Қайткенде адам қалады адам болып?
КТК арнасынан жаңа түрік сериалы болып жатыр ғой. "Қайран заман" деген. Бас жағын көріп едім, тым ауыр екен. Әлде, таныс жағдай, таныс тағдыр болған соң ауыртты ма екен… Әйтеуір, көргім келмеді.
Бірақ, анда санда, мамаға барғанда, бірге көремін. Сол кездері адамның бір қателіктен екіншісіне қалай ұрынатынына, адам баласына деген аяушылықтың, сыйластықтың болмай кететін кездеріне таң қаламын.
Төрт баласы бар отбасын тастады. Мақұл. Жүрекке әмір жүрмейді, жарыңнан суынып, басқа әйелмен тағдыр қосқың келді ме — бәрі өз қолыңда. Бірақ, неге еркектер сол бір қадамды адам сияқты жасай алмайды екен деп ойлаймын.
Неліктен, қанша жыл отасқан әйеліңді тастап бара жатып, тым болмаса сол әйелдің арын, намысын аяққа баспай, адам құсап кетпеске?
Неліктен, әке мейрімінен айрылып, тірі жетім қалып бара жатқан балаларыңның бұдан былайғы тағдырына алаңдаушылық танытпасқа?
Неліктен, тым құрыса, балаларыңның туып, өскен қара шаңырағын солардың өздеріне қалдырып, соқа басың кетпеске?
Неліктен, бұдан былай пешенесіне жартыкеш өмір жазылған бұрын, бір кездері сүйіп қосылған әйеліңнің аяғынан тік тұрып, тіршілігін жалғастырып, балаларын өсіріп жеткізу жолындағы талпынысын сырттай болса да құптамасқа?
Неліктен оны бауыр еті баласы, көз қуанышы кенжесінен айырмай, онсыз да жаралы жүрегін ауыртпауға тырыспасқа?
Неліктен, нақсүйеріңді бұрынғы отбасыңнан алыста ұстамасқа?
Неге? Неге осы ер-азаматтар өздері үшін талас жүріп жатқан кезде қоразданып кетеді? Неге осындай қыл үсті, онсыз да ары таразыға түсіп тұрған сәттерде қоқиланып, айналасындағыларға қорлық көрсетіп жібереді?
Түсінбеймін… Осы сериалды көрген сайын санамды сан сұрақ тілгілейді. Адамның азғындығының шегі осы ма, әлде одан да сорақы қылықтар жасай ала ма?
Сол сериалда мен Джемилеге емес, Алиге жаным ашиды. Сорлылықтың шегіне жетіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, ойыншыққа айналғанын сол өзі ұға ма екен?
Оның жеке өмірін қозғап қойдыңыз ғой уже. Санаңызды негаттивке бұра бермеңіз, өмірден түңіліп кетесіз.
Қызықсыз, біреудің таңдауын талқылап сіз де. Бірде бір жігіттің «Білә, мускулистый жігіттерге тек жәлептер қызығады дегенін естіп, „білә небір долбиктер бар екен ғой“ деп ойлағам.
Қайткенде адам қалады адам болып?aудaрмaсы қызық екен…Маған Джемиле мен Сонер образдары ұнайды.
Нұргүл, осы постты «Түрік сериалдары» қауымдастығына салып қойсаңшы?
Әйелдің рөліне, сұлулығына ырзамын
Кезінде Джемиленің басында болған жағдай Каролиннің өз басына келді.
Әй, бірақ, «мен сені қаламаймын» деген сөз ол әйелдің жүрегін ауырта қоймас. Оның қорқынышы, қандай да бір стабильностьттан, басындағы үйден айрылып қалам ба деген. Сәл де болса, қолында күші болса, Әлиді лақтырып кете берер еді. Ес жиып алғанша жіпсіз байланып жүр.
Баланың да оған керегі шамалы. Қайтадан Алиді өзіне байлау үшін, типі ана болып жүр.
Ал Али өз істерін әлі де мойындамаған, өкінбеген сияқты.