Рахмет!!!

Бүгін халықаралық Рахмет күні екен! Осыны пайдаланып бірер рахметтерімді айта кетейін!
Аршатқа рахмет! Осындай қызықты сайт ашып, бәріміздің басымызды қосқаның үшін рахмет!!!
Алданға рахмет! Мені тіркелуге көндіргендігің үшін рахмет!!!
Жалпы бәріңе рахмет!!! Алты-жеті жыл болып қалды сіздердің жазбаларыңызсыз өмірімді елестету қиын. Күлдіре отырып күрсіндіретін, күрсіне отырып күлдіретін посттарыңыз үшін рахмет!!!
Бөлісу:

29 пікір

Aldeken
Ас болсын, Марко! Жұмыстың жұмысын бітіре алмай қалған күндеріңде мені боқтамасаң болды ғо, бауырым!
Marco
Онда нақмет айтам)))
Nurgisa
thanksgiving day'ді «халықаралықтатқандары» ма сондағысы?
Пейіліміз тарылмасын дейік, ендеше. Жақсы сөзіміз қиқарынан көптеу болуын қалар едім. Рақмет, шүкіріміз азаймасын.
Керекинфоны керек инфоны толтырып жүрген қыз-келіншектерге, ер-жігіттерге рақмет.
Былтырғы бейби-бумға атсалысқандарға рақмет. Биыл да сол жалпыұлттық әрекеттің үдесінен шығуды көздеп отырғандарға рақмет. Рақмет, Айсұлтандай, Нұрбергендей терең ой қозғайтын замандастарымыз барына. Жасы кіші болса да, олардан үйренерім көп екенін байқаймын қуатты жазбаларынан. Осы ортаның ұйытқысы болып отырған әкімші шыраққа да рақмет. Аман болайық, бар болайық.
Zhan
Осында күн сайын көп нәрсе үйренетінім үшін де рахмет! Өмірде не көрдіңіздер, не білдіңіздер, не сезіндіңіздер, осында ортаға салып қызу талқылайтын сіздердің баршаларыңызға рахмет!
Bekzhan
Керектің жанымызға жан бітіргеніне рахмет!
Nurgisa
 Иә, жаныңыз кіріп жатыр білем ғой… Шіркін-ай десеңізші.
qisyq
Рахмет! Барлықтарыңа рахмет! Хееееей, Джооо, достым, саған да рахмет! Кім екеніңді білмеймін, бірақ, бар болғаныңа рахмет! Кереинфошыларға рахмет!
Жалпы керекинфолықтар маған өте жақын, бірге тұратын туысқан сияқты болып кеткен: кей кезде сондай жыныңа тиеді, бірақ, оларсыз инет-өмірді елестету қиын.
balzaminka
бірақ соңғы уақытта көрінбей кеткеніңіз қынжылтады  пікірлеріңізді сағындым, Қисеке
Kipshakkyzy
Барлықтарыңызға рахмет! Әсіресе сайт админі Аршатқа, сосын қолдау көрсеткен Теріскейге көп рахмет. Алла разы болсын!
Erkekyz
Сайттағы барша қолданушыларға рахмет!
Аллаһқа рахмет, ата-анаға рахмет, отбасыма рахмет. Общым маған жақсылық жасағандардың бәріне рахмет деп па.)
Gulistan
Рахмет айтып, ризашылығын білдіру — ізеттіліктің, тәрбиеліліктің белгісі деп түсінем.
Мен де ерекше сәтті пайдаланып, жанымдағы асыл жандардың бар болып, маған қолдау көрсеткендеріне, жаныма сүйеніш болғандары үшін рахмет айтқым келеді.
araika
Рахмет жауатын күн екен ғой

Бүгін бұл сөзді көп қолдандым, себебі шопинг жасадым. Бірақ байқайтыным, жеңіл сөздердің қатарында.
madlen
Рахмет АКУ, рахмет Бальзаминка, рахмет Садық, рахмет Гаста, рахмет 6градус, рахмет Жалғас, рахмет Нұрберген, рахмет Айкона мен Ақзере, рахмет Патик пен Қисық!
Gastarbaiter
Рахметті лавашқа орап жей алмайтының болмаса, былай жақсы нәрсе екен
madlen
Сезіледі ғой, да? Білем, білем, «туф қандай кучТ» деп ойлап қалдың
Erlan
Жаратқан иеме, алғысым шексіз!