Сыныққа сылтау немесе Маңғыстауға сабыр керек

Тәртіпке бағынған құл болмайды! (Бауыржан Момышұлы)

… Естіп жатырсыздар.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын міне тойлап бастағанда, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бүлік бұрқ ете түсті. "Қалай болды, кім бастады, неден, неге?.." деген т.с.с. сұрақтарға жауап бермеймін. Бере де алмаймын. Өйткені, мәселенің түп-төркіні алыста жатыр. Ал оқиғаға себепші — әрі билік, әрі оппозиция және «адамның құқын қорғағыш» әміркандық һәм батыси ұйымдар мен сымақтар. Келіспессіздер, алайда бұл менің пікірім. Бірі бері тартса, бірі ары тартты. Енді қара халық зардап шегуде…

..Әлқисса! Жұма, 16 желтоқсан күні мен «Тәуелсіздік тұғырлы болсын, қандастар» деп жазып жатқанда, Жаңаөзенде атыс басталыпты. Бұл — мен сол Жаңаөзеннен бір сағаттық жердегі Жетібай атты ауылыма Атыраудан пойызға мінгелі отырғандағы оқиға. Арада жарты не бір сағат өтті ме, өтпеді ме, туиттерде осы тектес хабарлар шығып, ізінше туиттер мүрдем кетті. Жағдайды бірден түсіндім. Өйткені, туиттерде де елді көтеріліске шақырып, мұнай құбырын жаруды айтып, соғыс аңсап жүрген бірен-саранды оқып қалғаным бар етін. Шамасы, жымысқы ғана күлетін «иегова куәгерлері» іспеттес «Адам құқын қорғаушы» ұйымдар мен «халықшыл» оппозициялар дегеніне жетіп кетті. Осы уақытқа дейін ешбір елде оппозиция халықтың көсегесін көгерткенін көрмеппін. Иә, оппозициялық көңіл-күй керек. Қандай да бір дәрежеде мен де билікке наразылардың, олардың кейбір істерінің шектен шыққандығын сынаушылардың бірімін. Алайда, жалпылама айтқанда мен билікті қолдаймын. Себебі, бүгінгі билік тақтан тайып, әгәраки орнына бүгінгі оппозиция келер болса, Қазақстан гүл-гүл жайнап, жұмақ орнайтынына, азық-түлік арзандап, бензин суша төгілетініне, пәтерлер тегін беріліп, банктер пайызсыз несие беріп кететіне, мұғалім еңсесін көтеріп, дәрігер құрметті болып кететіне қара басым сенбеймін. Мәселе менің ештеңе сенбейтін күмәнді көзқарасымда емес, оппозицияның қандай екенін көріп-біліп отырғандығымда. «Әділет»-ті іздейтіндерге тіпті таңым бар… Әділет деген Оның жанында, ал бұл өмірде әділеттің белгілі бір көрінісі болуы ықтимал, алайда шын ақиқатқа жетем деу… Бұл енді баланың ісі!

..16-сы күні пойызбен Құлсарыға жақындағанда жолсерік келіп «Шетпеден түсетіндерге Шетпеден түспей-ақ қойсын деген хабар келді. Жаңаөзенге баратын жол бәрібір жабық. (Менің ауылым сол Өзенге баратын жолдың бойында етін) Ешкімді кіргізбейді, шығармайды» деді. Артынша составтың ішінде полицай өкілдері қаптап кетті. Сыбыстан естігеніміз — біздің составпен 200 қаралы тәртіп сақшысының келе жатқаны болды. Ауылға ұялы байланыс арқылы шығу мүмкін болмады. Көп ұзамай туиттер жылт етті. Сөйтсек, Жетібай-Өзенде (Жетібай — менің бара жатқан ауылым. Өзен — Маңғыстау халқы Жаңаөзен деп көп айтпайды. Әуелден Өзен дейміз) интернет пен ұялы байланыс үзіліпті. Ал біз, әдетте, Шетпе стансасынан түсіп, бір сағат жердегі ауылымызға көлікпен баратынбыз. Өзендіктер болса, олар біздің ауылдан ары қарай тағы бір сағат жүріп жетеді және олар да дәл біздер секілді Шетпеден түсіп, көлікпен жылжиды. «Мәссаған, безгелдек!..» дедік біз. Енді ше? Ауылға мерекеге келе жатып, орта жолда қалып қойсаң?

Сөйтіп отырғанда, үй телефонына соғудың сәті түсіп, ауылдағы адамдарға «Вагонымыз осындай. Таңертең таңғы алтыда бізді дәл вагонның алдынан күтіп алың. Ешкімді көрмесек, онда Ақтауға асып кетеміз. Ол жақтан да ауылға жету мүмкін болмаса, онда Атырауға сол жақтан кері қайтамыз» дедік. Абырой болғанда, ешқандай төтенше оқиға орын алмады. Әкем Шетпеден күтіп алды. Сөйіп, біз қазір ауылдамыз…

Енді міне, келесі күні болғанда Шетпеде Маңғыстаудан Ақтөбеге, Астанаға шығатын пойыздар жүре алмай, темір жолға адамдар тосқауыл қойған. Нәтижесінде, Ақтөбедегі оқуынан осы 4 күн демалысты пайдаланып келген балдызым, жолынан қалды. Ал ертең, арғы-күндері біздер кері Атырауға шығуымыз керек. Бірақ жағдай мынадай болып тұрғанда, пойызға сенім арта алмай отырмыз.

Бұл — елдің батысындағы айқай-шу болып жатқан эпицентрден ондаған километрдегі менің басымдағы оқиғалар. Осы азғана километрлер маған объективті ақпарат алуға айтарлықтай кедергі болып тұрғанда, ел ішінде тек қана сыбыс кезіп жүргенде, мыңдаған километрлердегі әлемдегі ақпараттық агенттіктер мен жүздеген шақырымдағы отандық қиқу-сиқулар мәліметіне тіпті сенгім келіп тұрғаны шамалы. Түптеп келгенде, маған сол ақпараттың керегі де жоқ. Себебі, факт бар. Адам өлімі орын алды. Бүлік болды. Халық пен әскерилер қақтығысты. Қан төгілді. Не керек басқа? Оппозицияға бұл жақсы болды, «айттым ғой» деп қойып, айызы қануда. М.Әблязов болса, қол шапалақтап, Р.Әлиев санын шапақтап жатқан болар. АҚШ пен Израйль бейбіт халықты «террордың алдын алам» деген желеумен қан қақсатқанда ләм-мим демеген БҰҰ елімізге бірдеңе деп мыңқылдапты. Мерфи деген бір ЕуроПарламенттің депутат-сымағы менің Жаңаөзенімді қорғағыш боп қалыпты. Ол бүткіл батыс әлемі мен алыс-жақын адам құқын қорғайтын ұйымдарды осы іске жұмылуға шақыруда…

СТОП!!!

