№ 6 эстафета: Өлеңді аудар

Бүгін маған керектің бұтағы алғаш рет тиді.Торғай сізге рахмет Сондааай қуаныштымын. Ал «Бисмилляһ» деп бастайын!
«От улыбки хмурый день светлей» мультфильм өлеңінен үзіндіні таңдап алдым, сіздердің аударған нұсқаларыңыз ерекше болады деген үміттемін!!!

От улыбки хмурый день светлей,
От улыбки в небе радуга проснется…
Поделись улыбкою своей,
И она к тебе не раз еще вернется.

И тогда наверняка,
Вдруг запляшут облака,
И кузнечик запиликает на скрипке…
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
С голубого ручейка
Начинается река,
Ну, а дружба начинается с улыбки.
Әрі қарай

Рахмет!!!

Бүгін халықаралық Рахмет күні екен! Осыны пайдаланып бірер рахметтерімді айта кетейін!
Аршатқа рахмет! Осындай қызықты сайт ашып, бәріміздің басымызды қосқаның үшін рахмет!!!
Алданға рахмет! Мені тіркелуге көндіргендігің үшін рахмет!!!
Жалпы бәріңе рахмет!!! Алты-жеті жыл болып қалды сіздердің жазбаларыңызсыз өмірімді елестету қиын. Күлдіре отырып күрсіндіретін, күрсіне отырып күлдіретін посттарыңыз үшін рахмет!!!
Әрі қарай

қазақ тілі 2

сіздермен бірге қазақ тілі үйрену өтті қызыкты іс болып тур! соған мен куанып отырмын! бәреге рахмет! сіздерден жазулар маған катты комектесип жатыр!
Әрі қарай

Рахмет күні



Бүгін 11 қаңтар Халықаралық рахмет күні (International Thank You Day) екен. Бүгінгі күнді рахмет жинаумен өткізейік. Мен алғашқы рахметтерімді жинап жатырмын таңертеңнен бастап :)

Сіздерге де рахметтер жолдайын, осы сайтты қолдап, көркейтуге атсалысып жүргендеріңізге. Қатарымыз күннен күнге көбейіп келеді, қызық мақалалар, пікірлер де көбеюде. Блогшылар Құрылтайы да интернеттегі ресми алаң ретінде осы сайтты таңдап отыр.

Бәріңізге үлкен рахмет!

Құрметпен сайт админі Асау Бота
Әрі қарай