Дәрумендер (мини-шолу)



Енді көктем жақындаған сайын дәрумен жетіспеушілік, қаназдық, көбейеді.
Білә, бірақ көк шөпке ілініп кетуге асыққан қой секілді қурап тұрса да, көтіне тақалғанда тірілетіндер оянып, дереу жаттығушылар көбейеді;
Себебі, биыл жазда тағы да бұты тырысқан джинсы, қарның болса кие алмайтын тар футболка, қолтық жүні қауғадай, бірақ қолдары жіңішкелер кие алмайтын стильді жеңсіз майкалар сәнге айналады.
Оларды киюге ұялмау үшін жігіттер күз түскенде емес, керісінше жаттығуды көктемде, не қыстың аяғында бастайды.
Қазір дәріхананың ішіне кірсең, көзің жан-жаққа жүгіреді. Жасыңа, өмір салтыңа байланысты түрлері де қойыма дейін. Арасына өтірік пайдасы жоқ қи қоса салса да байқамайсың ғой.
Бағасы да әртүрлі.
Қарапайым, құтысы 100-150 теңге тұратын ревит, ундевит, аскорбинкалардан бастап, 3000-ға дейін баратын мультидәрумендер комплексі бар.

Соның ішіндегі өзім тәжірибеме сүйеніп, жиі қолданғандарыма шолу жасап жіберсем деймін:

1. Витрум Перформенс — арнайы қарқынды спорт түрлерімен айналысатындарға шығарылған, құрамында ЖеньШень экстрактісі бар (ЖеньШень — табиғи, зиянсыз, анаболик ғана емес, жалпы еркектік қуатыңа, сергектігіңе мықты әсер етеді-міш).

Мен байқаған плюстары:
1) Күніне біреуін ғана ішесің
2) Басыңды қатырмайсың, барлық дәрумендері ішінде.
3) Аннотациясы жарнама сияқты, керемет жазылған.

4) Авитаминоз кезінде ішкенмін, әлсіздікті жеңуге көмектесті.
Минустары:
1) Витамин үшін бағасы қымбаттау. Қымбаттау емес, көкесінің ақысын сұрайды. 1400-2000 теңгеге дейін барады. Ақшаны нақты дәрумендер үшін емес, оның жарнамасы мен айырықша әдемі құтысының құнын ақтау үшін төлейтін сияқтысың.

2. «Дуовит для мужчин» 30

Плюстары:
1) Күніне біреуін ғана ішесің
2) Қажетті дәрумендердің біразы ішінде. Бірақ Витрумдағысына жетпейді.
3) Аннотациясы ұғынықты, жақсы жазылған.
4) Витрум таппаған жерден міндетті түрде Дуовит табасыз.

Минус:
1) Бағасы Витрум сияқты 2000 теңгеге дейін әртүрлі дәріханаларда. Жарнамасы, таралымы енді сұмдық.
3. Мультимакс (с лютеином)


Плюстары:
1) Күніне бір таблетка
2)12 дәрумен, 17 минерал
3) Лютеин (көзге пайдалы дәрумен
4) Бағасы 500-700 теңгеден аспайды.
5) Аннотациясы жақсы жазылған.
Минус:
1) Дәріхана нүктелерінің барлығынан таба бермейсіз. Таралымы төмен.

4) Ундевит, ревит

Плюстары:
1) Бағасы арзан — 150 теңге шамасында
2) Таралымы кең. Табу оңай.
Минустары:
1) Қабылдау жиілігі нақты емес, яғни 2 дражеден күніне 2-3 рет тамақтан кейін ішу керек. Яғни қалтаңа салып, үнемі тамақтан соң ішуді есіңде сақтап жүру керек.
2) Құрамында кей витаминдер жетіспейді. Минералдар жоқ десе де болады.
3) Жасау технологиясы сонау Кеңестік дәуірден бері өзгермеген/ демек зияны да бар деген күмәнім бар.
4) Сақтау мерзімі төмен.
5) Аннотациясы қысқа, ақпараты аз. Көбіне мүлде болмайды.