Не ұқтыңыз? АҚШ дедім бе? БҰҰ? НАТО? Бұлардың әскери күштері жүрген жер қандай болып еді? Бұлар не себеппен сырт елдерге кіріп еді? Ирак, Ауғанстан, Ливия… тізімді жалғастыра берейін бе? «Демократия» керек пе? Батыста ешкім көшеге шығып, билікке наразы болмай ма? Батыста өмір жұмақ па? Оларда проблема шешіліп, ЕуроПарламенттің күн тәртібінде Қазақстаннан басқа проблема құрып қалып па? Қазақты қазақ көксемегенде, енді Батыс бізді көксемек пе? Ха! Армандаған екенсің!

Ал енді осы уақытқа дейін бай-бақуат тұрған араб елдері мен Маңғыстаудың не ұқсастығына зер салшы? «Мұнай...» дедің бе? Иә! Бізде мұнай бар, газ бар! Ал қай жерде мұнай бар, сол жерде батыстың саясаты бар. Батысқа күнің түскенде, оның қалай маңдайыңнан сипайтынын көрерсің! Байқа, қазақ!..

..«Сыныққа сылтау» дедім тақырыбымда. Иә, кешегі жағдайды бүлікшілер бастап бергені рас. Алайда, бұл елдің жаппай наразылығына ұласуын табанының астындағы һәм өз қолымен шығарып отырған мұнайдан шығатын бензиннің қатқа айналуы, сонау 60-шы жылдардан бері мұнаймен бірге ілеспе газ болып шығып, далада бостан-босқа өртенетін тегін газдың да қолдан дефицитке айналуы, тіпті қысы-жазы шомылатын өз Каспиінің бекіресіне дейін аузы жетпей, Эрмитаждағы экспонат секілді тапшыға айналуы және осының қасындағы арғы-бергі, ірілі-ұсақты, айта берсе таусылмайтын әлеуметтік-саяси проблемалардың жарасы пісіп-жетілгенімен түсіндіруге болар, бәлкім. Бұл арқылы Маңғыстаудағы бүлікті ақтап алмақшы емеспін. Тек проблеманың өзегін айтып отырмын. Өйткені, сол 7 айдан бері тұрған мұнайшылар бүкіл Маңғыстау халқының қолдауына ие болмағаны айдан анық.

..«Маңғыстауға сабыр керек» дедім ғой. Иә! Өйткені, «жылдар бойы қордаланған проблемаларды осындай бүлікпен, айқай-шумен шешіп аламын» деп ойлау әсте әбестік! Бірақ менің түсініп отырғаным сол. Олар қысылтаяң уақытта барлық мәселелерін шешіп алмақшы. Жазықсыз адам оққа ұшқаны өз алдына, сауда үйлері мен банктер тоналып жатқаны тағы бар. Оны кім ақтап алар? Әділдік солай орнай ма екен? Сырт елдер, әсіресе АҚШ пен Батыс қит етсе, "әділдік" орнатамыз, "Қазақ билігінің әлі келмей жатыр, көмектесеміз" деп әскер кіргізуге дайын отыр… Керегі сол ма еді бізге?

Сөзімнің ақыры, мен бір жағынан халық жақтамын. Өйткені, халықтың өкілімін. Екінші жағынан билік жақтамын. Өйткені, бейбітшілік керек! Тап мынадай сценариді қолдамасым анық. Сайып келгенде, бүлікшіл халықты қолдамаймын! Өзіңнен кеткен есені дәл өзіңдей өзгенің құқын бұзып қайтару әсте дұрыс емес! Осы орайда қайта айналып келіп, билікті айыптауға мәжбүр боласың! Өйткені, ол өз халқына оқ атты! Ендеше, екі жақтың бейбіт келісімге келуін қалаймын! Алайда, ол үшін арада ешқандай да оппозиция, ешқандай да саяси партия, ешқандай да «адам құқықтары ұйымы» емес, тек қана қара халық өкілі мен билік өкілі кездесуі керек! Болды! Ал «мәселені қалай шешеді?» дегенге келер болсақ, екі жақ принципке кетіп қалғанда қолданатын «problem solving» яғни «проблемаларды шешу» әдісін ұстану. Ол — екі жақтың да талабы бір-біріне конфликтке барғанда, екі жақтың да мүддесіне сай келер ҮШІНШІ АЛЬТЕРНАТИВ жолы! Келісімге әрқашан келуге болады. Тек оны қалайтын адам болса…

Осындайда Хазіреті Мұхаммед Пайғамбардың (алейһи уассалату уассаллам) ұлағатты өнегесі бізге 14 ғасырдан соң тағы да көмекке келмек. Ол кісі сахабаларына елдің ішін бүлік жайлағанда, ешкімге де болыспай, тауға барып, қылышын тасқа шауып, үйіңде отыруды бұйырған болатын…

Осы мекеннің бір тұрғыны ретінде айтарым, 10 жылдан асты-ау, жалданбалы пәтерден-пәтерге көшіп жүргеніме. Астымда жеке көлігім де жоқ! Айлығым айлығыма әрең қосылады не жетпей қалып жатады. «Анау жоқ, мынау жоқ» деп жылай берсең, өз қайғыңнан өліп кетерсің… Бұл бір менің басымдағы жағдай емес. Оны сеніммен айта аламын. Бірақ мен бақыттымын. Өйткені, мен азат, тәуелсіз елдің ұланымын. Аллаһ жазса, бар бақытқа да байлыққа өзім жетемін. Тек елімде тыныштық, жұртымда бейбітшілік болса, жетеді. Неліктен маған үкімет үй беріп, неліктен мені асырау керек екенін ақыры түсіне алмай қойдым. Бұл өмірден әділдік іздеу деген де мен үшін күлкілі. Әйтіп-бүйтіп арғы өмірге жақсы амалдарымызбен баруды ғана жазсын. Сосын көреміз, әділдік дегеннің қандай екенін!

Осымен сөзім тәмам! Көп сөйлеп кеттім…

Айтпақшы-1, қазір ғана «ауылымзға ОМОН жасақтары келіп жатыр» деген хабар естідім. Түбі қайырлы болғай…

Айтпақшы-2, қазір ғана Алматы жақтан «Жетібай әкімшілігі өртеніпті» деген хабар естідім. Өтірік! Жетібай тыныш! Бірақ әкімшілік алдында жұмысшылар жиналып «Жаңаөзендегі қырғын тоқтатылсын» деп тұрғандары енді рас!

Айтпақшы-3, Осыдан жарты жыл бұрын «Маңғыстауда не болып жатыр?» деп, ең алғаш ереуіл болған кезде жазғаным есімде. Сол кезде:

«Адайлар бір көтерілмесін деп тілейік. Елдің іші алағай да бұлағай болғаны тіптен ұнап жүрген жоқ. Менің қорқатыным, халықты басқа бір күштердің арандатуы мен соңғы нәтижені өз пайдаларына асырып кету ықтималдылығы. Осыдан сақ болыңдаршы, маңғыстаулық халқым!»

деген едім. «Арандатуға тап болды» деген осы!

