100 литр айран...
«Айран» деп негізі біз жақта күбіге құйып пісетін сусынды айтады, Астанаға келгеннен бері «айран»деп біздің "қатықты" айтатын болдық. ал, менің айтайын деп отырғаным сол "қатық" туралы.
Бір күні мамам біздің 50градус ыстықта шауып жүретінімізге шектеу қойып, түстен кейін ұйықтатып, сыртымыздан есікті жауып кететінді шығарды. Жапқанда қалай, енді құлып салмайды, есіктің сыртқы бетіне қағылған үлкен шегені қайырып кетеді. Ол шеге бізге проблема болып па?! мамам жоқта үйге ұзындығы 1,5-2 метрдей болып қалатын таяқты тауып алып, киіздің астына тығып қойдық(кейін сол таяқ үнемі сол киіздің астында жата беретін болды, на всякий случайға) сосын мамам бізді аңдып, терезеден қарауды ұмытты аааау деген кезде, есікті ырғап-ырғап, таяқ сиятындай етіп ашып аламыз да, шегені итеріп, есікті ашамыз. сол күйінде есікті қайтадан жауып кетеміз. өйткені, үйде ініміз бар ғой. ол оянып кетіп, мамаға барып қойса, біздің шаруамыз бітті деген сөз… Сондай еркіндіктің дәмін сезіп жүрген кездердің бір күндерінде мен асханаға бардым. мамам отын жинап жүрген 100 метрдей жерде. Бәрін есептедім, кірем де 1 бақыраш су ішіп, шыққанша мамам есіктің алдына жетіп үлгермейді деп, ішке кірсем, бақыраш менің бойым жетпейтін жерде тұр, әшейінде үстелдің үстінде тұратын 50 шақты кружканың бәрін шкафтың үстіне жинап қойыпты(мамам негізі қатты пысық жан, Ақұдайдың қызы ғой ) Әрі қарап бері қарап су ішетін ыдыс таппаған соң, бетімді батырып іше салайын деп кастрюльдің қақпағын ашсам су емес, қатық екен. Әшейінде жұмысшылар ішіп болғаннан кейін түбінде қалғанын ішетінге үйреніп қалған, мына бақытты көргенде қалай тоқтайын?.. ауыз батырып іше алмайсың, қасық іздеп жатуға уақыт болмады, әйдаааа қолды салып жіберіп(кірлігіне қарамастан), алақанымнан ұрттап ішіп тұрғанда біреу артымнан салып жібергенде, 100 литр қатыққа тіземе дейін батып кеттім. Күріштікті аралап, қой, ешкіні қуалаған баланың үсті қайдан таза болсын, мамам ұру кезінде физика заңдылығын ашумен бағындырғысы келді ма білмеймін, құлайтынымды есептемепті… мамамның көмекшісі Алданыш апам кіріп келіп, мені қорғаштап, үйден қашып кетуге көмектесті. уххххх деп таяқ жемегеніме мәз болып, жүгіре жөнелдім. Арыққа барып, барынша жууға тырыстым. Үйге барып, киім ауыстыруға бетім дауаламайды. Сол күні мамам жұмысшыларға қатық апарған жоқ, кешке бригадир Жарылқасын ағам мынау ма қатыққа шомылған қыз деп мені көрсетіп күліп алды. Одан кейін асханаға кірмейтін болдым. Одан да қызықты жерлер көп еді ғой… папамыздың комбайнының төбесіне мініп алып күріштің қалай орылатынын, комбайннан қашқан борсықты, сарышұнақты, қырғауылды тамашалаудың өзі балалық шағымның ең қызықты кезі еді ғой… Қысты жек көретінмін, өйткені ауылға көшіп келетінбіз, көктем шыға полевойстанға көшу деген біз үшін ЕҢ бақытты сәттеріміз еді...ПыСы: баланың кастрюльден аяғы ғана шығып тұрған суретті таппадым, мен де осы бала секілділердің бірі болғанмын… сурет интернеттен алынды

Күлкіге қарық боп қалдым Сүгірет те өрт
Сіз «Полевойстан» деген кітап жазсаңызшы
З.Ы. ана сурет енді капец жиіркенішті! Ужас. Конечно, осындайдан кейін ауырады бала, неше түрліні аузына салып. фууу…
Көбің ауылда өскен соң, сендерге бұл норма шығар. Ал маған шок! Шектен шығушылық, нонсенс, ақымақтық, ужас!
