Айша - тағы да бір құсық сериал



КТК арнасында жаңа сериалдың премьерасы болды.

Фильме шетелдік қылмыскерлер мұражайдан жымқырып кеткен «Алтын адам» экспонатын ұрлауға қатысы бар деген айыппен жазықсыз сотталған Айша деген қыз жөнінде. Онда еліміздің құнды жәдігерін қайтару үшін түрмеден қашқан қазақ қызының өршіл рухы мен Отанға, сүйген жарға деген ыстық махаббаты баяндалады.
www.ktk-tv.kz/kz/series/Aisha/

Тақырыбы осы. Ал жеткізілуі сол баяғы стильде. Мұңайған, жаттанды сөздер, төмен дәрежедегі актерлік ойын, нашар режиссура. Оқиғаларда байланыс жоқ, қалай өрбіп жатқанын көрерменнің өз фантазиясына қалдырған. Режиссерін өздеріңіз шамалаған шығарсыздар кім екенін?
Бөлісу:

37 пікір

Robin
Ия ия. Мен көрдім. Ол кино маған ұнамады. Бір әйел бір алтын адамды көрсетіп неше түрлі нәрсе айтады. Сосын бір бала жоғалып кетеді. Түк қызық емес ше сол 1-2 сериалы.
Onlasyn
Сотта болған оқиғаға қатасың нақ.
Айшаның адвокатының айтқан уәждерін-ай, шешесссс
Onlasyn
Режиссерін өздеріңіз шамалаған шығарсыздар кім екенін?
Иә, иә
Nur
Рақышев пе?
Onlasyn
Әрине,
Tarazkyzy
Соның «почеркі» ғой. Алғашқы сериясы басталғанда-ақ байқалады.Бір сериясын әрең көрдік. Дәмсіз һәм қызықсыз дер едім
Onlasyn
Осы режиссер Боратқа қарсы кино түсірмекші болып жатқан. Одан сайын күлкі болмаса болды әйтеуір
Пікір өшірілді
Onlasyn
Қазақстандық де!
Пікір өшірілді
TERISKEY
сен де Қожекеңнің сортынан болдың ғой
Aya
туфф, мен де қарап көріп едім, тележәшіктің алдында отыра алмай, тұрып кете бердім))
Zako
Еее, де. бюджеті қомақтысы да, азы да оңдырып кино түсіре бермейді ме дедім. Жақсы шыққандары аз.
Erlan
Режиссеры Еркін Рахышев, рахышев Қазақфильмді мойындатқан екен ғо ))
User
Шопағымды жемеш)
Tarazkyzy
Титрдан идея авторы Бекболат Тілеухан дегенді шалып қалып еді. Осындай сапасыз дүниеге ол кісінің қатысы бар ма екен, расында да?
Tarazkyzy
көзім шалып қалып…
User
Бекболат Тілеухан соңғы кездері сериалдарға қатысы бар болып жүр ғо
meirzhan
Идея сол кісінікі шығар. «Ағайындылар» сияқты.
patick
Оф топ: «Жұс Ұлан» (менің кластасым Жұбанов емес, ептілер) сериалын көрдіңдер ма? Қалай екен?
Janasil
Былай идеялары жақсы екен е.
Kipshakkyzy
Маған да ұнамады.Соңына дейін көруге шыдамым да жеткен жоқ.Идеясы жақсы, бірақ көрерменге дұрыс жеткізе алмаған.Кадр арасында бір-біріне байланыспайтын жерлері де бар.)))
Maya
Иә дұрыс айтасыз, идеясы жақсы болғанымен, тартымсыз, іш пыстыратын дүние.
satibaldi
Білә, әлден лоқсып отырм, Афалинаның секірісі сияқты шытпақ болып тұр ғой: атауы — интрига, режиссурасы — құсық. Болд, қарамайм ешесс, қаззақ фильмдеріне мораторий епті.
Aikona
Маған ұнамады осы сериал, актерлар ойнай алмайды, қарапайым эмоцияны көрсете алмады. Санжардың да қатырып ойнағанын көрмедім
a63a1
Бастысы Айша сүйкімді
izbasar
Бұл фильмін әлі көрмедім, бірақ алдыңғы фильмдерінің техникалық сапасын білмеймін қоғам талбаын қанағаттандырған сияқты.
asaubota
қазақтың киносын жамандады дейтіндер де бар шығар. жамандасақ та қазақ үшін жамандаймыз, құсықтың құсықтығын айтып. келесі де айтылған сыннан қортынды шығарылсын деп.
Nurgisa
Kesheli-bugindi Elarnadan Aldarkoseni karap jatyrmyz. Syujettik kurylymy, animatorlyq know-how unamdy desek te, akterlerdin oiyny sendire koimady, ozvuchkadagy jasandylyq buginge dein emdeletin dert siakty edi…
izbasar
Нұрғиса ағасы бұған кімді кіналаймыз мемлекеттің қаржысына құдық қалталары толмайтын сол маңайды жалап жүргендердіме? Әлде Холивудтан тағы да техникасымен киношеберлерді шақырамызба? Нақты ұсыныс барма?
Erlan
16:00 | 27.06.2011
«ҚазАқпарат»

Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақтың ұлттық өнер академиясында Орталық Азия аймағындағы режиссер, оператор және сценаристердің тұңғыш Жоғары курсы ашылды. Оны академия ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Курс бағдарламасы екі жылдық. Оған қабылданғандар бірінші курста Алматыда есімі әлемге әйгілі өнер майталмандарынан тәлім алып, екінші курсты Мәскеуде жалғастыратын болады. Үміткерлерді іріктеу тамыз айында басталады. Кәсіби деңгейі жоғары бұл мамандарға сұраныс көп»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Жайлап біртіндеп дами туседі жас буын, осындай оқу орындары ашылып жатса. Көңіл бөлсе.
Nurgisa
Usynyz jasardai kinematografiadagy bilimim sayazdau. Jai, tutynushy shygarmyn. Jane tutynushy retinde dauystaudagy jasandylyq tuzelui ushin kerek bolarlyqtai uaqyttyn talayi otken siakty. Birjan salda sendirdi emes pe? Dublyaj jagynda irikteu jumysy,shamasy, kemshin sogyp jatyr ma demin.
satibaldi
Жаңа «Алдар Көсе» деген скетчтеріңді көрдім! Шәкен Аймановтан садаға кеткір мұрттыбайымайдтар, ату керек сендерді!!!
asaubota
менің ойымша мұндай фильмдерді кино деп айтуға болмайды. басқа ат қою керек, әлде шынымен бұның басқа аты бар ма? кино деп айтып киноның қадір-қасиетін кетіруге болмайды. көрермен ақымақ емес, мұндай төмен кино түсіру көрерменді, оның уақытын сыйламау деп ойлаймын.