Айтпақшы-4, Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты орнынан алу керек! 2006 жылы қалай облысқа басшы боп келді, солай көтеріліс басталды. Мәселені күшпен екіні бірі баса алады. Ал мәмілеге келіп шешетін лидер некен-саяқ. Міне, осы жерде біліктілік керек-ақ! Өзінің өкінішіне қарай, Қырекең ол межеден көріне алмады. Айта кететін тағы бір нәрсе, маңғыстаулықтар Көшербаевтың сөзін естіп, өзін көрсе, қан қысымы көтерілетін дәрежеге жеткен…

Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!
Бөлісу:

158 пікір

Aizhantabyn
біздің елде әкімнің бір нәрсе жасауға құлқы бар ма, Тимуррр?
Мысалы, маған қызық боп тұрғаны: өзі мереке болатын алаңға қалай ғана митинг жасауға рұқсат берді екен? Логикаға сыйымсыз дүние ғой. Бәрі де жоғарыдан келген дүние. Басқасына сенбеймін, өйткені көшеге шығып шемішке сатқызбайды, не то что бүлік шығаруға!!!
timurrr
Тоқ етері? Айтпағың?
Aizhantabyn
айтпағым, кім не десе де, біздің елде Жоғары Тұлғаның қалауысыз шыбын да ұшпайды. Ал жұрттар екі үш провакатордың ізінен еріп, бірін бірі атып, өлтіруге дайын. Қазір берші қазаққа қолына автомат, бар ат десе, қарамастан қырып жояды. Мәселе, Тимуррр, елдің алауыздығы. Сонымен кое кто пользуется.
timurrr
Сол ғой… Бірақ «Жоғары Тұлғаның қалауынсыз шыбын да ұшпайды» деп барлығын соған апарып тірей бергенді түсінбеймін. Облыс басшысының біліктілігі туралы сөз қозғағаным осы болатын. Келісіммен кез-келген нәрсені шешуге болады. Тіпті сол НӘН қаламағанның өзінде Көшербаев білікті болса, арты жақсылыққа апармайтынын о баста оған айтып жеткізуі керек еді. Басқа-басқа, "Қырымбек маңғыстаулықтарды үйренетін уақыт отырды" деп білем!
Aizhantabyn
хехе, сен ұқпадым, Тимуррр) сеніңше, мына былықтың бәрін НӘН ағай білмеді дейсің бе? Как бы не так! Бәрін біледі, бәрінен хабардар! Қазір, мына постты да, пікірлерді де оқып оытрған қаншама «багз» бар) Телефондар да тыңдалатынын айта кетейін.
Serzha
барлығын тыңдауға адам да, уақыт та жетпейді
Aizhantabyn
аха, отырады дейсіз бе адам тыңдап) жиырма бірінші ғасыр)) Американың өзінде, с их то населением, ай мин санын, тыңдалғанда, бізде тыңдау намного легче))
meirzhan
АҚШ-тың ЦРУ мен Қазақстанның ҰҚК қауқары жағынан бірдей ме не
timurrr
Жағдайдың осылай ушығатынын НӘН түгілі, Көшербаев та білмей қалды деп ойлаймын. Телефон тыңдалатыны мен үшін жаңалық емес. Білемін.
Aizhantabyn
сенбеймін. Ту мач сәйкестік, ту мач шумиха!
Aizhantabyn
невер ин ауа кантри, му суитхарт))))
meirzhan
өзі мереке болатын алаңға қалай ғана митинг жасауға рұқсат берді екен?
Үкіметтің ереуілшілерге митинг жасауға рұқсат бергені туралы мәліметті қайдан алдың?
Serzha
неге митинг жасамасқа? 16 желтоқсан деген не?
VKM
Ақыры жақсы болсын! Еліміз тыныш болсын!
Біз, жастар, түсіне білуіміз керек жағдайды.
Кімге керек арандатушылық екені, айтпаса да түсінікті…
meirzhan
Біз, жастар, түсіне білуіміз керек жағдайды.
Түсінетіндер аз ғой сол. Жастардың кейбірі тіпті алғашқы уақытта шынайы ақпараттың аздығынан әрі енжарлығынан уахабистер Жаңаөзенде теракт жасады деп ойлап жүріпті.
VKM
Қойши, Мейіржан. Ақпарат бірден болған.Керекте тақырып та ашылған, сосын жоғалып кетті. Папам маған көшеге шықпа деп звондағалы қашааааннн. Мен бірден интернетке кіргенде ақпарат көп болды.
meirzhan
Ақпарат бірден болған.
шынайы ақпараттың аздығынан
meirzhan
Мен ақпарат мүлде болмады демедім, шынайы ақпарат аз болды дедім. Әсіресе бірінші күні инетте дезинформация көп болды.
asaubota
барлық ақпаратқа дұрыс ақпарат ретінде қарауға болмайды. керекте сол үшін алынып тасталынды.
Zako
Ол жердегі видео но комментс еді, егер қателеспесем. Солай ма?
meirzhan
Ақпарат бірден болған.
Әрине, тіпті кейбір арналар мен медиалар көтірілістің болатынын біліп, дайын болған ғой. Ақпарат бірден қалай болмасын? мәселе, ақпараттың шынайы еместігінде.
Aldeken
оқиға орын алғаннан кейін 20 минут ішінде видеосы, статистикасы бар ақпарат дайын болғанының өзі біраз нәрсеге меңзейді түсінген адамға…
meirzhan
Әрине, мына бағдарламаның оқиғаларға дейін түсіріліп, 17 желтоқсанда интернетте жарияланғаны да. www.youtube.com/watch?v=wfmWjrm7izE&feature=share
satibaldi
Мен баяғыда ұсынғанмын: саясатты толығымен Саясат Бақытгереичтің қолына тапсырайық деп! Немене мынау!!!
Zilola
Дегенмен оз битiне окпелеп ботен адамнын норка шубасын ортеу шектен шыккандык!!! (дукен тонауды айтамын да)
Котерiлiстiн шымылдыгын Жанатас ашкан кезiнде, бiрак ол кезде ортак ой болатын, ал мына окигада 1 шт болып болiнген журт.
meirzhan
Дегенмен оз битiне окпелеп ботен адамнын норка шубасын ортеу шектен шыккандык!!! (дукен тонауды айтамын да)
Дүкенді тонаған мұнайшылар емес, "қара киімді, бетті бүркеген, шегіп немесе ішіп алған жастар" боп тұр ғой.
Zilola
Байкасан пiкiрiмде мунай тугiл газ деген соз де жок, демек айткым келгенi тонаушы халык (тургылыкты халык, арнайы Алматыдан сол жакка барып электроника урлаган мен емес) оте жабайы, дым кормеген, томенгi сатыга тусiп кеткен.
satibaldi
Шындық осы, дегенмен.
balzaminka
