Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Біз сияқты қаратабан тоғышарлар «фотоприкол», «ентерлет мем» һәм демотиваторларды өзіне жаңалық етіп ашпас бұрын, қалам ұстаған интеллигенттер бір-біріне карикатураның «шарж» деген түрін жиі қолданған екен. Анықтамасында оны "дос-жаран, құрбы-құрдасқа әзіл-қағытпа ретінде салынатын портрет" немесе "танымал тұлғаға арнап салынған сурет түріндегі жеңіл әжуа " деп береді. Шарж адамды зілді кекесінмен тұқыртып, саяси карикатура сияқты сынамайды, кемшілігін бейнелі түрде бетіне басып, табаламайды. Шарж мақсаты — кейіпкерінің кейбір ерекшеліктерін еселеу арқылы жылы жымиту. Сондықтан, оны «мейірімді карикатура» деуге де болады.

Мәселен, мына суреттегі жігіт әрі құрдасым, әрі танымал тұлға болғандықтан, аталған екі анықтама бойынша да менің шаржымның құрбаны болуға лайық.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Мына ізгі жандар да…
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Бұларды мен қаламмен не бір күрделі фоторедакторлардың көмегімен салғаным жоқ. Дайын сайт қызметтеріне жүгіндім. Нарықта бар фоторедакторлардан дауа таппай, біраз қиналғаным рас. Өкінішке орай тек шарж жасауға ыңғайландырылған сайттар мүмкіндігінің кеңдігімен қуантпайды. Кейбірі ақылы және ұзақ тіркелу процессіне мәжбүрлейді.
Алайда, қапелімде досыңызды қағыту үшін әжеңіздің бешпетінен де көне карикатура жанрын жаңғыртқыңыз келсе, ал фотошоп туралы білгеніңіз менің Зимбабве елінің салық төлеу ерекшеліктері туралы білімімнен аспаса, мына сайттар сіздің браузеріңіздің мәртебелі назарына әбден лайық дей аламын:

1) Фотодан қажетті объектіңізді артқы фонынан қырқып алуды оңайлататын сайт: https://clippingmagic.com/

2) Фотоға түрлі эмоция беретін, бетін ісіріп, кептіріп, қампайту қызметі бар сайты: http://cartoon.pho.to/ru/

3) Тәп-тәуір портреттің екі жартысынан екі карикатура жасап шығаратын сайт: FunnyFace

4) Портретке әр беретін онлайн-қызмет: art.pho.to/

5) Фотодан аватар жасау: http://www.kmkm.com

Бұлар да сізден белгілі бір кезеңде тіркелуді сұрауы мүмкін. Бірақ, бір жақсысы — оларды айналып өту қиын емес. Көптігінен де шошынбаңыз, өңдеу барысы, кейін өзіңіз байқайтындай, мұрын шұқудан да оңай.
Дайынбысыз?
Кеттік.


БІРІНШІ ҚАДАМ — ҚҰРБАНДЫҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ


Таныстарыңыздың ішінен, «осыған әзілден есем кетіп жүр-ау» деген біреуін таңдайсыз. Менің жағдайымда, ол — мені өткенде "қартайтып" тастаған Тимур Бектұр деген жігіт. Иә, дәл таптыңыз, ол — Маңғыстаудың жыл адамы, Қазнеттің беделді тұлғасы, блогиада сайысының қазысы және… упс, (осы жерде жолы болмай қалса керек) менің құрдасым.

Сонымен, амигоның жұртқа көрсетуге ұялмайтын, тәуірлеу суретін таңдаймыз.

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары
Бұл әсем суреттің көресі әлі алда, ал әзірге...


ЕКІНШІ ҚАДАМ — ФОНДЫ ТАЗАРТАМЫЗ


Суреттен портрет жасау үшін, артқы фонынан кейіпкерді ажыратып аламыз. Ол үшін https://clippingmagic.com сайтына барып, суретін сонда жүктейміз.

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Фонды тазартуды сайттың өзі көрнекі түрде үйретеді. Бәрі қарапайым, қызылмен фонды, жасылмен кейіпкерді бояңыз. Кейде екі-үш штрихтің өзі жетіп жатыр.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Суреттің айналасын тазартқан соң, оны сақтап қою үшін сайт сізден тіркелуді сұрайды. Мен бұл «тұзақтан», тінтуірдің кәдімгі оң батырма, «сохранить» әдісімен оңай құтыламын.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

ҮШІНШІ ҚАДАМ — БЕТ ҚИСАЙТАМЫЗ


Фотошопта «Liquify» құралы арқылы шешілетін бұл мәселені біз http://cartoon.pho.to/ru/ сайтына барып, бірнеше кликпен шешеміз.

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Тимақаң тым байсалды екен мына суретте. Жүзіне сәл эмоция берсек қайтеді? Мысалға былай:

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Бетті созбай да, тартпай да біртүрлі көрініс берудің тәсілі — "Funnyface" қосымшасы.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Суретті жүктеп болған соң, мынадай экран шығады. Ортадағы тік сызықты мұрынның дәл ортасына қоясыз.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Жер бетінде оң жағы мен сол жағы 100 пайыз симметриялы келетін адам жоқ. Сондықтан, қанша дәлдеп ортасына қойсаңыз да, бұл сервис бір-біріне мүлде ұқсамайтын екі сурет шығарып береді. Маған ұнайтын жері де — осы.

