Сыздықсейіт Сегізсерікұлы: Қаззақтар командасы

… Ал редакция алқасы… Ого-го!!! Очм, баяғы мапия епті, ішінде қазір тоқсанның төртеуіне келген шал жүр, ол со кітап үшін не істей алды, тотақ та түсінбедім епті. © Satibaldi

— Тәке, мен бұл мақаланы жазу үшін алты ай тәжірибе жасап едім, оқып көріңізші газетке бергім келеді.

Магистратураны кеше бітірсе де, болашағынан үлкен үміт күттірген жас ғылыми қызметкер Сыздықсейіт Сегізсерікұлы мақаласын аяқтағанына мәз.

— Кхм, қане көрейін. Басқа бір жерде жариялап па едің бұныңды?
Тілеухан Жайжапсар — Сыздықсейіттің тікелей бастығы, зейнеткер жасына жақындаған бөлім меңгерушісі. Көзілдірігін киіп, жазбаны мұқият оқи бастады.
— Жоға, әлі сиясы кеппеген мақала ғой. Шетелдік әдебиеттен де бұл туралы жазылған еңбек таппадым.
— Так-так, өте батыл тұжырымдардан бастапсың…
— Ертең диссертация қорғағанда да осы тақырып бойынша әрі қарай ізденгім келеді. Тіпті үйілген ақпарат жинадым.
— Дұрыс, дұрыс… Әй, өзіме ұқсаған екенсің… Бірақ мына жеріңді түсінбедім…
— Тәке, аяғына дейін оқыңыз. Бар қызықты аяғына сақтағам!
Сыздықсейіт толқып тұрғанын жасыра алмады. Бөлім меңгерушісі мақаланы аяғына дейін оқып болды да,
— Керемет! Бірақ сен былай қыл, мақалаңның салмағы болсын десең, авторлар қатарына бастықтардан біреуді қосу керек болады. Ертеңгі еңбектеріңе рецензия жазатын біреуді қос.
— Сізді қосамын, ұстазымсыз ғой.
— Енді мені болса да қосасың ғой, менің айтып отырғаным профессор ағаларыңның біреуін қоспасаң, ертең қиын болады өзіңе.
— Жарайды, кімді қосқаным дұрыс деп ойлайсыз?
— Шаймұрат көкеңді қос, ертең өлтіріп тұрып рецензия жазады кітаптарыңа!
— Табылған ақыл екен. Өзі келісе ме екен?
— Келіскенде қандай! Мынауың керемет қой! Айтпақшы, Шәкеңді қосқан соң, Нұрмағанбет ағаңды да қосу керек, қоспасаң ренжиді.
— Қостық ал.
Сыздықсейіт айтылған адамның аты жөндерін қағазға түртіп жатып, бастапқы көңіл күйінің біртіндеп басыла бастағанын аңғарды.
— Жаз-жаз бала, мақала деген не ол, ал үлкендердің көңілі қымбат. Түптеп келгенде тасыңды өрге домалататын осы ағаңдар. Айтпақшы, Камал ағаңа кіріп шық, өткен жолы хал үстінде деп естігем. Көңілін сұрап дегендей, тә-ә-к, оның да атын енгізуіңе тура келді ғой…
— Ол кісіні де ме? Ол кісі ақын емес пе?
— Қос,қос,қос, газеттің ештеңесі кетпейд, ал ағаң болса мәз боп қалады.
— Қостым. Боп қалатын шығар?
— Ертең еңбегіңе аннотация жаздырасың ғой. Анау мынау емес, атақты біреу жазады оны да. Роллан Сақиевты да қос!
— Астапыралла, ол кісі қайтыс болды емес пе? Оның үстіне әнші ғой ол!
— Туй, сен енді… Атын қоршап қоя саламыз, көзі тірісінде-ақ пікірін білдіріп кеткен дейміз, не болды сонша! Зато халық сыйлайды, ел таниды!
— Оу, ағасы мұнымыз күпірлік емес пе?
— Ақымақ-ау, күпірлігі несі? Керісінше әруағы бір аунап түседі. Өлі риза болмай, тірі байымайды емес пе?
— Жарайды, қосайын, желеп-жебеп жүрсін.
— Қанша болды өзі?
— Бес адам болды, мені қоспағанда…
— Біреу жетіспей тұрған сияқты… М-м-м, тұра тұр, Құлахмет базаркомды да қос.
— Базаркомның қандай қатысы бар, Тәке?
— Енді, қос деген соң қос, зияны болмайд.
— Жарайды, қостық.
— Болды енді тапсыра бер баспаға. Айтпақшы, өз атыңды жазуды ұмытып кетпе, қанша дегенмен мақала сенікі ғой.
— Ия, ұмытып барады екенмін, жазып қояйын.
— Ай жарайсың, міне, ізденіс қайда жатыр. Ал құтты болсын!