сөзіңнің жаны бар, әйтпесе мұндай әрекетке барар ма?!
meirzhan
ааа, солай ма
Дегенмен оз битiне окпелеп ботен адамнын норка шубасын ортеу шектен шыккандык!!! (дукен тонауды айтамын да)
Мына сөздерден ереуілшілер туралы айтып тұр деп түсініппін.
тонаушы халык (тургылыкты халык, арнайы Алматыдан сол жакка барып электроника урлаган мен емес) оте жабайы, дым кормеген, томенгi сатыга тусiп кеткен.
Ондай адамдар қайда болсын табылады. Және де тонаушылар арасында қарапайым халық қана емес, сол үшін ақша мен нұсқаулар алған провокаторлар да болуы мүмкін.
Zilola
10 мын доллар берсе де келiспес едiм, ойткенi таудын ортасындагы койма емес, елдi мекендегi дукен. Санасыз болса дарiгер де комек бере алмайды, айуаннан айырмашылыгы арткы екi аягымен журiп, алдынгы екеуiмен ас iше бiлуiнде.
meirzhan
Ермұхамет Ертісбаевтың айтуынша оларды тіпті қазақстандық азаматтар деп толық айтуға да келмейді екен. Тонаушылар — Өзбекстан мен Түрікменстаннан көшіп келген қазақтар, оралмандар дейді. Жақсылықты түсінбеген д-ді.
Өз басым бұл сөздердің шындығын білмеймін.
Zilola
Оралмандарды жамандап коренной азаматтар бiр котерiлiп каламыз, на самом деле олардын бiзден еш жерi кем емес. Ол кiсi оттай бередi.
meirzhan
Және де тоналған дүкен қызметкерлері тонаушылардың сау емес, яғни не ішкен, не шеккен екенін айтып жатты.
Шетпеде түсірілген бір видеода ереуілшілер аяқ асты толған бөтелкелер болды.
balzaminka
оралмандар деп қай жерде айтты? Ондай ақпарат берген жоқ секілді еді ғо
meirzhan
www.caravan.kz/newsstrip/39128
Ертісбаев:
Более того я вам скажу, что людей причастных к беспорядкам в Мангистауской области вообще, трудно назвать полноценными гражданами Казахстана. Зачинщиками беспорядков являются люди, переселившиеся в Жанаозен из Туркменистана и Узбекистана. При этом правительство дало все, что можно. Этим людям были предоставлены все социальные условия для жизни и работы. И, сейчас они смеют нарушать стабильность и благополучия страны, которая их приютила.
balzaminka
оралман деген сөз қайда? Ол өзбек, ол түркмен болуы мүмкін ғой
meirzhan
иә, мен автоматты түрде оралмандар деп ойлаппын. Бірақ нақты өзбек не түрікмен ұлты деп те айтқан жоқ.
saken
халықтың көңілін басқа арнаға ауыстырудың әрекеті ғой. Басқа жақта қорғаушысы жоқ деген оймен.
a63a1
Еріккеннің ермегіне айналдығой, тыныштық болсын әйтеуір, үйлену керек бала тәрбиелеу керек әлі бізге
Aldeken
Ризамын, бауырым! Сол жердің тумасы бола тұра бұра тартпай, байыппен саралай біліпсің.
VKM
Маған да осы тақырыпта жазылған ұнады!
satibaldi
Адайлар бір көтерілмесін деп тілейік
Осы адай деген қазақтарға кіретін тайпа ма? Тамғасы қандай?
Aizhantabyn
адай қыздан тараған ру, әкелері че то қазақ емес дегенд естігем, а шешесі қазақ))))
satibaldi
Жай, рекламасы қатты да ше. Типінақ, құдаймыз дей ме. Архангел Иоанн сақалын жұлып жынданып жатыр ана жақта.
Aizhantabyn
фигня)) Астында мұнай, аспанында Құдай ортасында адай деп өзінше болғанымен, просто комплексы. Мұнай мен Құдайдың арқасында самоутвердиться еткісі келед. ГринДог нарисует психопортрет!)))
satibaldi
У жама'ат, жаңа маздаған руаралық қақтығыстың отына май бүркіп, айтақтап-үриттей отырыңдар!!!
Aizhantabyn
руаралық қақтығыс! ураааа! асыға күтп жүр ем. Киросину мне! Бензину мне! Да побольше)))
Zilola
Уооот! Баска мактанарлык дымы жок болган сон, ААА стилiндегi уйкасын айтып шыгады. Шындыгына келсек ол дымкормегендiк!
Aya
Дым көрмегендік деп адайларды айтып жатырсыз ба?
Zilola
Пiкiрдi тагы окып шыгуга шугыл кенес беремiм. Ия солай десем барлык адайлар котерiлiп басымды кесер ))
Мактанарлык дымы болмаганда деп анык жазган едiм.
Aya
Оқып отырмыз ғой. Өз басым кіші жүздің қыздарын білмейм, жігіттерін сүйем! Он екі ата байұлы қазақтың қаймағы. Сондықтан дымкөрмегендік деп айыптауыңызға мен келіспеймін!
Zilola
Мунай, адай, кудай деп такпактата жонелетiндердi жаздым.
Урысатын баска темалар коп, тек руаралык, жузаралык кактыгыстын бiзге керегi жок. Сондыктан кiшi жуздi мулдем жазбасан да болады, оларды ренжiткен емеспiн.
VKM
Әйтеуір қай ру болмасын,өздерін кереметпіз дейді. Бір қазақ екенімізді ұмытпайықшы! Мақпал, вообще принцесса. Иә ғой?
Jacqabaies_Chirac
Әй! екеуің осы жерден тоқтай қойыңдар
Makhabbat
Адайларға тиіспеңдер
User
Респект) а уаще то көтеріліске шығып отырғандардың бәрі адай емес қо
Nur
Адайларды құдай «Билікті таубасына келтіріп отырсын» деп әдейі жаратқан шығр. Сондай бір тентектер керек-ақ. Ал дүкен тонағандарына келсек, біріншіден, олардың адай немесе адай еместігі белгісіз. провокаторлар болуыда әбен мүмкін. Екіншіден, дүкен тонағандар адайлар екені анық болса, онда «жиен — дұшпан» дегенді қазақ бекер айтпапты.
(адай қыздан тараған ру, әкелері че то қазақ емес дегенд естігем, а шешесі қазақ)))))
Жалпы, өзім араласатын адайларды сыйлаймын… Жындылықтары бар, но намысқой болып келеді. Қыздары — намысқой. Жігіттері — намысқойлық пен мақтаншақтықтың ортасында.
Makhabbat
(адай қыздан тараған ру, әкелері че то қазақ емес дегенд естігем, а шешесі қазақ)))))