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Мен, әрине, оң жағындағысын таңдап, дискіге сақтап қойдым.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


ТӨРТІНШІ ҚАДАМ — ӘРЛЕЙМІЗ!

«Джокондамыз» дайын болды.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Енді бұған суретшінің қаламынан шыққандай әсер беру үшін http://art.pho.to/ сайтына жүктеп, «Скетч» фильтрін қолданамыз.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Міне, осы жоғарыда аталған төрт қызметті түрліше қолданып кез келген адамға санаулы минутта шарж жасауға болады.



Ал енді мына бір суретке назар аударайық.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары

Осындай сурет жасағыңыз келе ме?
Ендеше бұл тәсілмен де жақынырақ танысып, «вандализмімізді» әрі қарай жалғастырайық.
http://www.kmkm.com аватар жасайтын сайтқа барамыз.



1. КЕЙІПКЕРДІҢ ЖЫНЫСЫН ТАҢДАЙМЫЗ


Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


2. СУРЕТІН ЖҮКТЕЙМІЗ

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


3. БАСЫН ТАҢДАП, КӨЛЕМІН КЕЛТІРЕМІЗ

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


4. ШАШЫНЫҢ ТҮСІ МЕН ТҮРІН КЕЛТІРЕМІЗ (МҰРНЫН, КӨЗІН ДӘЛ СОЛАЙ КЕЛТІРУГЕ ДЕ БОЛАДЫ)

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


5. ДЕНЕСІН ТАҢДАЙМЫЗ

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


6. ФОНЫН ТАҢДАЙМЫЗ (ҚОСЫМША МҮЛІКТЕРІН ДЕ ТАП СОЛАЙ ТАҢДАУҒА БОЛАДЫ)

Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


7. САҚТАЙМЫЗ

«SAVE» пернесіне бассаңыз, төмендегідей тіркелуге ұсыныс түседі. Бірақ, сайттың веб-шебері бізге бұл рәсімнен аттап өтуге де мүмкіндік қалдырыпты.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Бәрекелде!
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары


Жасаңыздар, бөлісіңіздер, сәтті шыққаннын үлкен қағазға түсіріп, достарыңызға сыйға тартыңыздар, қысқасы, шарж ләзатын барынша сезініңіз.
Блог - Gastarbaiter: Бейталант суретшіден шұғыл шарж сабақтары
Бөлісу:

23 пікір

AKA
 Екінші суреттің кейіпкерлерін «сұлуландырып» жіберіпсіз. Жоғарыда көрсетілген сайттарды бір шарлап көру керек екен. Рахмет!
Gastarbaiter
Ол жігіттің фактурасы қызық өзі, сәл қисайтсаң болды — өзіне мүлде ұқсамай қалады.
Үш түрлі фотосын "қорладым" адам танымастай боп кетеді. Ал шарждан адам сөзсіз танылып тұруы қажет.
asaubota
үйдегі щеголдармен істеп көрем. оларға ұнайтынына сенімдімін. және сексенбірлерге де жасаймын. Basic апайды семіртемін
Соңғы түзету:
Basic
арықтығым жаныңа батып жүр-ау құрдас
AlmasNakhypbek
Осыған пікір жазуға бола тіркелдім шынымды айтсам! керемет шыққан суреттер. Қалжың жасауға, баннер жасауға керемет сайттар. рахмет. пайдалы дүниелерің көбейе берсін, автор!
Gastarbaiter
Көп рахмет тілектеріңе! «Кибер-сервиске» сәл креативтілік қоссаң, бұдан да күштірек, сәттірек суреттер жасай аласың. Процесстің өзінен біраз позитив алдым өзім. Жасаған алғашқы креативтеріңмен бөлісе жатарсың:-)
Соңғы түзету:
Korkem
Тимақамды муахахахах андай ғып муахахах көрем деп ойламаппын
AKA
Анаааау мультяшки дегенге барып, «трансформация лица» жасап көрсиш  әлгі жерде... күлкіден тоқтай алмай отырғаным  Кешірім сұраймын, бірақ Асхат ағайдың суретіне қарасам
qonyrbai
«Шұғыл! Сатам!» дегені дәл!
zholantai
Тимекеңнің практикалық жауабы күтіледі,
AKY
Маралбек — симпа
Marco
Қасқырбайтер, лібә!!!  Қоянға жаттым!
Gastarbaiter
Лібә, бәрі дайын боп, сол қалғанда… қоян іздеген әуремді көрсең.
Бір-ақ қоян таптым "үй жануары" деген бөлімде, ол ақ түсті екен, әрі ойланып, бері ойланып, ойыншықтар бөлімін қарасам, «О, мане!!! мынау жатыр, ашық қоңыр түсті боп
»Жерден жеті қоян тапқандайдың" мағынасын сол кезде түсіндім.
Соңғы түзету:
qonyrbai
Сұрақ туындап отыр: вэб-қолтаңба жасауға көмек беретін қандай сервистерді кеңес қыласыз?
Gastarbaiter
Әңгіме электрондық қолтаңба туралы ма?
Соңғы түзету:
rakisheva
Прикоооооольный пост