Екі данышпан

Есте жоқ ықылым заманда бір патшалықта екі данышпан өмір сүріпті деседі. Екеуін де "ғұлама" деп мойындағандарымен халық ақыл сұрауға бір данышпанға екіншісінен қарағанда көбірек баратын болса керек. Бұл әрине екінші данышпанға ұнамапты(осы жерде оның данышпан екеніне күмән туды).Бірінші данышпанға деген пасық ойын көпшіліктің көзінше жүзеге асырмақ болады. Аңдып жүріп, базар аралап жүрген сәтінде жолығып: «Уа, данышпан! Сені халық менен ақылды деп жүр ғой.соны тексерейін деп едім.Менің уысымда көбелек бар.Ақылды болсаң айта қойшы, көбелек тірі ме,әлде өлі ме?». Арам ойы«Егер тірі десе сығып өлтіре саламын,өлі десе алақанымды ашып қалғанда көбелек ұшып шығады, бұның абыройы айрандай төгілмей ме?» деп тұрған еді.Сол кезде данышпан «Бәрі өз қолыңда» деген екен.

Суреттегі данышпанның мысалға қатысы жоқ. Ол мына жақтан келді.
Әрі қарай

Абай шеше алмаған жұмбақ

Абайдың (Ибраһим) ауылында (немесе көрші ауылында,әйтеуір)Қисбай есімді бір кісі өмір сүрсе керек. Ол кісі маңайындағы адамдарды қисық сөзбен түртпектеп отыратын, тіпті екі-үш жерде Абайды да тосылтқан адам болған екен. Бір күні Абай сыйлы адамдармен отырса, үстіне Қиясбай кіріп келіпті.
-Қарағым, Абай, сені жұрттың бәрі данышпан дейді ғой.Менің бір шешуін таба алмай жүрген есебім бар еді, соның дұрыс жауабын айтып жіберсең…
-Ақсақал, айта беріңіз-деген екен Абай.
-Екі жүз ешкіде қанша мүйіз болады?
-Қиеке(Қилеке емес), өзі екі жүз ешкі болса, ешкіде екі мүйізден болатын болса 400 мүйіз емес пе?
-Әй, Абай қарағым-ай… Сонда ол екі жүз ешкінің ішіндегі тоқал ешкілері қайда, мүйізі сынған ешкілер қайда?-деген екен Қиясбай.
Әрі қарай