Болды, білә, осы тойғандарыңмен тайыңдар.
Суреттердің дереккөзі: www.epochtimes.ru, www.marbiopharm.ru,http://www.aptekaforte.ru,http://www.krka.biz
Бөлісу:

57 пікір

araika
Витрумның өнімдері жақсы.
Gastarbaiter
Сапа/баға ара қатынасымен мен Мультимаксты таңдадым, Витрумда бар элеметтердің бәрі бар, тіпті көбірек, сосын лютеині бар, әшкәриктерге пайдалы.
Осы Мультимаксты үш жыл бұрын ішкенмін, содан бері барған дәріханаларда табылған емес. Кеше барсам, тұр екен. Екі қорабын бірден алдым.
araika
Мен Витрумды ішкенмін, дұрысы зорлап. Таблетканың ұзындығын-ай, тамағымнан әрең өтетін. ЕНТ-қа дайындалатын кезімде арнайы алып берген, сол күйі ішпей кеттім.
Кейін VITRUM MEMORY-ді де қабылдадым, енді Бьютиін қолданғым кеп жүр.
Zilola
Витрум с бета-каротином ішіп жүрмін, күніге бір таблеткадан. Спортзалға баруды қойдым, көзім қарауытып, басым айналып, жүрегім айнып кете берген соң инструктордың айтуымен бәрін тастадым.
Бір жақсысы шагомерім бар, күніне неше қадам жасағанымды бақылап жүрмін, тамақтануды да жасаған қадамыма қарап ішемін.
Nurgisa
көзім қарауытып, басым айналып, жүрегім айнып
Иә, иә, болады ондай-ондай қыздарда…
saken
Бір жақсысы шагомерім бар, күніне неше қадам жасағанымды бақылап жүрмін
бұл не зат сонда? аяқ киімге жалғанып қойылатын датчик пе?
Zilola
Шалбардын белiне iлiп аламын, кiшкене гана сагат сиякты зат.
Азiрге ен коп жасаган кадамым 14000, тiрелiп тойып аламын ол кунi )))
Gastarbaiter
тiрелiп тойып аламын ол кунi )))

