Балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды

Отандық балалар әдебиетіне жаңа кітаптар қосылды. «Алуан түсті балықтар және Дария», «Даниялдың ғажайып әлемі» деп аталатын екі кітаптың авторы — Амани Жан.
Үш тілде аудио нұсқасымен бірге жарыққа шыққан кітапқа автор он жыл көлемінде дайындалған екен. Әдеби шығарманы жарыққа шығарарда: редакторлар, аудармашылар, дизайнер, суретші, дубляж режиссері, дыбыс режиссері, композитор, көркемдік редактор, дыбыстаған әртістермен қосқанда жалпы саны жиырма шақты мамандар жұмыс жасағандықтан, бұл еңбектің сапалы шыққаны даусыз. Кітап меломан дүкендерінде сатылымға түсе бастады.

Әрі қарай

Балапанға оқып беріңіз :)

Мынау – балалар ақыны Сұлтан Қалиевтың «Қандай болып өсемін» атты өлеңдер жинағынан. Кеше ескі кітаптар жиналған жәшіктен кездейсоқ тауып алып, қайталап оқып шықтым. Қуанып кеттім Бала күнімде жатқа оқып жүрген керемее-еет өлеңдер ғой бұл! Кейін баларыма оқыту – дело личной чести
Сіз де оқып беріңіз
Әрі қарай