БОРАТ лишний

Елордада VIP қазақстандықтарға арналған шарж ашылғанын бүкіл БАҚтар жарыса жазып болды. Соңғы нүтесін мен қояйын. Сонымен ойды салған Ғалым Байтук, суретті салған Валерий Крестников екен. Суреттердің ішінде Мұрат Әбеновтің суреті қымбатқа сатылды))) Суреттерді мына жерден қарап алуға болады.

Көріп отырғандай бұл шрждарды қарт қылып шығарып жатыр сатып алып ойнап көріңдер. Қызық болады. Қарға тұзында Кәрім Мәсімов белгіленген.
Бұл ешқандай да жарнама емес)))
Бұрын мектепте мынадай тест сұрақ болатын «4-ый лишний». мысалы жауаптарында: а) қарға, б) құзғын с) сауысқан; д) ит; типі осындай. Ішінде лишнийі қайсы? Бір қарағанда бәрі де бірдей, бәріде жуындымен қоректенетін сияқты. Бірақ лишний ит, өйткені ұша алмайды.
Суреттегі 4 шарждің ішінде артығын тап десе, қайсысын көрсетер едіңіздер?
Әркім өз ойынан дерек береді ғой))) Меніңше БОРАТ лишний. Реалды қазақстандық ВИПерлердің арасында америкөт киноперсонаж қалай да болғанда артық.
пысы. ойнап жатсаңдар қызықтарыңмен бөлісе отырыңдар)))
Бөлісу:

7 пікір

meirzhan
Сонда мысалы кілең 3-термен де «лишний» ойнауға бола ма?
Мына 2-ліктер арасындағы оң жақтағы кім? Сол лишний ғой деймін, себебі қалған 3-уі де Қазақстаннан тыс.
Zako
Егер қателеспесем, ол кісі Әкежан Қажыгелдин болады. Ол да Қазақстаннан тыс жерде. Бір қарағанда Нұрлан Балғымбаевқа да ұқсайды. Бірақ ол емес
Abilakim
мұрат Әбенов демекші кеше «Еларнадағы» "Өмірде болғаннан" сол кісіні көрсетіп жатыр еді…
FaraOn1
түйе 8/7/6 лардағы суреттер қызық екен)
asaubota
күшті шыққан екен
araika
Суреттердің ішінде Мұрат Әбеновтің суреті қымбатқа сатылды
Сілтемемен өткенде ол суретті көре алмадым. Бірақ, Фэйсбуктегі аватары болса керек.
meirzhan
Кімсің-ей Фейсбукта?