а*паs
Zhan
Құрбым: «Сенде кальций аз, „Витрум“ іш» деген соң 2500 теңгеге (Астанадағы бағасы) былтыр алып ішкенмін. Әсерін байқамадым. Негізі қандай дәрі алсам да аяғына дейін ішпей тастап кететін әдетім бар. Осыны қымбат алған соң ба, хотя бы ақшасын ақтасын дедім бе, түгел ішіп қойдым.
Gastarbaiter
Қызықсың Жан, әсерін байқайтындай ол стреойд емес қой. Ол ештеңені емдемейді. Жай қажетті заттарды толықтырады. Жаттығып жүрген болсаң бақайсың. Витамин жетіспегенде енді сұмдық шаршайсың, тәбет шаппайбы, есіңнен танып құлай бересің, жаттықпақ түгілі.
satibaldi
Түсінбейм: қалай денің сау күйіңде өлуге болады? Адам денсаулықты сарқып, ауырып өлу керек емес пе?
Gastarbaiter
Құдайдан тегін келген дүние дейсің ғой, быт шытын шығарып өзіне қайта бере салам демекші
Ал негізі бұл да бір хобби, адам денсауылығына немқұрайлы қарай алмайды, я құртумен, я күтумен айналысады. Я екеуімен кезек-кезек айналысады.
Zhan
Бір рет айна алдында молочкомен бетімді сүртіп тұрғам. Айнадан қолымның ұшы толық көрінбейді. Басқа біреудің қолы бетімді сүртіп жатқан сияқты селк ете қалдым. Сол кезде барып, «Е, адамның тәні шынымен аманат екен ғой. Күтіп-баптамасақ мұның да сұрауы қиын болатын шығар» деп өзімше бір философиялық толғамға келгем. Сенің мына пікірің сол жайтты еске түсірді
адам денсауылығына немқұрайлы қарай алмайды, я құртумен, я күтумен айналысады. Я екеуімен кезек-кезек айналысады
Былайша өмірде осыны білесің, бірақ сол кезде өз денеңнің уақытша екенін, оны киіп жүрген уақытша бір скафандр сияқты екенін сезініп кеткенім рас еді.
Gastarbaiter
Айнадан қолымның ұшы толық көрінбейді. Басқа біреудің қолы бетімді сүртіп жатқан сияқты селк ете қалдым.
КетЧ
dark_nazgul
витрум пренаталь, прегнавит, элевит пренаталь, санасол для беременных и кормящих
sammita
Ундевиттен басқасын ішіп көріппін. + Энергиаль дегенді.
ferdaus
ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеу керек, мундай нарселерге акша куртканнан сол акшага кызылша, алма, грек жаңғағы секілді табиғи өнімдерді сатып алып жесен, денсаулыкка пайдалы әрі табиғи.
Gastarbaiter
Негізі жөн сөз. Бірақ ол ақшаға қажетті мөлшерде жемістер келмейді. Витаминсіз, экзотикалық жемістер, теңіз өнімдерін таңғы асқа күнде тұтыну үшін қыруар ақша кетеді.
balzaminka
табиғи өнімдерді күнде қабылдағанның өзінде ағзаға қажетті дәрумендерді қамтымайды. Себебі, қазіргі экологиялық жағдай, жұмыстың комппен атқарылатыны, мобильді құрылғылардың қолданылуы қосымша БАДтар мен дәрумендерді қабылдауға итермелейді.
VKM
Витрум ішемін мен,Өскеменнен кетерде мамам болмай салған.
Gastarbaiter
Кальций + Д3-никомед алып алдым, рационда кальций жетіспейді-міш, остеопороздың ошағы бар екен. Кальцийға бай сүзбе, қатық, ірімшік дегендерді жей алмайм нақ.
Сүйекті қатайту үшін осы витамин болатын шығар.
sammita
космосқа ұшайын деп жатсың ба доС? Арасында тамақ ішіп тұр
Gastarbaiter
Айлап вахтаға кету, космосқа ұшумен бірдей. Ол жақтың тамағын маған мынадай керек, мынадайды жемеймін деп талғап отыра алмайсың ғой еркелеп.
madlen
Сэм, сенің комменттеріңді сағынып қалыппын. Жжешь!
ferdaus
ал мен естігем жумыртқаның қатты қабығы бар ғой соны әбден уатып жесе осы нәрсе кальцийге өте бай екен.
Gastarbaiter
D3- витаминісіз тіпті әкті суға сөндіріп жесең де ағза қабылдамайды.
meirzhan
Сауығып кет. Творогты көп жегеннен енді қарай алмайсың ба? сүзбенің құрамында пайдалы заттар көп деп оқыдым.
madlen
Сүзбе, қатықтарды неге жей алмайсың? Мумуняның творожоктары куЧТ ғой. Рекомендеймін!
Gastarbaiter
Мумуняңды көру керек. Оның да бірақ химиялық құрамы сол Никомедтің әр жағы шығар.
madlen
Барлығынан пайда іздейді екенсің. Дәрумендерің өзіңе  Жалпы, молочные продукты жемей, өмірдің сондай ләззатынан қалып қоясың ба деп алаңдап отырмын әншейін.
Gastarbaiter
Бауырмалдығыңа рахмет, менің өмірім сен ойлағаннан жарқын. Өзіме ештеңеден отказ жасамаймын, тек қанағатсыздық пен ашқарақтықтан қорқам.
Erkekyz
Витрум ішкем. Әсерінен шашым өсті. Қазір қайта шаш өсуім баяулағандай, тағы ішіп қою керек шығар. Оны негізі көзіме берген болатын Окувайт Лютейін екуін. А так қазір басып Аскорбинка дражесін ішіп жүрмін. Суық күнде тұмаудан сақтану үшін, тойы иммунды кішкене жоғарлату үшін.
Gulistan
Бір рет қана Витрум ішкем, одан басқасы есімде жоқ. Есесіне, темекі тартпаймын, арақ ішпеймін. Ет, балық өнімдерін кеңдеу қолдануға тырысам, тамақты қатты талғамасам да, тартпайтындары бар
satibaldi
Қырық тігіс жасалд. Аюды құтқардым.
Gastarbaiter
А?
Nurgisa
Жарнама деген бiр iндет…
Gastarbaiter
Че-то жеті әріптен артық ештеңені түсінбей отырмын, блондинкосынс, как есть айтыңдарш
madlen
Сондай жарнама беред теледидардан. Активты жарнамалады ғой дейм.
Gastarbaiter
Аққонжығынссс, есіме түсті, мен де аюларды жақсы көрем дейтін бе?
Nurgisa
Тек дарумен iше бермей, анда-санда тамак жеп, тв карап турсайшы, Аскаржвн. Айлап вахтада жатады екенсiн, онай емес кой. Семьянмен тезiрек кауышуына тiлектеспiн.
Gastarbaiter
Білә, бір блондинка сөз таппағанда, «сенің миыңды протеин жеп қойыпты» деп қатырған сымақ болып еді
Менің протеин жемейтінімді қайдан білсін.
ПС. Мен үйдемін, амиго. Тамақтың адамның түсіне кірмейтін түр түрін жеймін, Альмираға мың алғыс.
Nurgisa
Базар жок, Базарбай! Алтын келiншектерiмiз, бала-шагамыз аман болсын.
Не ма, блондинкалармен де дарумен туралы нетiсетiн бе едiн?
Gastarbaiter
Сен давай қой ондайыңды Нұрғиса, мені бір зацикленный етіп көрсетуге тырысқаныңды. Сыра ішкенде дәрумен жайлы сөз болды ма әлде? Алдыңғы посттарда толықтық туралы көп айтып қойсам кешірім сұраймын.
Abilakim
-Қызды оттан…
-қызды, менде қызды жақсы көремін.Міне, мынау қонақта, мынау саунада…
ТД бір әзілкештер осылай шығарыпты
Erlan

