Дәстүрлі интернетшілер конкурсы ұсынысы

«Қазақстанның Интернет ассоциациясы» «Намыс дода» деп аталатын конкурс бастады. Мақсат үздік сайттарды, белсенділерді, іс-шараларды анықтау. Бірнеше жюри әр пункт бойынша өз үздіктерін жазады. Сосын қортындысы шығарылып, ең көп дауыс жинағандар анықталады. Мысал үшін конкурс анкетасын қарап көріңіз.

Әрине бұл конкурс Қазақстандық интернет үшін болғанымен, ол жерде қазақтілді сайттар немесе белсенділердің орын алуы қиын. Сондықтан осындай конкурстың қазақтілді сегмент үшін аналогын ұйымдастыруды ұсынамын.

Алдымен жюрилер құрамын белгілеп алып, сосын Наурыздағы Блог Құрылтай кезінде нәтижелерін жарияласақ? Иә, өткен жылы блогшылар үшін бір конкурс болды. Бірақ, бұл жолғы конкурсты тек блогтармен шектемей кең көлемді қылып өткізсек деген ұсыныс менікі.
Бөлісу:

40 пікір

Daniar-Alan
мынау жақсы ұсыныс екен…
asaubota
Намыс додаға арналған сайт болады деп еді ұйымдастырушылар, әлі жоқ. 23-іне дейін дауыстар жиналып, барлық жюрилердің дауыстары жарияланады деді. мен өзімдікін осында жариялай берейін
Marco
пікірлеріңе толықтай қосылам! )))
asaubota
жаңа өзім тағы да қарап шықтым, өз дауысымды  мен де қосыламын.

егер ҚЗда тек қазақтілді интернет болатын болса сөзсіз солай болар еді дәл қазіргі жағдаймен есептесек
Abilakim
келесі жылы «Киностан» алып қалар
Marco
Патик атып шығып, «Киностан туралы білгіңіз келеді ме, толығырақ мына жерде», деп жазу керек сияқты.
omarbirat
Файлды сол күйінде өзіңе қайтарып жібере салса бола ма?
asaubota
бізде басқаша болады
e_zhalgas
конкурс ұйымдастырылса керемет, сыйақысы қомақты болса, одан да керемет болар ед
omarbirat
Ұйымдастырушылардың:
сыйақысы қомақты
деуі мұң екен. Қазақтілді сайттардың жұмысы екі ай бойы бір толастамады
Aldeken
посттағы ұсынысыңды қолдаймын.
Бірақ, пікірде өзіңнің таңдауларыңды көрсеткенің асығыстық секілді.
қанша жерден асаубота болсаң да, қарапайым қолданушылар үшін Админсің, таңдағанда сенің таңдауларыңды есепке алып отыратындар болады арамызда.
Aldeken
сосын ана абай.кз, маса.кз шығады, біржақтысыңдар, сыбайлас жемқорсыңдар, дееееп.
Aizhantabyn
во во!) Сол үшін, Админко мырза, сіз енді соңғы боп дауыс бересіз ау дим))))))
asaubota
сенің Админко деуің ұнайды ей
asaubota
жоқ, менің ол таңдауларым ана Намыс дода конкурсындағы таңдауларым ғой. бізде басқаша болады дегенмен шамамен сондай болады )))