Осындай сөзді қайдан шыгарасыңдар осы?! Нақты мәліметтерің бар ма?
Nur
жок… Ренжимениз, калжындап айтамын нагашыларым болгансын.

«адай қыздан тараған ру, әкелері че то қазақ емес дегенд естігем, а шешесі қазақ))))»

Бұл «тырнақшаға» алынып тұр ғой. Жоғарыдағы біреуден алып койғанмын
meirzhan
Біреуден алсаң да шындығына көз жеткізіп алуың керек еді. Нақты осы туралы білмейді екенмін. Осылай адамдарды өсек-аяң арқылы («адай қыздан тараған ру, әкелері че то қазақ емес дегенд естігем, а шешесі қазақ" деген сияқты) жалған түсінік қалыптастырасыңдар.
Ру мәселесі туралы айтөанда сақ болайық. Жаман ру болмайды.
balzaminka
12 ата Байыұлының қыздан тарағаны алтындар, содан да бір шежіреде алтындарды бөлек ру десе, бір шежіреді алтын-жаппас дейді.
mercedes
шешесс ондай ертегіні қайдан естідің адайдың әкесі қазақ емес екендігі шешесс табынссгин
Erlan
12 ата Бай ұлдынан тараған,
аспанда құдай, жерде мунай, ортасында адай деппе )
Aizhantabyn
негізі Он екі ата Байұлының өзі бір ру, сосын Алты ата Әлім бір ру, сосын Жеті ру, итого тоғыз ру.
satibaldi
Сонда, табын — ру емес пе?
Aizhantabyn
жеті руға кіреді ғой)
satibaldi
Сіздің оқыған адам екеніңізбен жалпы келісем, бірақ енді өз бетіңізше руларды оңтайландыруға хақыңыз жоқ сияқты, майкрософтшейрпойнтсстың.
Aizhantabyn
почему өз бетіммен? Ақ қонжықтың қожалақ бетімен, ечли че)
meirzhan
Тым болмаса мына тақырыпта троллит етпесеңіз болмай ма.
Ру туралы болсын осында отырғаннан бәрінен жақсы білесіз.
satibaldi
«Адайлар бір көтерілмесін деп тілейік. Елдің іші алағай да бұлағай болғаны тіптен ұнап жүрген жоқ. Менің қорқатыным, халықты басқа бір күштердің арандатуы мен соңғы нәтижені өз пайдаларына асырып кету ықтималдылығы. Осыдан сақ болыңдаршы, маңғыстаулық халқым!»
деген едім. «Арандатуға тап болды» деген осы!

Қай жерден айтып едің? Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында? Жалпыұлттық Конгресс кезінде? 4 шақырылымдағы мәжілістің спикері болған кезіңде ме???

маңғыстаулық халқым!
Мынауың енді… Мартин Лютер Кингтің өзі негірлеріне "қымбатты достар" деп бастайтын сөзін…
Aizhantabyn
ол, менің бір арманым бар деп бастайтын спичін айтасыз ба)))
meirzhan
Келісемін.
Айтпақшы-5, Өңірге жедел түрде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы келуі керек! Мен білетін Маңғыстау болса, олардың тыңдатайтыны әрі күрделенген проблемаға жауап бере алатын тек қана сол кісі!
Дәл қазір Ақтаудағы жиналған топтың басты талабы осы боп тұр.
satibaldi
Очм, перифериядағы халықтың айтып жүргені:
1. Мұнайшлыар құтырған. Ақшалары өкп, бірақ еш негізсіз көбейе бергенін қалап отыр. Жаңаөзенге барып жүргенбіз, қымбат француз әтіріне ойланбастан-иіскеп көрместен жиырма мыңды лақтырып тастайтын шіріген бай халық. Оларды қатаң жазалау керек.
2. Жұмыстан ішіп-шегіп, және жәй — қу өркөкіректіктен шығып қалған жұмысшылардың істеп отырғаны. Шынын айтқанда, о жақтағылар басшы сыйлау дегенді білмейді, бірдеңе болса — бұл жерден кет, жердің иесі мен деп шығады. Ақыры жұмыс берушілердің де шыдамы бітті.
3. Осы аптада Марс Нептунға жақындап, Ай 56 градусқа параллакс жасап, соның салдарынан Жерде соғыс-эпидеми-боран қаптап кетті. Тауешкілер мен Суқұйғыштар сәйкесінше тауға кетіп, су құймаса — ашу-ызаға ерік береді, юрийглобасстың.

Елдің айтып жүргені осы, буддажарболғыр христиан ағайын! Ал теріске-оңға шығарыңдар. Нақтың.
balzaminka
кінә бір жақтан ғана болмайтыны айқын ғой. Интернетте кезіп жүрген ақпаратқа сенсем, қара шофердің өзі орта есеппен екі жарым мың доллар айлық алған. Өзімді кереметпін демеймін, дегенмен инженер болып менің тапқан айлығым сол шофердің айлығының жартысын да құрамайтын
satibaldi
Менікі ше? Менікі ше? Сол шопыр вахтадан келіп, таксилетіп жүріп, мінген адамға рульді беріп, өзі ақша төлейтін!!!
Zilola
Авторлык бакылаушылыгымды тастап шопыр боламын ау, бiлдей инженер болып, Тенiзде у жутып аз алады екенмiн салыстырмалы турде.
saken
қандай ақпарат көзі екенін құдай білсін, бірақ жоғарыдағы Тимурррдың (шопырдан гөрі жоғарырақ маман иесіне ұқсайды ғой) жазбасын мұқият оқысақ екен:
Осы мекеннің бір тұрғыны ретінде айтарым, 10 жылдан асты-ау, жалданбалы пәтерден-пәтерге көшіп жүргеніме. Астымда жеке көлігім де жоқ! Айлығым айлығыма әрең қосылады не жетпей қалып жатады. «Анау жоқ, мынау жоқ» деп жылай берсең, өз қайғыңнан өліп кетерсің… Бұл бір менің басымдағы жағдай емес. Оны сеніммен айта аламын.
asaubota
Саламатсыздар ма Рауан радиосы. ііі… құда балам Кербабаев Сатыбалды үшін Бищара балдардың орындауындағы «Бұтақты жеме» әнін қойыңыздаршы.
Zilola
2 шi пунктпен келiспеске болмайды. Жер бiздiкi деп шiренудi катырамыз кашанда, ал батыс онiрiнiн халкы бiз секiлдi (онтустiк) озбек корген емес, сатi келсе санiне карамай айта салатыны бар.
satibaldi
Үшінші, тылсым күштердің әсері туралы теорияға не дейсіз, бир қулоғи чандық қиз?
Zilola
Тылсым кушке сенбеймiн, мал корада жаппай «шокындыру» терапиясын алды дегенге сенемiн!
a63a1
1. Мұнайшлыар құтырған. Ақшалары өкп, бірақ еш негізсіз көбейе бергенін қалап отыр. Жаңаөзенге барып жүргенбіз, қымбат француз әтіріне ойланбастан-иіскеп көрместен жиырма мыңды лақтырып тастайтын шіріген бай халық. Оларды қатаң жазалау керек.
2. Жұмыстан ішіп-шегіп, және жәй — қу өркөкіректіктен шығып қалған жұмысшылардың істеп отырғаны. Шынын айтқанда, о жақтағылар басшы сыйлау дегенді білмейді, бірдеңе болса — бұл жерден кет, жердің иесі мен деп шығады. Ақыры жұмыс берушілердің де шыдамы бітті.
Ақиқаты осы, Халық айтады.
balzaminka
Бұл жерде керегі халықты артына ерте білер лидер шығуы керек. Білдей облыста мұндай лидердің болмауы қандай аянышты?!

