Балапанға оқып беріңіз :)

Мынау – балалар ақыны Сұлтан Қалиевтың «Қандай болып өсемін» атты өлеңдер жинағынан. Кеше ескі кітаптар жиналған жәшіктен кездейсоқ тауып алып, қайталап оқып шықтым. Қуанып кеттім Бала күнімде жатқа оқып жүрген керемее-еет өлеңдер ғой бұл! Кейін баларыма оқыту – дело личной чести
Сіз де оқып беріңіз

Радио мен монтер

Балалар жүр той жасап, бірі – «шопан», бірі – «ұстаз».
Біздер өстіп ойнасақ, қынжылыс та, ұрыс та аз.
Шелек киіп басыма, «радио» болдым да,
Шығып ағаш басына, отырдым кеп орныма.
Құстар ұшып төбемде, тақпақ айтып, ән салам.
Сүйсінеді төбемде қарап тұрған барша адам.
«Бұзылып» ем мен бірде, «монтер» болды Нұралы.
Жөндеймін деп келді де, құлағымды бұрады.
Үнім шығып бір өзге, көзіме жас іркілді.
-Жөнделді,- деп,- лезде,-барлық бала бір күлді.
Ойнап соқты үзімді, қандай өкпе айта алам.
Қысып қойып көзімді, әнге бастым қайтадан.
***
Дауыл мен ауыл

Бір топ бала көлге ерте
келдік қармақ, дүрбі алып.
Қысқарды көп көлеңке, қаппай қойды бір балық.
Қайнатады миыңды, нақ төбеден күн күліп.
Сыпырып бар киімді, иірімге сүңгідік.
Әрі-бері малтыдық, доп ойнадық бір ауық.
Шаршаған соң алқынып, құмға келіп құладық.
Құмның ыстық аптабы денемізді қыздырды.
Дауыл ғана жатпады, жағалауды із қылды.
Көз тастадық тынып сәт, тамашалап Дауылға.
Капитанша дүрбі ұстап, қарап тұр ол ауылға.
Күйдіргендей күн үстін, кенет бұрлы иығын.
Тастай салып дүрбісін, киіп алды киімін.
Неге ерте кигенін сұрап едік белгелі:
— Әктеп жүрген үйлерін Айгүл қарап тұр, — деді.
Қызарып тұр Дауылдың бас шекесі, құлағы.
Сонда көзі Айгүлдің дүрбідей ме қырағы?!
***
Атам, әжем, ағам мен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі – отыр едік шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып.
Арқасында – кіші інім.
Саны қанша, айта ғой үйдегі бар кісінің?
***
Он саулықтың ақпанда егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда, жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар, қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал жетті қанша тұяққа?

Қазақша кітаптармен қоректендіруден жалықпаған, балмұздақ пен сағызға «запрет» қойып, орнына өлеңдер жинағын алып беріп өсірген ата-анама мың алғыс. Соның арқасында ғой орысша оқыған бала-шағасы ана тілдерінде шала жазса да, еркін оқып, еркін сөйлеп жүргені ))
Бөлісу:

23 пікір

bazuka
неше жасыңызда оқыдыңыз, жаттадыңыз дұрысы
Gulzhanat
точно есімде жоқ.бастауыш кластарда ғой.
satibaldi
Он саулықтың ақпанда егіз туды жетеуі.
Қырға көшіп жатқанда, жалқы туды екеуі.
Тағы да бір тұсақ бар, қысыр қалды ол бірақ та.
Біздің үйде ұсақ мал жетті қанша тұяққа?

Социалистік Еңбек Ерінің үйінде туындаған шығарма болса керек…
Gulzhanat
керісінше, бұл кісінің өлеңдері ленин, ссср бітіп, астана, бәйтерек басталмай тұрғанда жазылып, идеология пропагандасынан чудом уцелели сондықтан да тартымды, жеңіл, көңілді.
Gastarbaiter
идеология пропагандасынан чудом уцелели, сондықтан да тартымды, жеңіл, көңілді.

Меніңше мына жерде логикалық қате бар секілді.
Gulzhanat
Мүмкін
Айтқым келгені, қазір кішкентайларға бала-бақшада, мектепте жаттататын өлең-тақпақтаға ішім піседі. Патриотическое воспитание береміз деп, переусердствовать ететін сияқты.
Ал енді, бұрынғы «Бұл Ленин бабмыз!» немесе «Ол кім? Фашист!» дегендерді кәз оқысам, жутковато )
Gastarbaiter
Ие, перестройка мен анархияны аңсап жүрмін де.
Gulzhanat
Аты өзгергені болмаса, әлі де соның о жақ, бұл жағы ғой
daniyar
 логикаға сыймайды
Adiletshu
Педанттығым үшін кечіріп қойың. Этикет бойынша тақырыпқа ысмайыл қойылмайды екен
Gulzhanat
Иә, Мейіржен сізді опережать етіп кеткен баяғыдоо))
Блог жазатын жер ғой, деп өзіме рұқсат бере салғам. Кешіріңіздер)
Gastarbaiter
Этикет бойынша қойылмайды, ал Нэтикетте ондай заң жоқ.
Gulzhanat
Жасасын Нэтикет)
Adiletshu
Атам, әжем, ағам мен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлес

рэпке сұранып тұрған мәтін екен
Gastarbaiter
Рэп бар ғой, Потап пен Настя Каменских айтады бірақ, орысша:
**
Покатилась с горы вниз любви лавина, чувства сделали ремикс мы на половину… Мама, папа, дядя, тётя, Брат, сестра, семья, работа… Только что-то хреновато на моей душе ребята…
Gastarbaiter
Рождественскийдің өлеңінің мына жолдары (
ЭСЭСЭРДЕ туылғандар мені түсінеді. Мықты өлең еді).
:
***
Я, ты, он, она,
Вместе — целая страна.
Вместе — дружная семья,
В слове «мы» — сто тысяч «я»
Большеглазых, озорных,
Черных, рыжих и льняных,
Грустных и веселых
В городах и селах!

… Я, ты, он, она,
Вместе — целая страна.
Вместе — дружная семья,
В слове «мы» — сто тысяч «я»
***
Я, ты, он, она,
Вместе — целая страна.
Вместе — дружная семья,
В слове «мы» — сто тысяч «я»
Большеглазых, озорных,
Черных, рыжих и льняных,
Грустных и веселых
В городах и селах!

… Я, ты, он, она,
Вместе — целая страна.
Вместе — дружная семья,
В слове «мы» — сто тысяч «я»

-деп мантра сияқты жаттаушы ек.
Gulzhanat
Иә, күшті өлеңдер бар еді, десем самой себе противоречу, да?
Gastarbaiter
Жоқ, мен бұны былай түсіндім, сенің келтірген өлеңдерің әп-әдемі ақ, саған да солай көрінген сияқты. Бірақ, жай "ұнайды" дей салған қызық емес та, оған осы сайттың «данышпандарының» салтымен эпохалды салмақ беру керек деп ойладыңыз ба деймін, ал идеологиялық тоқыраудың мына өлеңнің шығуымен хронологиялық сәйкестігі сізді одан сайын елітіп жіберді.
Gulzhanat
Сатыбалдыға жауап беру опасно екенін неше рет убедилась. Ұрынасың да өстіп, ал ақталып көр)
Adiletshu
Лібә, Қилызаманнан да асып кеттің
Gulzhanat
Құдай сақтасын, екеудің арасына есі кеткен түседі Я сама по себе))