иә, кішкене қатты кеткендеймін. бірақ, ол бәрібір жақында жарияланатын еді.
AKY
сонымен қоса, жасалатын презентацияларға байланысты байқау болса:
«техникалық тақырыптағы үздік презентация», «шәйнектерге үздік көмек» деген сияқты 2-3 номинация болса.
Дауыс беру арқылы немес жюри сайлау арқылы.
satibaldi
«техникалық тақырыптағы үздік презентация»
Өзің қатысып, өзің ұтывалып кеткің келіп тұр ма
AKY
))) Техникалық дегенде, веб-технологияларға қатысты ғой. Веб-технологиямен айналыспайтынымды бәрі біледі, бірақ стартапқа қатысып қалуымыз бек мүмкін
satibaldi
Ааа, иә, есіме түсті, әлгі сифон ба еді, дифон тойыс…
asaubota
Блогкэмп кезінде де өткізуге болады сондай қосымша конкурстарды.
AKY
Сол блогкемп күндері деп айтқым келген.
huanysh
Меніңше ұйым керек, қор болсын, бірлестік болсын, ал қазір дауыс бере берсек болады.
Бір-екі адам дауыс жинау және есептеумен айналысса екен.
ИАК қазақ тілі аудиториясына басын сұғып бастады, wordpress тегі аударманы қайта жасап пайдасы жоқ дүниелермен айналысуда, олардың ең басты мақсаттары өз заңдарын жоғары енгізу.
Қазақ тіліндегі белсенділер топ, топ болып әр жақта жүр, құрылтайда баршасы жиналып осы мәселі бойынша шешімге келсек, өзіміз үшін жақсы болар еді, әйтпесе ИАК н/е тағы басқалар… қазақ тілді сайттардың ұйымшылдықтың жоқтығын пайдаланып жүр деп өзім ойлаймын. Сіздер қалай ойлайсыз? келісесізбе?
asaubota
келісемін. ИАК сияқты өзіміздің бір ұйымымыз болуы керек.
Aizhantabyn
Kuanyw, kezdesuge kel )))
huanysh
қашан болады?
Aizhantabyn
АЛЛА жазса жұмада, қазір Талғат келсін, келісіп, шешеміз.
KILYZAMAN
Мұз жарылып, қозғалақтай бастаған екен… Игі шара
Zako
ИшАК-тың мынау іс-шарасынан шалақазақтықтың иісі шығып тұр. Қазақ Интернетінің өз алдына дербес ұйымы мен өзіндік «тіршілігі» болғанын қолдаймын. Орыстар мен шала қазақтардың қазақтілділердің қамын жегенсіп, ауадан тиын істегені ұнамайды.
asaubota
бұл жерде 3-4 түйір (Ербол, Асхат, мен) қазақты для галочки қосып қойған сияқты. қазақша сайттар бәрібір ол жерде оза алмайды.
Zako
Қазақтілділерді бөлек етіп шығарып бағаламаса, арнайы аталымдары болмаса, дұрыс болмайды. Енді оған бастары жетпесе, білмедім онда.
KILYZAMAN
Мәселе озуда емес… Мыстарыңның өзі не тұрады
Zako
Бағалаушылардың көбі қазақшаны қақпайтындар екен. Олардың арасында қаншамасы құйрығы бар және құйрығы жоқ әріптерді ажырата алмайды. Қазақша білетін орысшаны да жеткілікті деңгейде түсіне алады. Демек, орыстілді сайттарға тиісті бағасын бере алады. Ал казакша не понимаю деп міз бақпай тұратындар қазақтілді сайттарға қалай тиісті бағасын береді? Сайттың сыртқы келбетіне қарап, тисе терекке, тимесе бұтаққа деп бағалай салмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Соңында орыстілді сайттар жеңімпаз, ал қазақтілділерден бірен-сараң жеңімпаз сайттың шығуына негіз бар болып тұр.
asaubota
ИАК бастаған Намыс-Дода конкурсының алғашқы этабының нәтижелері шығыпты www.namysdoda.kz/vote/index/2011

бұдан кейін мұндай байқауларға қатыспайтын шығармын. өйткені бәрібір ол жерде орыстілділер жеңеді. біздердің дауысымыз бәрібір жетпейді. тек бізден 2-3 адамды қосып, біз бәрін қамтып жатырмыз деген есеп қана керек сияқты.

биылғы Авард-2012 конкурсына да қатыспаймын. өзімізге әлі сайттар саны аз болса да бір конкурс ұйымдастыру керек.
VKM
Бәрі туфта.Шынымен қазақша сайттарға өгей балаға қарағандай қарайды(((((((((
KILYZAMAN
Өгей бала табаққа жақын болатынын ескерсек — түкке тұрмайды уайымымыз :-)