Жемқорлық желкемізден шыға ма екен?

Кеше Transparency International халықаралық үкіметтік емес ұйымының жыл сайынғы әлемдегі жемқорлық деңгейі туралы есебін оқып отырып мынадай ақпаратты байқадым. 2011 жылдың нәтижесінде Қазақстан әлемдегі жемқор мемлеккеттердің қаймағына айналған ба деп қаласың.
Жемқорлықты есептеу индексін мемлекеттік сектор мен іскерлік ортадағы жемқорлық деңгейімен анықтаса керек. Бұл өз кезегінде эксперттермен іскерлік ортадағы мамандардың жауабына негізделген. Жемқорлық деңгейі сандармен белгіленген. 0 — бұл жемқорлық мемлекетте жоқ дегенді білдірсе, 10 — жемқорлық ушығып тұр дегенді білдіреді. Қазақстан 2,7 балмен 120 орында тұр. Біз былтырғы жылы 105 орында тұрған екенбіз. Бірден 15 орынды жеп қойған Қазақстан ТМД да алдыңғы орындарда…
Әрі қарай

138-дің хатына үлгермегендерге 247-нің петициясы!

Бүгін мына жерге сілтеме жіберіпті бір таныстар.
Кеше Айконаның айтқан заң жобасы болуы керек жобалауымша…
Қарап талқылай отырыңдар, еу, тілашарлар, тойыс, тіл жанашырлары. ))))))))

247-нің петициясы
Әрі қарай

Ренжімеңдер, бірақ тағы да – қазақ тілі туралы

Талант МауқанұлыҚұпиямды ашайын. Кешеден бері не жүріс дегендерге (келіншегім оқып отырса — дұғай сәлем!). Үкіметтік Емес Ұйымдардың мәжілістерінің біріне, Вашингтон Университетінде (жақшаның ішіне АҚШ деп көрсетпей кетсем ше, хых-хых-хых)… қазақ тілінен(!) сабақ беретін Талант Мауқанұлы деген маман келеді деп еді.Профессор, үш тілді жетік меңгерген (қалған екеуі: қытайша мен ағылшын). Қазақ тілінен сабақ беретін адам көрмей жүрсің бе деме: брошюрада оның, сабақтарды оқытуда мультимедиалық тәсілдер қолданады деді ғой! Ал мультимедиалық технологиялар енді — менің «кәйпім» (егер мультимедиалық технологиялар біреудің әйелі болса, мен оны алып қашар едім, ал керек болса тіптен! ). «АҚШ қатты озып кеткен жоқ па?» деген күдік те бар баяғы.
Әрі қарай

ҮЕҰ: «алаяқ» индекстер

Бүгін Үкіметтік Емес Ұйымдардың келесі бір секциясында мамандар сандық көрсеткіштерге шүйлікті.

Лирикалық шегініс: жазған құлдарыңызға да материалдық болмаса (тонна, килә, шақырым), гуманитарлық сандық көрсеткіштер айдың ар жағындағы түсінік болып жүр еді. Мысалы, «Адамның Даму Индексі» дегенді қалай түсінуге болады? Хех: «Бауыржанның даму деңгейі 0,7» деген шынымен бір-түрлі ғой: не жарымес екенін, не данышпан екенін бірден ұға алмас едіңіз.

Әлқисса, халайық: мұңаймаңдар! Тіпті Өмір Сүру Сапаңыз нөл бүтін мыңнан бір десе де! Себебі, мына ұйымдар өздерінің сандық көрсеткіштеріне өздері күдік білдіріп жатыр! Әрине, жай ғана сандық көрсеткіштерге емес, бірнеше көрсеткіштердің қорытынды-синтезі болып табылатын агрегаттық көрсеткіштерге. Оның үстіне кейбір ұйымдар өз жұмыстарын жақсы жағынан көрсету үшін, өздері индикатор жасап алатын көрінеді.
Әрі қарай

Үкіметтік Емес Ұйымдар: түйенің қомындағы "қозғалыстар"

Жемқорлық, асыра сілтеу, бармақ басты — көз қысты әрекеттер, жең ұшынан жалғасу… Тұра тұр, сүтқоректілердің шенуніктер отрядына қатысты кезекті зарлы әңгіме емес. Сөйтсек, мұндай келеңсіздіктер Үкіметтік Емес Ұйымдарда да болып тұрады екен! Рас, шенеуніктер сияқты қаржы полициясы масқара қылмай-ақ, өздері мойындап отыр. «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан конференцияның «Даму саласындағы аңыз бен ақиқат» атты секциясында айтылған фактілерден, Үкіметтік Емес Ұйым деп аталатын ең транспарентті ұйымдарды да жемқорлық іспетті құрт дендегенін көресің.

Оқымыстылардың күдігі

Гуманитарлық ұйымдар мен олардың қызметтері жөнінде барлығымыздың ең қажетті деген хабарымыз бар. Жапонияда топан су — олар сонда; Африкада аштық — олар сонда. Иә, ізгілік пен иман итермелеген жандарға қол соқпасқа шара жоқ.
Әрі қарай

Үкіметтік емес, бірақ - үкіметтік...

Бүгін Астана қаласында «Азаматтық Альянстың» ұйымдастыруымен Үкіметтік Емес Ұйымдардың 20 жылда бітірген жұмыстарының қорытындысы іспетті конференция өтіп жатыр. Жеке өзім пәлсапалық күйзеліспен бардым десем де болғандай, себебі үкіметтен қаржы алып – қалайша «үкіметтік емес» деген айдар алуға болатынын түсінгім келді. Әрине, ҮЕҰ туралы жақынырақ білуге де ынта бар.
Әрі қарай