Жемқорлық желкемізден шыға ма екен?

Кеше Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының жыл сайынғы әлемдегі жемқорлық деңгейі туралы есебін оқып отырып мынадай ақпаратты байқадым. 2011 жылдың нәтижесінде Қазақстан әлемдегі жемқор мемлеккеттердің қаймағына айналған ба деп қаласың.
Жемқорлықты есептеу индексін мемлекеттік сектор мен іскерлік ортадағы жемқорлық деңгейімен анықтаса керек. Бұл өз кезегінде эксперттермен іскерлік ортадағы мамандардың жауабына негізделген. Жемқорлық деңгейі сандармен белгіленген. 0 — бұл жемқорлық мемлекетте жоқ дегенді білдірсе, 10 — жемқорлық ушығып тұр дегенді білдіреді. Қазақстан 2,7 балмен 120 орында тұр. Біз былтырғы жылы 105 орында тұрған екенбіз. Бірден 15 орынды жеп қойған Қазақстан ТМД да алдыңғы орындарда…
Мәселен:
Ресей 143 орында 2,4 балл;
Армения 2,6 бал;
Украйна 2,3 бал;
Тәжікстан 2,3 бал;
Қырғызстан 2,1 балмен 164 орында болса;
Түрікменстан мен Өзбекстан 177 орында 1,6 балмен орын алған.
Ал соңғы орындарда Сомали мен Сол.Корея 1,0 бал. Жоғарғы орындарды Жаңа Зеландия, Дания және Финляндия 9,5 бал. Ал Қазақстан үшін 9,5 балдық меже қазірге арман болып тұр. Осы елдер қатарына жету үшін 2-3 ұрпақ ауысу керек шығар бәлкім. Сіз қалай ойлайсыз???
Бөлісу:

18 пікір

omarbirat
0 — бұл жемқорлық мемлекетте жоқ дегенді білдірсе, 10 — жемқорлық ушығып тұр дегенді білдіреді. Қазақстан 2,7 балмен 120 орында тұр.
Мына жерде қате бар сияқты.
Жоғарғы орындарды Жаңа Зеландия, Дания және Финляндия 9,5 бал. Ал Қазақстан үшін 9,5 балдық меже қазірге арман болып тұр.
Демек, Қазақстандағы жемқорлық деңгейі Жаңа Зеландия мен Даниядағыға қарағанда әлдеқайда төмен? Онда 9,5 ұпайды не үшін армандауымыз керек, жемқорлықты ушықтырып?
Marco
Қате. Бұл ақпараттың шыққанына бір айдан асты ғой деймін. Дұрыс түсінбеген.
MINbala
керісінше кімде көп бал сол мемлектте жемқорлық деңгейі төменірек… Тиісінше Жаңа Зеландия мен Даниядағ 9,5 бал№ Бізде 2,7 бал… Енді түсінікті болды-ау шамасы… Сол№Корей елі 1,0 бал әрең жинаған…
KILYZAMAN
жемқорлық деңгейі төменірек…
— не деп отырсың өзің? Біз алда болуымыз керек қай жағынан болсада
sabalak
Өткенде теледидардан Мұхтар Шаханов ағамыздың «Депутаттар жепутаттарға, демократия жемократияға айналды» деген ащы сөздерін естігем! Жағдай жаман болып тур! Шал кеткесін бізде әлі қуып жетерміз сол 3 елді.
KILYZAMAN
Сыбайластар керек болып тұр… Жем таптым, бөлісіп желік
Nurgisa
«Служебный романда» ана кісі гардеробқа киімін тапсырып жатқанда, бәрі астапыралласын айтатыны бар емес пе еді…
KILYZAMAN
Содан…
Nurgisa
Новосельцев ашынады, «бүгін тағы біреу туылса не өлсе, мен түскі ассыз қаламын» деп.
KILYZAMAN
Қай жағынан келейін бұл тұжырымның?
konvict
Явно біреуді қақпанға түсіргісі келген адамның сөзі
KILYZAMAN
Өз көлеңкеңнен несіне қорқасың? Жем жегің келмейме не?
asaubota
осы бір нәрседен болса да 1-ші орынға шығатын кезіміз бола ма екен? өзін өзі өлтіруден де әлі 2-ші болып келеміз әлемде.
KILYZAMAN
Осы барғой ше, сыбайлас жемқорлар кереметтей ақылдарын халыққа(олар үшін басқа) жаққа бағыттаса НҰР үстіне НҰР болатын сияқты
KILYZAMAN
түзету:
халыққа(олар үшін басқа) жаққа бағыттаса
— халық(олар үшін басқа) жаққа бағыттаса
Gastarbaiter
Әлбетте бірінші орынға шығуға болады. Ол үшін бір көрсеткішті ойдан құрастыру керек. Мәселен, адам басына шаққандағы қалпақ-шапаны бар бірақ кимейтіндер коэффициенті бойынша бірінші орынға шығуымыз мүмкін-ақ