Жаңаөзен оқиғалары мен ол туралы пікірталастар туралы
Өзім аттас ілімнің жаман тұсы сол: кез келген, кім көрінген, көлденең көк атты, вертикал есек мінген, не керек — айналыспайтын адам жоқ. Тіпті кейде, осы саясатпен мал екеш мал да айналысатын шығар деп ойлаймын: бейшараларда тек тіл жоқ сияқты.
Дәл сол уақытта — саясат логикалық баспалдақ салып алып сөйлейтін ілім. Саясатта «Ақшасы көптер қанап жатыр!», «Шетелдегілер көре алмай отыр!» деген, асбөлмеуи-қатын өсек іске аспайды.
Бұған қоса, адамның бір осал тұсы бар. Ол — қорытынды шығаруға қажеттілік. Неге екені белгісіз, адам кез келген оқиғаның қортыныдысын шығаруға асығады. Осы кезде ондай ақымақтарға сапасыз бірақ қызықты ақпарат ұсына қояды. Әрі қарай белгілі: бір күні өзінше саяси білгір азамат — тіпті алдын ала қате, соқыр сенімін қорғап, көшеге шығады, ұрандатып, үй өртейді.
Жаңаөзен оқиғасы да сондай. Осы жердегі пікіршілерде қорытынды шығаруға дәл ақпарат жоқ. Бірақ — қорытындылары бар! Ренжімесеңіздер, иә — оқыған адамсыздар, кейбіреулерің — Таймспен таң атыратын кереметсіздер, бірақ шын мәніндегі шындыққа жету үшін емес, бірі бірінен бір әріп артық оқығандарыңды дәлелдеу үшін сөз сапырып жатырсыздар. Ал қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте. Мысалы, осы оқиғаға байланысты ақпараттардың барлығын формализация жасап, топтастырсақ:
1. Жаңаөзендегі ереуіл — дұрыс.
2. Жаңаөзендегі ереуіл — бұрыс.
Енді бұл тұжырымдарды адамға тән келесі шарттылықтарды алып тастап қарау керек:
1. Бауырластық, туыстық, рулас-жерлестік сезімдерсіз;
2. Национал-патриоттық реңксіз;
3. Адамаяғыштық гуманистік көзқарассыз.
Сонда, қолымызда бар ақпараттың 95 пайызы ғайып болады. Айталық, қанау туралы теория, үкіметтің құйтырқы әрекеті туралы ой, барлығы — қоқысқа тасталады. Қолымызда қалатын ақпар мынау ғана болмақ:
«Жаңаөзенде бір оқиға болды». Ренжімесеңіздер, саясат сиқыр туралы ғылым емес, қанша жерден қорытынды шығаруға қажет болғанымен, әрі кеткенде осы тұжырыммен қаласыздар. Себебі: я тәуелсіз БАҚ жоқ, я көппартиялы парламент жоқ, барлық саяси топтар өте қатты поляризацияда, өңшең бір жағына шығып кеткендер. Оның үстіне, бұл оқиға маңында ақпараттық соғыс белгілері айқын көрініп тұр, ендеше жалаң факті тіпті қатпар-қатпар жеке көзқарастардың астында қалды.
Сонымен қорытынды: Жаңаөзенде бір оқиға болды. Болғаны осы. Саяси да, әлеуметтік те, тіпті психикалық себептерін де ешкім білмейді. Білетіндер бірі бірінің ақпаратын теріске шығарып, 0-ге тең қылуда. Бұл жерде оқырманда: «Сонда мен не, өле-өлгенше шындықты білмей кетем бе?» деген сауал туындауы мүмкін. Жауап: иә, солай, ақиретке бақырайған, таң қалған үстіне таң қалған көзбен аттанасыз. Тіпті Жаңаөзен тұрғыны аштан өлген баласының мүрдесін қолыңа ұстатып көрсетсе де. Жұмыс берушінің диктофонға жазып алған қоқан-лоқысын тыңдатса да. Кредиттік картасының соңғы жеті айға принтін шығарып әкеліп берсе де. Немесе ресми ТВ-ден кешегі ереуілші со күні мас болыппын, кешіріңдер халқым деп жыласа да.
Ештеңеге сенбеңіздер. Оларға да сенбеңіздер, бұларға да сенбеңіздер. Жұмыртқаны неғұрлым көп кәрзеңкеге үлестірсе, соғұрлым сау жеткізіледі дейді француз халық даналығы. Ең қатты, құлай сендім дегеннің өзінде 30 пайыз сеніңіздер. 70 пайызы күдік болсын. Күдік… Күдік… Жегідей жеген күдік…

Құр эмоция ештеңке шешпейтіні атам заманда дәлелденген!
сосын мынадай саяси -әлеуметтік астары бар оқиғаларға қатысты пікір жазған кезде де, салқынқандылықпен эмоцияға берілмей жазылса деген ұсыныс бар осындағы жамааттан, тіпті жазбай-ақ қойсаңдар да болады
міндет емес екенін түсіндіре алмай ақ қойдық сол
Тұтанып тұрған жағдайда ру туралы әңгіме айтудың өзі үлкен қателік.
Оқиғаға мүлде қатысы жоқтардың алаңдаушылығы да инстинктивті стресс. Өткен жолы да ештеңе емес деп ед, нәтижесінде мынндай бодды, деген тарихи тәжірибеге негізделген паника.