ах, еще, сол құмды жеп жарысатын едік… ол енді өте кішкентай кезімізде)))) Малика деген көрші қызбен, «ал мен былай жей алам» деп құдықтың қасында отыратынымыз әлі есімде.))))
Бала кезде аяғыма айраннан қалған бөтелкенің сынығы кіріп кеткен, сонда деген екі апта больницада жатқам! Перевязки, дәрілер! бррр.
Ауыл деген маған ваще түсініксіз құбылыс екен!
Сонда ата-аналарың уайымдамай ма?
Абалдеть.
Менде солай болса, сепсистен өліп қалар едім)
Иә, мұндай ужас нәрсе қайталанбауы үшін депутаттармен бір заң жобасын дайындап, конституцияға енгізіп жіберсеңіз, біраз жеңілдеп қаласыз деген ойдамын))
Жоғарыдан төмен қарай өз баласының үстіне пышақ тастауды, шынының үстіне жатқызуды ақымақтық дер едім мысалы. Бірақ, оның да өзіндік әдістері бар дейді.
ақымақтық деп өзі сыра ішіп отырған бөтелкесінен балаға ауыз тигізтуді айтар ем.
пысы: бейнетаспа қалай қоюға болат(пікірге)
Сен Асанның Тоғысы, Тоғысытың Матығұлы дейсің, ал Ақұдай Матығұлды сразу Асаннан таратты )
Асанның төрт баласы бар. Құдайберді, Сырлыбай, Қожамберлі, Өтеп деген. Сырлыбайдың бес баласы болған. Матығұл, Мырзағұл, Дәулетияр, Мәметек, Аташ деген.
Матығұлдың алты баласы бар. Өмірқұл (Тоғыс), Көбек, Құрымбай, Қалыбай, Нұрбай, Бақай деген балдары болған.
Қаратереңдік болса папам тануы керек. Фамилиясымен жазсаң нағашыларыңды сұрап көрейін.
Мамам қатықты керемет ұйытады.
бірақ, ваще то, ауылдың терминологиясына шорқақпын.
Біздің жақта құртты қайнатып жасайды. Ал сүзбе тікелей сүттен жасалады.
Қатық сүтке айран қосып, ұйытып (қатырып) тасталынған өнім.
кеттім, амал жоқ, барып фудмастердің айранын ішем, енді…
Бастығым алдында ауылдан бір апаны шақыртып жұмыстағы ауылдың балдарына ұйымдастырамын деп еді. Күтіп жүрміз.
Бізде ауылда бір ғана апа жақсы дайындайды, үйіне қонақ шақырса «фирменный» асы болып кеткен. Соңғы кездері біздің үйдегілер жаңа түрін (заманауи) шығарыпты. Айта кетейін, мүмкін жасап көрерсіз: лепешканы сатып алады да, манты қазанға булап алып үстіне май жағады.
Заманауи вариантты қаладағылар (Байқоңырда сондай әйтеуір) күЧті жасайды.
Қалың көпшілік "Қызылорда мен Шымкенттің ұқсастықтары көп" деуші еді…
әкем дүниеден озғанша мақтаны пахта деумен кетті
шешеден бастап жіберетініміз тағы бар
айрандай ұйимыз, іркіттей іриміз деген содан шыққан.
Шығыста құртты сүзбе дейді екен, сосын бір жерде қаймақ деп басқа нәрсені айтады екен, қаз есіме түспей тұр ші
Ал қаймақ деген бізде сепаратордан откен нанға жағатын в будущем май болатын қоймалжың зат )
тура мағынада қабылдамағынПы.Сы: Мен де мамырда жолға шығамын
Пы.Сы.Сы: Қанат-автомат сіздің ауылдан ба?