Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны "дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе "танымал тұлғаға арнап салынған сурет түріндегі жеңіл әжуа " деп береді. Шарж адамды зілді кекесінмен тұқыртып, саяси карикатура сияқты сынамайды, кемшілігін бейнелі түрде бетіне басып, табаламайды. Шарж мақсаты — кейіпкерінің кейбір ерекшеліктерін еселеу арқылы жылы жымиту. Сондықтан, оны «мейірімді карикатура» деуге де болады.
Әрі қарай

БОРАТ лишний

Елордада VIP қазақстандықтарға арналған шарж ашылғанын бүкіл БАҚтар жарыса жазып болды. Соңғы нүтесін мен қояйын. Сонымен ойды салған Ғалым Байтук, суретті салған Валерий Крестников екен. Суреттердің ішінде Мұрат Әбеновтің суреті қымбатқа сатылды))) Суреттерді мына жерден қарап алуға болады.
Әрі қарай