Дәстүрлі интернетшілер конкурсы ұсынысы

«Қазақстанның Интернет ассоциациясы» «Намыс дода» деп аталатын конкурс бастады. Мақсат үздік сайттарды, белсенділерді, іс-шараларды анықтау. Бірнеше жюри әр пункт бойынша өз үздіктерін жазады. Сосын қортындысы шығарылып, ең көп дауыс жинағандар анықталады. Мысал үшін конкурс анкетасын қарап көріңіз.

Әрине бұл конкурс Қазақстандық интернет үшін болғанымен, ол жерде қазақтілді сайттар немесе белсенділердің орын алуы қиын. Сондықтан осындай конкурстың қазақтілді сегмент үшін аналогын ұйымдастыруды ұсынамын.
Әрі қарай

Намыс дода

Осыдан біраз жыл бұрын Қазақстан арнасы «Намыс дода» атты ойынды көрсетуші еді. Жүргізушісі Нұрлан Қоянбаев болды-ау деймін шамасы. Бұл ойынға белгілі бір мемлекеттердің спортшылары, өнер жұлдыздары қатысушы еді. Үйде бала-шаға, шал-шауқан демей бәріміз көруші едік.Бағана ТД қарап отырсам ресейліктер тағы да осындай сынға түскелі жатыр екен. Біздің ел бұл ойынға неге қатыспады екен? Әлде бір іріктеу ойындары болушы ма еді, содан өте алмадық па?

Суреттің алынған жері міне
Әрі қарай