***
Келесі күні редакцияда

— Мынаны кім жіберген?
— Білмеймін, таңертең бір жігіт әкеліп тастады бір ғылыми жаңалыққа қатысты мақала дейді.
— Бір мақаланы жеті адам жазған ба?
— Олар сөйтіп автор қосып жаза береді ғой, ағай.
— Мыналарды танып отырмын, ал соңындағы чморикті адам санын көбейтіп қоса салған сияқты, Сыздықсейіт Сегізсерікұлы дей ме, фантазияларына болайын, шындыққа ұқсатып таңдаса нетті. Бақандай бір жарнаманың орнын алып тұр ғой өзі, алтауын жаз да, анабіреуді өшіріп таста құрсын.
Бөлісу:

29 пікір

satibaldi
Айтпақшы, өз атыңды жазуды ұмытып кетпе, қанша дегенмен мақала сенікі ғой.
 Праздник сатиры
FaraOn1
Жазар көбейсін
satibaldi
Қалай, ойланып келдің бе?
Abilakim
көңілім бір көтеріліп қалды ғой!
aikarakoz
бәрін қойш, қаламының кеткен сиясын айтсаңызшы
Zhan
Мағауиннің "Қобыз сарыны" деген кітабында да ғылыми жұмысына Б.Кенжебаев деген ғылыми жетекшісі пәлен-түгендерді атап өт, әйтпесе ренжіп қалар деп айтқанын ашық жазып еді. Иә, ащы да болса шындық немесе "Өйткені бұл өмір!"
salta
мляяяя, кетті бәрінен...
asaubota
шынымен сөйте ме шалдар?
AKY
өтірік. өйтпейді.
asaubota
мені де сол жері күмілжітті
Gastarbaiter
математиктерді қайдам, бірақ бір салада осыған ұқсас жағдайлар боп тұратынына куә болдым, қай сала екенін айтып ұялтпай-ақ қояйын.
satibaldi
Солай етед, тіпті сендерде де солай, бидайбековсстың Ұялтып, манағырапияларын салмай-ақ қояйын енді.
Ottegin
Мынаған ұқсайды екен
ыыыы...
bazuka
құрсыыыыыын бейшара-ай
qisyq
Тағы, тағы!
Gastarbaiter
Музамен азаматтық некеде отырған Сатыбалды дейсің бе мені, анда санда барып тұрамыз енді сығалап
Janasil
Бірде бір досым студент кезде кітап жазып шықты, сондағы авторлардың тізімі былай құралған еді:
1. ДЕКАН.
2. Мұғалім.
3. Студент.
Aya
уау, керемет))) сонымен бірге "қазақ әдебиетіндегі коррупция" туралы жазсаңыз қатып кететін тәрізді. Сіздің қаламнан сәтті шығатын сияқты елестетіп отырмын
Gastarbaiter
Қазақ әдебиетіндегі коррупцияны сол салада жүргендер жақсы біледі, біз (әдебиеттен аулақ жандар) жазсақ фальш екені білініп қалады.
edige
Мынаны қалай оқымағанмын?