Ұлы шовинизм!

Шовинизм — (французша chauvinisme – Наполеон Бонапарттың басқыншылық саясатына табынушы сарбаз Николя Шовеннің аты-жөніне байланысты шыққан сөз) Солдат Николя Шовен өзінің басшысына кез келген сәтте, кез келген жерде шектен тыс адал болған. Аңызға сай, ол өз басшысын ешбір жауға сатпаған екен. Қазіргі таңда бұл сөз — шектен шыққан, жауыққан ұлтшылдық идеологиясы мен саясатты білдірсе керек. Шовинизм фашизм идеялары мен саясатында ашық көрініс тапты. Шовинист өз ұлтын, тобын, табын басқалардан артық көріп, асыра бағалайтын адам. Ол өзінің ұлтшыл екенін білдірмеу мүмкін, бірақ шовинист басқа ұлт өкілдеріне көмектескен кезде де өз ұлтының мүддесі мен мәдениетін ескереді, соны жанама түрде насихаттап жүреді, басқаларды қызықтыруға тырысады. 1815-нші жылдардан кейінгі «Бурбон жаңғыртуы» кезеңінде бонапартизмнің онша танымал болмағанына қарамастан, аңызға сай, сарбаз Шовен Наполеонның нағыз жақтасы болады, тіпті жаға қайырмасына шегіргүл таққан, бұл аластатылған басшыға беріктік белгісі іспеттес. Жартылай аңыз тарихқа сай, Шовен кедейлігіне, еңбекке жарамсыздығына және мазақ етушілерге қарамастан «фанатты адал солдат» болған. Ол патшаны құдайға теңеп, оның кез келген сөзін дұрыс деп санап, онымен бірге бүкіл әлемді жаулап алуға дайындығын білдірген.
Әрі қарай

Зэ промис!

ВәдеЖалпы уәде туралы бұрын да айтылып келді. Менің де бұл жөнінде алып-қосарларым бар. Біздің әр басқан қадамымыз уәдеден тұрады. Уәде беріп орындамағанша, уәде бермей орындаған дұрысырақ. Адамға берілген уәденің маңыздылығы күмән келтірмеуі қажет. Айтылған сөз жеке өмірдегі қарым-қатынаста да, жұмыста да күшін жоғалтпауы тиіс. Бұл — сенімге негізделген кез келген қарым-қатынастың ережесі болып саналады. Бірақ, берген уәдемізді орындау қолымыздан 100 пайыз келе бермейді, дегенмен, көп жағдайда бұл қателіктер әдейі жасалмайды. Кейде біз өзіміздің мойнымызға көптеген жауапкершіліктерді алып алып, оны орындауға үлгермей, сөйтіп басқа адамдарды отырғызып, өзіміздің беделімізді түсіріп қоя береміз.
Ал, біз өзімізге өзіміз берген уәдені қаншалықты орындаймыз екен?! Басқа адамдардың алдында жауапкершілікті сезінесің, бірақ жеке басымызға келгенде өзімізге ерік беріп, уәдені бұзып жатамыз. Және бір айта кететіні, бұл ерекше уәденің маңыздылығы басқа адамға берген уәденікінен артық болмаса, кем түспейді.

Өзіңнің өзіңе берген уәдеңде тұру үшін, мына кеңестерге жүгінген дұрыс болар:
Әрі қарай