Ұпайды билік жинайды деп сенемін, толықтай қолдаймын да биліктің барлық әрекетін. Қаруланған жасақты шығарса да біздің қамымыз үшін, елдің бейбіт өмірі үшін! Қазір билік жаман деп, сынап отыратын заман емес, бір жақты таңдау керек. Халықты мен де ойлаймын, дегенмен қазіргі ситуацияда биліктің жағындамын. Себебі, халықтың қамын ойлар оппозиция жоқ!!! Әркім өз қамын, өз мүддесін күйеттеп, екі жеп би шықпақ.

Осындайда біздің қолымыздан, менің қолымнан не келеді деген сұраққа жауап іздесек, а? Не істей аламыз? Біз ештеңе істей алмаймыз, бәрін билік шешеді деп құр қол отыра бермей, әрекет ету керек бізге де, бірақ қалай? Арамызда журналисттер бар, солар халықты бейбітке тартар жастардан видео жасаса, бізге ешқандай соғыс керек емес деп. Білмеймін, әзірге бар келгені осы болды ойға.

Халайық, не істей аламыз? Тек қана қолымыздан ештеңе келмейді деп айтпайықшы. Келеді қолымыздан! Блогшылардың бас қосуынан көргенмін оны. Бойымызды сырттан ұстағанымыз да ұятты ендігі жерде. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын уақыт келді, әйтпесе арандатушылардың бұл тірлігі бықсыған шоқ секілді әзір өшпес қанша билік отты өшірді дегенімен.
satibaldi
Екеуміз менің жейдемнің жағасынан бас шығарсақ қайтеді?
balzaminka
сіздің жейдеңіз халықтың жейдесі болса, бәріміз шығаралық, бөлектеніп қажеті не?
satibaldi
Ойбооой, Махатманың пафосын-ай! Сабағыңды оқыш.
balzaminka
бір көзім сабақта, бір көзім керекте болып отырмын қазір ((
meirzhan
Халықты мен де ойлаймын, дегенмен қазіргі ситуацияда биліктің жағындамын. Себебі, халықтың қамын ойлар оппозиция жоқ!!!
Иә, биліктен басқа мәселені оң шеше алатын күш жоқ. Ал оппозция тек сайлауалды жағдайын түзеп алмақшы.
Арамызда журналисттер бар, солар халықты бейбітке тартар жастардан видео жасаса, бізге ешқандай соғыс керек емес деп.
Қазір «Хабар», "Қазақстан" телеарналары түрлі өңірлердегі түрлі мамандық иелері, қала тұрғындары, қоғамға белгілі адамдардан «бізге ешқандай соғыс керек емес» деген видео жасап, көрсетуде.
Zako
Ұпайды билік жинайды деп сенемін,
оппозиция арзан ұпайдан дәмелі болғандықтан қайғылы уақытта соны пайдаланып, билікке сес көрсетіп қояды. Қарның ашады соған қарап.
asaubota
бүгін Времядан қызық сюжет көрсетті. Югославияда болған ереуілдер туралы. сонда айтып жатыр да қазір толпаны қалай басқаратындарын, әлеуметтік желілермен қалай жұмыс істеу керегін, полициямен қалай жұмыс істеу керегін. сосын осындай ойын да бар екен. полициялар жау, ал сен ереуілшісің. жеңіп шығуың керек

бізде де сол ғой, әдемі ұйымдастырды сукалар. халық соған ере қойды.
satvaldo
соны әтейілеп біздегілер үшін көрсетті.
asaubota
иә, алдыңғы сюжетте біздегі жағдайды көрсетті.
satibaldi
Негізі, алдын-алуға болатын оқиға ғой нақ. Жәй, арнаулы органдарың топастық жасады деп ойлайм.
Мысалы, жаңаөзендіктер мұның алдында да органдардың бақылауында болды. Сөйтіп отырғанның өзінде мынадай жіберіп алса. Очм, барлығын — зынданға. Анау да дауыблай, мынау да есерсоқ. Соның арасында осы оқиғалардың картинасын ресейлік БАҚ қалыптастырып жатыр, қаззақтар іштен тындырамыз деп, тіпті құртып алд. Кінә — менттер мен чекисттерде. Жұмыс істемейд тупо.
Aldeken
Не ғо, мана Евроньюстің «Ноукомменттв» дейтін айдарында Жаңаөзенді көрсетіп жатыр екен. типі, жиналып тұрған 40 шақты қатын-қалаш, қолдарында ақ матаны жалау қылып оған «мир», «біз бейбіт өмірді қажет етеміз» деген жазуларды жазып алған, кеелсі кадрде автобустармен келіп, алаңға десантировать етііп жатқан менттер, үйренбеген көзге бір көрінсті бірнеше ракурстан түсіру арқылы манағы 40 шақты адамға 400ден кем емес менттер келген сияқты көрсетіпті… біреулер соған сеніп жатыр-ау, ә? сігин (сын есім)
meirzhan
Ақпараттық соғыстың тәсілі.
asaubota
ораза кезінде Қазақстан Сириямен жолдастық кездесу ойнады. сонда елдеріндегі жағдайға алаңдаған журиктерге сириялық бапкер «ТВдегіге сенбеңдер, елде жағдай бірқалыпты» деді.