мендегі баскашалау екен, для мужчин деп жазбапты )
бірнешеуін алгам тренировкадан кейін ішіп журдім, казір шаршаган кездерде ішіп турамын, калганы осы 1 пачка жогарыда турган
Gastarbaiter
Ол шаршаған кезде ішетін гейнер немесе редбул емес қой, оны курспен ішу керек. Жаттығушылар үш айда бір курс үзбей отыз күн, жаттықпайтындар жылына бір рет. Әдетте қыста, көктемде авитаминоз кезінде.
sammita
Дуовиттің түр-түрі бар. Ал жалпы аптекада сұмдық қаптап кеткен витаминдер мен БАД-тың ішінде не барын құдай білсін. Дәрігерім айтып еді, көп әуес болмаған жөн деп.
Gastarbaiter
Дәрігерім айтып еді

Шетелдіктердің «мой дантист», «мой психотерапевт» дегені сияқты екен.
sammita
учаскелік дәрігерім
AKY
Кальций глюконатын қытырлатып жегенді жақсы көрем. Хотя біреулердің айтуынша, пайдасынан зияны көп, кальцийдің көп бөлігі игерілмей, тас болып шөгуі мүмкін екен, одан да сұйық күйінде ішкен дұрыс дейді. Ал мен оны іше алмадым, жүрек айнытатын бәле екен.
Нью-Вейздің БАДтарын іштім бір жылы, очым ұнамады, салмақ қостым.
Қазір Сибирское Здоровьеден бірдеңе ішіп жүрмін