Болашағына, оқиғаның қалай өрбігенін білуге, себеп салдарына алаңдаушылық адамдарға жаны тыныш тауып, қара басы мен жақындарының қауіпсіздігіне кеаілдік үшін қажет. Ал мынандай күдікті жайып жүретін болсаң, бейбітшілік, тұрақтылық, жарқын келешек дегенге сенбейді халық. Үмітін жоғалтқан, сенімін жоғалтқан қоғам басқарылмас тобырға айналады. Сод кезде кез келген үміт, сенім (мейлің иллюзия, болсын) қайта тудыру қиынға соғады. Хаостан бәрі қорқады. Халық та, үкімет те.
кемі төрт адам куәландыру керек
әйтпесе, бұл ну еНд андай әрекетке жатады
Осыдан кейін жалпы қоғамдық адамгершілік Жанаөзеннің орталық алаңында шейіт болды деп еш КҮДІКСІЗ айтуға әбден болады
Еш ақтауға болмайды енді оларды. Қорғану үшін атты дедік, анау дедік, мынау дедік, енді қашып бара жатқан бірлі-жарым адамдарды соғып, атуды ешқалай ақтай алмаймыз! (((
Төрт күн демалыста у іштік десек те болады уайымнан. Ол Алматыда, мен Оралда отырып. Жақын адамыңның бұндай жағдайға тап болмасын деп тіле, @konvict. Мынадай заманда өмір сүріп отырып, жақыныңның өлі тірісін білмеу оңай емес.
Unknownның айтқаны рас, байланысты тек кеше ғана қосты, түс кезінде ғана сөйлесе алдық. Құрбымның анасының көздеген еш мүддесі жоқ, жай қарапайым ғана дүкенде сатушы болып жұмыс істейді, бейтарап адам. Сондықтан ол кісіден қаныққан ақпарға сенемін онда да өзім ғана, еш жариясыз
www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=y09RnHo-lBo
MrQ 16-17 күндері тақырып бастап еді ғой, жох болды
Ақ-қарасы екеумізге беймәлім....
Сап-сау азамат өз жөнімен қашып бара жатыр еді, атып кұлатты ғой. Жеткеннен соң, онсыз да құлап жатырған шарасыз адамды басынан дубинкамен ұрып-ұрып добивать етті ғой((((
Соны коріп алып журегім котеріліп, жұмыс жасай алмай отырм(((
Ұрған омоннын балдары, бауырлары бар ма екен…
Мысырда да осы әдістер пайдаланылған екен. Өте ұқсас.
www.youtube.com/watch?v=ZOmtK_E4zVA&feature=related
www.youtube.com/watch?v=6igVYGD8-kc&skipcontrinter=1
Nege ekinhi gagynan bolgan osynday gahdailardy korcetpegen…
елді ірітіп, билік пен халықты қарсы қоятын «батырларды», топтарды жақтыра бермеймін; жалпы ешкімді де, ешбір саяси топты да қолдамаймын;
өз көзіммен көрген, өз қолыммен тексерген дерек көзіне ғана сүйенемін әркез, бұл енді мамандығыма байланысты қаныма сіңген әдет.
Жаңаөзенге қатысты да билік өз сібәясын, шетелден қаржыландырып жатырған пәлеіздегіштер өз своясын жазып жатыр. Шындық түбі шиқанды жарадай тесіп шығатыны ақиқат. Алайда, «бірің өліп, бірің қал, бадырақкөз» деп отырған замандастардың әлпетінен кәдімгідей тіксінуге болады екен.
Түйгенім: «Общественная нравственность» әлдеқашан Бізді тастап, Жерұйық іздеп кетіп қалғанын білмей жүр екем…
Қорс-қорс
Очм, Исаға крест арқалатқан тобыр тауға қарай келе жатады. Жол шетінде тұрған Жақып:
-Исеке-ау, не мынау, не жазып қойып едің? — деп кемесеңдейді. Сонда Иса:
— Білмейм, әуелде өздері Құдай деп таныды. Енді өздері даға асайын деп жатыр, бірдеңе білед шығар, әнасстар — деген екен
Ататын да, емдейтін де өзі.
«Вощым, бәрібір билік емдеп жатыр ғой, бәрібір рахмет айтсын!» дегің келіп тұр ма?)
Демократия должна быть управляемой!
Психологиялық тұрғыда, олар тынышталуы үшін уақыт керек, және… олардың тыңдайтын адам керек. Бар зарын, мұңын түсіністікпен немесе ең болмаса шын жаны ашып, жүрегі қарсы айрылмаса да, солай екеніне сендіріп тұрып тыңдайтын адам керек.
Ақшалай көмектен бұрын, өлген, сотталған туыстарының ақталып, елге қахарман аталуы маңыздырақ сияқты олар үшін.
Бастан бір ұрып, жымыңды шығарма, атаңанә, мә мынаны же де к***ңді қыс! дегенге көнетіндер де бар шығар бірақ, кім білсін.
Кешегі келіп кеткен үштік халықтың айтуына құлақ асып жатқанға ұқсайды, тіпті сөзіне сенсек, кез-келген арман тілектеріне назар аударуға бар.
Емельян Пугачевке еріп Патшаға қарсы ең үлкен ереуілге қатысқан жайықтықтарға да тарихтан бір бет бұйырылмай, ұмыт болды ғой, шіркін.
«Интернет қолданушылары Жаңаөзенді Емельян Пугачевтың көтерілісімен салыстырды» деп шығар…
Көтерілістер деген қауымдастыққа ашып жазармын, ең қырғындыларын.
Стенька Разиннен бастап
дұрыс менттердікі атып тастасын, қырсын. өлтіріп тастасын
Иттің баласы, мен сенің мал болмайтыныңды алдында да айтқам. Қандай ана туды екен сені. Сол Жаңаөзенде өлгендердің тағдырын тілейм саған да. Құдай өзі кешірсін.
Сондағы жауабы: өз егеме қайтып барам, жіберілген адамға лайық емес екем.