Спартак. Кек.
Киноға рецензия жазып көрмеген ем.Бұны рецензия деп қабылдамаңыздар.
Сонымен, көз алдымызға көне Римдегі гладиаторлар шайқасын, Юпитердің бұтағын әкелетін «Спартак» сериалының жалғасы «Кек» деп аталады. 10 сериядан тұратын бұл бөлімнің алғашқы 6 сериясын тамашаладым.
Иә, Энди Уитфилдтің орнына(актер 2011 жылы 11 қыркүйекте 39 жасында қайтыс болған)келген Лиам Макинтайр өзінше жап-жақсы ойнап жүр. Дегенмен, кішкене өжеттік жетіспейтін секілді бет әлпетінен.Мүмкін, Эндидің кинодағы күрескер жауынгерден бұрын өз ауруымен күресіп жүріп ойнағандығынан болар, ол рөлдің соншалықты шынайы шығуы?! Егер басынан бастап осы жігіт ойнағанда бұл олқылық білінбей кетер ме еді? Бірақта, екі-үш сериясын қарағаннан кейін көз үйрене бастайды.
Сонымен… Кек.Неге кек? Бұл жерде әркімнің ішінде жатқан өз кегі бар. Тірі қалған батиаттың қатыны (Зена) Лукрецияның кегі, кезінде бір аренада, бірге гладиатор болып шығып жүрген гладиаторларға опасыздық жасаған Ашурдың кегі, қала берді Анамай (Эномей ме?), Спартак, Крикстердің іште қалған кектері жайлы бұл бөлім.
Бұл бөлімде бірінші бөлімдегі кейбір кейіпкерлер қайтадан қылаң береді.Мысалы, аренада жеңіске жетіп, өзіне бостандық жеңіп алған Ганик.
Сондай-ақ, батиаттың үйіндегі барлық гладиаторларға соғыс өнерін үйретіп жүрген Анамайдың жас кезіндегі оқиғалар да осы бөлімде көрініс тауып жатады.
Айтып айтпай не керек сериал өз сәнін еш жоғалтпаған десе де болады. Қызыл қан да, қырғын соғыс та, ашық көріністер де сол қалпында қалған.
Суретке сілтеме

міне, осындай, бұдан сорақы
Түпнұсқа
Ұнайды. Шебер түсірілген. Өз ісінің майталмандары жасаған эротика мен қантөгіске толы фильм.
Арзан порнушка емес. Баяғы заманда шынымен де Рим Империясының төрі оргиядан босамайтыны аңыз боп қалған.
Барлығы ескерілген. Фильмде тарихи ауытқулар бар болғанымен, оны өте керемет көркемдеген.
Кирк Дугласты мақтаушылар балапан үйрек синдромына ұшырағандар. Олар алғаш мінген копейкасын өле-өлгенше тойотаның жаңа маркасынан артық деп дес бермеуге дайын.
Расында да шеберлікпен жасалынған сериал.
Сириялық Ашур шибөріге ерекше ырыспек)
Главрдың хотыны Илития мен Батиаттың жесірі Лукреция екеуінің рөлді керемет алып шыққан енді, сөз жоқ.
Британдық актер Энди Уитфилд сериалдың бірінші маусымында Спартакты сомдап, енді жұлдыз болып жарқырайтын шағында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болып кетті.
Мына жерден Эндиге арналған видеороликтерді көре аласыз.
Ресми тарих бойынша Спартакус, Криксус, Эномайус үшеуі бастаған екен құлдардың қалың қолын.
Сондықтан, максимум 30 жасар Лиам Макинтайрға қарағанда 40тың қырқасындағы Энди Уитфилд, тек мықты гладиатор чемпион ғана емес, талайды көрген марғасқа, өмірлік тәжірибесі көбейген, ал күш-қуаты әлі азаймаған көреген қолбасшы Спартак рөлінде сенімдірек көрінетіні еш таңқалдырмайды. Жас Лиамның Спартак рөлінде қырықтан асқан Крикске ақыл айтуы да біртүрлі көрінеді алғашында.