Екі данышпан

Есте жоқ ықылым заманда бір патшалықта екі данышпан өмір сүріпті деседі. Екеуін де "ғұлама" деп мойындағандарымен халық ақыл сұрауға бір данышпанға екіншісінен қарағанда көбірек баратын болса керек. Бұл әрине екінші данышпанға ұнамапты(осы жерде оның данышпан екеніне күмән туды).Бірінші данышпанға деген пасық ойын көпшіліктің көзінше жүзеге асырмақ болады. Аңдып жүріп, базар аралап жүрген сәтінде жолығып: «Уа, данышпан! Сені халық менен ақылды деп жүр ғой.соны тексерейін деп едім.Менің уысымда көбелек бар.Ақылды болсаң айта қойшы, көбелек тірі ме,әлде өлі ме?». Арам ойы«Егер тірі десе сығып өлтіре саламын,өлі десе алақанымды ашып қалғанда көбелек ұшып шығады, бұның абыройы айрандай төгілмей ме?» деп тұрған еді.Сол кезде данышпан «Бәрі өз қолыңда» деген екен.

Суреттегі данышпанның мысалға қатысы жоқ. Ол мына жақтан келді.
Бөлісу:

3 пікір

Nurgisa
Данышпан Больцман бидің ар жақ, бер жағы ма деп қалдым…
Abilakim
аралары + — бір ғасыр шығар қырғанда
aza
Больцекең болу қайда бұларға… Алайда, онда жаман да емес! «Бәрі де өз қолыңда» деген жақсы сөз негізі!