Бищара балдар тобының Қ*тақты жеме әнін тыңдамасқа шара болмай тұр. БАҚты да ереуілшілерді басқарған ұйым басқарып тұр, блэйрынссс!
Janasil
Алдымен Қазақстанды адам деп алайық. Көктемдегі мұнайшылардың наразылығы денеміздің кей жерінің қызара бөрте бастауы еді. Яғни вирус жұққан. Мұндай жағдайда не істеу керек, әрине көңіл бөліп, себебін анықтап, емдеу шараларын жасау керек еді. Ал Үкіметіміз ем дом жасамады. Ешкімге көрсеткісі келмей бетін жапты да жүре берді. Уақыт өте келе қызырған жер СЫЗДАУЫҚҚА айналды. Оны да билік білді, бірақ емдеуге асықпады. Пісіп жетілгенін біліп кейбір күштер барып шұқылады да, сыздауық жарылды. Енді алдын алмаса сыздауықтың екінші қайталап бірнеше жерден шығатыны бар. Қайта шығармау үшін өзегін алып, жақсылап ем жасау қажет.
meirzhan
Ол адам өзін-өзі Кеден Одақтастармен кеңесе отырып емдемесе, емдеуге өзге дәрігерлер немесе дәрігерлер коалициясы келуі мүмкін. Олар емдеу емес, органдарға сатып жіберуді мақсат тұтады. Фридом Хауссс
Janasil
Сол күні түнде автобуста бір кісі рускии радиодан 70 адам өлді деп айтты деді. Сенгім келмеді.
Zako
Шетелдіктердің біразы солай деп таратып жатыр. Құдай біледі қанша адам өлгенін. Ақпараттық соғыс жүріп жатыр.
Zako
Р.Әлиев санын шапақтап жатқан болар.
Бұл кісі елбасыға ақыл айтып, өз халқына қару жұмсамауға шақырыпты. Не дейміз? Әркім аузына келгенін айтуға хақылы ғой. Ал ол сөзі үшін сол айтқан адамның өзі жауапты.
Zako
Тимуша, американың сұм саясатының беті жылы көрігенімен, іші тым суық. Ол жағын дұрыс жазыпсыз. Бірақ сондай сұмырай саясаттың біздің елген дендеп енуіне жол беріп қойып, "Қазақстаннан асқан керемет ел жоқ. Әлемдегі ең бейбіт елміз… анау-мынау" деп қыртымбайлыққа салынғандарға не жорық дерсің. Ауруын жасырғандардың өлетіндігі, тойыс, мұхиттың арғы жағындағы коубойлардың аттарына дем болатындығы анық еді. Бір емес бірнеше мұнайлы ел жем болды. Американың мұнайлы елді айырып жіберітіндігі, бәрінен бұрын, ел үшін жауапты құзырлы орындар мен мансап пен дүние қуған крутойларға аян екенін айтпаса да білесіз.
Арты жақсы аяқталсын деп тілейік енді.
Zako
сондай сұмырай саясат
дегенде сол типке жататын барлық саясат, мейлі ол қазақстандықтардан болсын, амеркиандықтардан болсын, бастысы, сұм саясат.
boztorgai
ел қуанышын бір көш бойына жеткізбедіңдер-ау… (қыз-жібек кинофильмінен)
yerbol89
Тамаша ағасы барлығын бүге-шүгесіне дейін анықтап түсінікті тілде жазып беріпсіз. Рахмет сізге. Тәуелсіз тыныш еліміздің мереке қарсаңында шырқын бұзған бұзақылардың ісі жарамады. Өте ұят болды, менің қолымда болса сөзге келмей сол бұзақыларды қырып тастар едім, елінің тәуелсізінің 20 жылдық мерекесінде қуанып еліміз тыныш болсын деудің орнына елде бүлік шығарып жатқаны үшін. Провакацияға тез беріліп көтерілгендері ұят болды.
VKM
Ана Айгүл Кохаева ма, сол «Фейсбукта» Алматыда ереуілге шығайық, типа Жаңаөзенге полицияны жинап жатқандықтан депті. Миы "қақпайды" ғой деймін. Онда ары қарай Жаңаөзенді өртесін деп,Үкімет қарап отыру керек пе сонда?
Әдейі, дайындалып жасалған арандатушылық.
satibaldi
Баяғы «Бәйге» сайттар биежарысының ұйымдастырушысы ғой Изя Циперович екеуі  
Байқа, қорқынышты адам, басжіверед шығар деп, суретін қарауға да қорқам
timurrr
«басжіверед»-тің көкесі ертең ол Парламентке жепутат болғанда көресің! «Түйеде қом, атта жал» шапқылап жүр.
Zako
Депутаттыққа үміткерлерге берілетін куәліктің буы болар, сірә
kazarmy
қайткенменде мангыстау халқы дурыс істемед,,,,,,,, бір жағынан ойлауға болады шетелдік инвесторлар байлыгымызды вагондап арқалап алып кетіп жаты бұл нәрсеге биздин ЖЕМОКРАТТАР МЕН ЖЕПУТАТТАР КОЗ ЖУМА КАРАП ОТЫР!!!!!!!
VKM
Жаңаөзенде құрбан болғандар тізімі жарияланды, қаза болғандар саны — 14
19.12.2011
Бас прокуратура Жаңаөзендегі қақтығыста қаза тапқандардың тізімін жариялап, марқұмдардың саны 14-ке жеткенін хабарлады.

Қаза тапқандардың тізімі желтоқсанның 18-і күні бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды. «Жаңаөзен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде қаза болған адамдардың тізімінде» 11 азаматтың аты аталған.

Олар: Байбек Құбайдұллаев (1989 жылы туған), Шадияр Аязов (1978 жылы туған), Серік Оңғаров (1959 жылы туған), Радик Юсупов (1987 жылы туған), Аманбек Тұрғанбаев (1984 жылы туған), Жаңаберген Көшеров (1979 жылы туған), Атаберген Дүйсекенов (1987 жылы туған), Жанар Әбдікәрімова (1974 жылы туған), Рахат Көшеров (1995 жылы туған), Нұрлан Мұнаубаев (1982 жылы туған), Атабай Құлхаиров (1967 жылы туған).

Бас прокуратура сайтында "Қаза болған тағы үш ер адамның жеке бастары анықталуда" делінген.

Бұдан алдын қаза тапқандар саны 13 екендігі хабарланған еді.

Мәлімет мына жерден алынды:http://www.azattyq.org/archive/news/20111219/330/330.html?id=24426039
Janasil
Бәрі жастар екен. Жандары жұмақта болсын! О дүниеде жасаған істеріне өкініп жатқан болар.
satibaldi
О дүниеде жасаған істеріне өкініп жатқан болар.
Өзің барып келген жерің бе еді, не оттап отырсың?
Zako
Жанасыл, олай айту орынсыз болар. Кімнің өлгенін білсек те (аты-жөнінен) қалай және қандай адамның қлгенін білмейміз. Сондықтан о дүниелік шаруаны жайына қалдырғанымыз жақсы.
nurjanbay
Радик Юсупов, Атаберген Дүйсекенов, Атабай Құлхаиров — өзбекше есімдер сияқты.
saken
жігіттер!!! опат болғандардың ұлтын, руын түгелдемей-ақ қояйықшы!!!
saken
рахмет Тимуррр!!!
оқиға орнынан ақпараттарыңмен бөліскенің үшін.
satibaldi
Бөліскен ештеңесін көріп тұрған жоқпын. Эмоциямен бөлісті десеңіз — дәлірек болар.
Aya
Алдын алып жатқаны ғой
Gastarbaiter
Сатыбалдының айтқандары ғана саналы тұжырымдар секілді көрінді. Кез келген жағдайда неғұрлым жабдықталған, өзін саналы деп есептейтін және қауірсіздік қамтамасыз ету үшін қаржы алып отырған жақтың жауапуершілігі мол болады. Тіпті үйіңдегі итің өзіңді қауіп жатса, ол сенің кінәң. Органдар тек салдарымен күресуі, оқ ата бастауы дұрыс деп ойламаймын. Хулигандар дейікші бұл топты. Басқа елдерде де болады ондай, дамыған елдерде де. Бірақ мемлекеттік маңызы бар ісшараларда олар ең алдымен қауіпсіздік қамтамасыз ету шараларын ұйымдастырады. Қайдағы бір футбол жанкүйерлерінің қақтығысы қалада өрт қою, жаппай бұзақылыққа ұласып жатады. Бірақ олармен полицейлер газбен, резеңке оқпен, сумен, тб күресЕДІ. Оларда от қаруы жоқ болғаннае емес. Қанды кекке себеп болатын жеккөру тудырмау үшін. Қырып тастау керек деп оңай айту. Арасында бір туысың тыңдамай кетіп қалса ше? Қайта қайта өртенген ғимараттармен қатар, өртенген шыршаны айтып тықпалай береді, ау, шырша деген ол не тәйірі, адам өліп жатыр ғой, адам. Балаң бұзық болса, бұзық емес балаңа ініңді өлтір бар бауызда дейсің бе? Сабап аласың, байлап бағасың әрі кетсе… Кез келген қантөгісте екі жақ кінәлі болады. Тиісті кадрлардың кәсіби деңгейі мен жұмысқа немқұрайдылығынан да болуы мүмкін. Біздікілер я бетімен жіберед, я артық кетеді. Банально жалқаулықтың да себебі бар. Үлкен сабақ болды. Тек бұл сабақты дұрыс түсінсе екен. Шаш ал десе бас алатын әдетімізге салмасақ екен.
Makhabbat
Адам баласы ашынбаса, немесе белгілі бір себеп болмаса, оққа қарсы кім жүгіреді?!
Қазақстан бюджетінің 80 пайызын (жобамен) құрайтын маңғыстау мен Атырау облыстары… былайша айтқанда тұтастай Өзбекстан Республикасының 1 — айда бюджетке түсіретін пайдасынан 2-3 есе артық пайда әкеледі.
яғни тек қана 2 облыс Тұтастай 1 мемлекеттен де коп пайда табады деген сөз… Ал сол облыстар халқының жағдайы мүлдем басқаша! ал ақша қайда, еңбек ақы қайда? Батыс өңірінде акша коп болса, азык-түлік, заттар, баска да ұсак-түйектер, баска облстарға қарағанда екі-үш есе қымбат…
Газбен мұнайдың устінде отырып газымыз неге кымбат, бензин неге тапшы?!
Осыны ойлаған адам бар ма?! Аузым бар деп сойлей беруге болмайтын шыгар,
мұнайшылардікі дұрыс, тек бұл жерге басқа да адамдар араласып кеткен,
әйтпесе олар БАҚ-да жазып жатқандай бұзақылық әрекеттерге бармайды.

