Қажығұмар Воркута. "Дениз"

— Дениз, ең ақыры — ол сені қан-жоса қылып пышақтап тастап, енді шала-жансар жатқан жоқсың ба?
— Қойшы Мәрт, ашудан өзін өзі ұстай алмай қалған ғой. Тиме оған!
— Дениз, ол сенің клатчыңа улы жылан салып қойып, өткен айда өліп қала жаздаған жоқсың ба?
— Мен де одан кететінімді естіртпей, қойып қалдым ғой, шыдамай кеткесін солай істеген ғой.
— Дениз, ол Гүлханедегі әуе базасына сенің үйіңде күрдтер карта ойнап отыр деген жалған ақпар бермеп пе еді? Нәтижесінде аспанға дереу екі ұшақ көтеріліп, үйіңді термикалық зымырандармен атқылаған жоқ па? Қазір шешеңнен қалған жалғыз естелік — шұлық тоқып отырған бестемірі емес пе? Қандай адамсың өзің, Дениз?
— Доғаршы Мәрт, қойшы, өтінем! Жүрегінің түкпірінде ол бәрібір қайырымды адам, мен сеземін.
— Қайырымды? Дениз, ол Өзгірдің туылған күн кешінде тортқа у сеуіп кетіп, енді қазір Мехмеш пен Өзгірдің өлген күндерін атап өтіп жүрген жоқпыз ба, Дениз?
— Қой деймін Мәрт, қой! Құдай үшін қой! Қызғаныштан істедім деді ғой ол! Махаббаттан көкірегі қарс айырылып бара жатқасын не істерін білмеген ғой! Шаршадым Мәрт, өтінем — кетші!
— Махаббат??? Ғашық адам сүйетін адамының үстіне балконнан Наполеонның ескерткішін лақтырып, басын жара ма? Осы жатқанда шекеңнің жартысы полиуританмен әрең тұр, неге түсінбейсің осыны, Дениз… Уфф, Дениз…
— Мәрт? Мәрт?! Мәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәәрт!!!..
Бөлісу:

37 пікір

shimaibek
Диалог — керемет, аффтырға қошемет!
asaubota
техникалық құны зор пост екен (іздеу жүйелеріне мындағы кілтсөздер ілінеді)
nurbergen_makym
Уа, амиго, кино түсірсек, сценарий жазасыз ба?
AKA
 Бітетін түрі жоқ қой осы сериалдың…
Onlasyn
Дениз сериалын көрстеу — көрерменге деген құрметсіздік қо
Abilakim
Қос балақтан кетті.ізімнен көрінеді
Marco
Лібә, мына сериалдың ең болмаса бір сериясын қарау керек болды-ау)
salta
Марал, өміріңнің 45 минутын текке өткізбей-ақ қой… көрмесең де ешнәрсе жоғалтпайсың… Сатыбалды «боқ» сериалды қайта қызықты қылып жазыпты…
Marco
Мынадан кейін, ваще қарағым келіп отыр))) Ең болмаса жақсылап құсып алатын шығармын)))
omarbirat
Телебизірдегі түріктің сериалдарын көрмеуші едім. Мынадан кейін қызығушылығым оянып жатыр
AKY
Мехмеш пен Өзгірдің өлген күндері
Delhi
Ужаааас, уйдегілер есі кетіп қарайды осы киноны. Соларга мынаны айтып беру керек екен. Өзгір мен Мехмеш торттан уланып өледі деп)))
Maya
құдайым-ай, Сәке, сіздің сөздеріңізді-ай… Аман болыңызшы әйтеуір.
qisyq
Қажығұмар Воркута менің сүйікті жазушым.
tvoya_A
Шынымен де керемет екен))))
User
Короче, соңында Игіт дениздің мойнынан қыңқылдырып тұрып басынан атып қалад, бірақ өлді мә,өлген жоқ па білмедім…
Medium
Сатыбалды Кербабаев жобасына жаңа редактор қосылған ба? Бұрын түрік сериалдары туралы жазбайтын еді.
VKM
сенің клатчыңа
клатчты білетініңізге таңқалып отырмын)
qusbegi
— Егер, осылай жалғастыра беретін болсаң өзіңді де Мәртті де жермен жексен қыламын. Сондықтан ойлан Дениз!
— Зайып ал болдың, Игіт! Түсірілім бітті…
Marco
Ерінбей отырып бір сериясын қарадым, точнее жартысынан бастап))) ниеттері жақсы екен әйтеуір, қалың малға сатылғалы жатқан қызға көмектескілері келіп жүр екен. Бірақ, соны талқылаумен бітіп қалды ғо.
Gastarbaiter
Мелодрама сериалдард альжуаз шалдар мен балдар коред, нагыз еркектер Дом'2, каникулы вМексике, Большая стирканы карайды.
ErNur
Тілің мен жағыңа сүйенбеш ептібай, нағыз еркектер сериал көрмейд деген де қатып қалған қағида жоқ қой?
Gastarbaiter
,))) блин, камон аще… нагыз еркек сериал карамайд, корс, корс жльап давай поженимсяны карайд
ErNur
оны қой біледі, бірақ нағыз еркектерде сериял қарайды тошно
xsanatos
деди Дениздин поклонниги
ErNur
Бұтағымды жемеш, жоғалнақ!
xsanatos
бутак жутып койдын ба, япты!!! аузынды ашсан бутак шыгады
Zilola
Барлық түріктерді автобусқа мінгізіп автобусты таудан жарға құлату туралы жақсы идеям бар еді.
Кешегі сериясында Мәрт ауруханаға түсті, бәрі сол ауруханада басы қосылып қалғанда 10 кг тротил апарып ауруханасымен қоса жарып жіберсе де тамаша болатын еді.