптен ұзақ мерзімді есеңгіруге/стресске әкелуі мүмкін. Сондықтан кішкене болса да уәделеріңізді орындауға тырысыңыз, ойыңызға келген ақылға қонымды нәрселерді ерінбей, пысықтанып, шаршамай жасауға талпыныңыз. Қияли уәдеге мүлдем жоламаңыз, нақты бағдар қойыңыз. Мысалға, «Спортзалға баратын боламын» — яғни айтылуы жағынан бірден белгілі, бұл — процесс ұзақ болады, оны орындағанша қартайып та кетуіңіз мүмкін. Ондай мақсат бола қойған жағдайда миыңызды одан босатқаныңыз әлдеқайда дұрыс болады. Ал дұрысы – «аптаның әр сәрсенбісінде спортзалға барамын» т.с.с. Және өзіңізге уәде берер алдында, «шынымен сол маған керек пе?» деп жақсылап тұрып, сүзгіштен өткізіп дегендей, ойланғаныңыз жөн.
3. Өзіңіз өзіңізбен шартқа отыруыңыз қажет!
Жеке міндеттеріміздің басты мәселесі, біз оларды маңызды деп таппайтындығымызда. Біз ешқашан да оларға міндет ретінде қарамаймыз, оларды жайғана «керек-ау» деген ниеттер қатарына қоса саламыз. Орындалмайтын уәделер болса да, кейбіреулері соған арнап тізім жасап қоятындары да бар. Өзіңізге берген уәдеңіздің маңыздылығы, өзіңіздің өзіңізді қаншалықты сыйлайтындығыңыздың көрсеткіші болып табылады. Сондықтан көп жағдайда тежегіштенбеген жөн. Бірақ керек кезде тежегішті басып тұрған да артық болмас. Ең бастысы, жағдайға шынайы баға беруді үйренген басқалар үшін де, өзіңіз үшін де әділ түседі.
Жалпы бұл психологиялық әдіс әр адамда әркелкі болып келеді, біреулері өзін үнемі кешіре берсе, екіншілері өзіне санкциялар салып, өз-өзін жақсылап тұрып боқтап алады және келесі жолы соны болдырмауға, орнын толтыруға тырысады. Ең бастысы үлкен психологиялық қарыздарға батып кетпей алып шығатыныңызға сенімді болу керексіз. Егер өз өзіңізді басқара алмасаңыз, басқа біреуді басқару немесе оған сөзіңізді өткізу қиынға соғады. Ал уәдені орындап тұрған жағдайда моральдық, т.б. тұрғыда жақсарып, біреуге берген уәдені шемішкіше шағасыз, солайша қалаған адамыңыздың сеніміне кіру оңайырақ болады. Ендеше, сәттілік!!!
Аудионұсқасы: micknick.podfm.ru/my_podcasts/10/

Мәселен, спортзалға жиі бара білу ерік жігеріне байланысты, деп біраз адам қызығады маған. Қойым да олай емес. Ерік жігердің асып-тасыған түгі де жоқ бізде.
Ерік жігері деген бұлшық ет сияқты. Оны қай әрекетке баулысаң сол жағына дамиды.
Сәйкесінше сол жағы кейін әдетке айналады, оңай шаруаға айналады.
Уәдеңде мүлде тұра алмайтын суайт болсаң, біртіндеп жаттықтыру керек, мүлде уәде бермей қоюдан да, уәдені кеңінен сілтеп беруден де аулақ болу керек.
Уәде біреудің туған күнін ұмытып кету сияқты, кешіккен сайын ұяла түсесің, ұялған сайын кешіге түсесің, ақыры оқталған кезде енді ұят шығар, ұмытып қалған шығар деп жүре бересің, бірақ бастысы оны өзің ұмытпайсың. Сосын жинала-келе өзіңе деген сенімнен айрыласың.
Уәдеңді уақытылы (немесе уақытынан бұрын тіпті) орындап қойсаң, өз ісіңе өзің қанағаттанып, өзіңді сыйлай түсетінің рас енді.