Gastarbaiter-ге қос қолымды көтеріп қосыламын!
Tarazkyzy
Болжамдар көп, нақтысын айтар адам жоқ. Алдыңғы күні Ақтаудың алаңында да адам жиналыпты.Ел тыныштығы бұзылғандықтан, кешке комендантский час жариялады. Полицей, скорый помощьдің ары-бері өтіп жатқандарын естіп отырдық үйде.Не СМС шықпай қойды, не бірлік түспей қойды, не қазақстандық ТВ (Қазақстан-Ақтаудан басқа) көрсетпей қойды, не Жаңаөзенге қатысты видеоларды көре алмадық ғаламтордан. Поезд, самолеттарды тоқтатыпты. Соңғы естігенім, өзге қалалардан шұғыл арнайы жасақтар келе жатыр дейді. Демек, жергілікті органдар «халықты» тоқтата алмай отыр. Бірі, бұл мұнайшылардың ісі емес дейді, екіншісі,құжат бойынша 650-700 мың, ал реалда 100-150 мың алатын жұмысшылардың наразылығы дейді.
Қалай болғанда да, мәселе тезірек шешіліп, ел іші тыныш болсын дейік!
ПыСы: мерекеден 2 күн бұрын түс көріп ем.Өзге қалада/мемлекетте адасып жүр екенмін деймін. Бір уақытта вокзалда тұрмын, жанымнан Жаңаөзендік курстасым өтіп барады асығып. Түрі бұзылып, өңі қашқан. «Ауылға бара жатырмын, қырғын боп жатыр» дейді жүріп бара жатып.
Кеше есіме түсті әлгі көрген түсім. Сәйкестік шығар.
e_zhalgas
Мұнайшылар наразы еді. Бейбіт форматта.

Сол оқиғаны пайдаланбақшы болып, әртүрлі провокациялық әрекеттерге барған топтар бар екені көрініп тұрды. Ғайыптың күшімен керек уақытта, керек жерде пайда болған журналистер мен камера ұстаған хабар таратқыштар — осының дәлелі.

Билік өзінің қорқақ әрі әлсіз екендігін көрсетті. Өзімен келіспейтіндерге қарсы оқ ата алатындығын дәлелдеп беру арқылы, провокаторлардың мақсатына жетуіне жағдайды өз қолымен жасап берді.

Ең қайғылысы — қарапайым халыққа қарсы атылған оқтан 14 адам қаза тапты.

Билік тарапынан алдын алуға, не қайғылы нәтижесіз де жағдайды қалыптандыруға болар еді.

Қысқасы, аңыздың бәрі сейілді. Қазақстан енді бұрынғыдай болмайды!
Zako
Бұрын болғанда қай бұрын?
e_zhalgas
Оппозицияға бұл жақсы болды, «айттым ғой» деп қойып, айызы қануда. М.Әблязов болса, қол шапалақтап, Р.Әлиев санын шапақтап жатқан болар.
бұл табиғаты тым бөлек жемістер оппозиция болып үлгерген бе?!
boztorgai
басқа елдерде… полицейлер газбен, резеңке оқпен, сумен, тб күреседі

ал бізде билік халықтың қадір-қасиетіне қол қойғанын ұялмай көрсетті
balzaminka
Универде апайым көңіл айтып жатыр, арты жақсы болсын, қазақ елінің қайғысына алыс Индиядағы азамат болсам да ортақпын дейді.
izbasar
Ол кімнің қотырын қасып отыр екен.
Jacqabaies_Chirac
ияяя жақсы сый болыпты мерекеге
User
Негізі 1986 жылы халыққа оқ атқан жоқ, ал Жаңаөзенде оқ атылып ты дейді деп айтады жұрттар(ұзынқұлақ)
meirzhan
Жалпы 1986 жыл мен 2011 жыл 16-17 желтоқсандарды салыстыруда қойған дұрыс-ау. 86 жылы жастар не үшін шығып еді, олар 46 ғимарат өртеді ме, дүкен тонады ма? таза бейбіт сипатта болып еді. сол үшін көтеріліс деп айтуға да қиналады адамдар. қарусыз болды.
User
Шамасы K+tv-дің ютубтағы каналын қарамағансың ау) Жаңаөзендегі адамдарда қарусыз болған.
meirzhan
К+ ТВ объективті арна емес, керекті жерлерді түсіреді. Көтірілістің болатынын біліп, тіпті оқиғаларға дейін «Назарбаев өз халқына оқ ата ма?» деген тақырыпта бағдарлама өткізген каналдаан не сұрайсың.
Тіпті сол К+ ТВ видеоларында көтерілісшілер қолдарында бір темір таяқтардың болғанын байқар едің. Суық қару, Молотов коктейлі, бір ұшында пышағы бар темір таяқтар қаруға жатпай ма?
User
Ұтылдым дегенім ғо) сіз сияқты адаммен пікірталасу ұят деп ойлаймын,
Serzha
тәуелсіздік күнін 16 желтоқсан қылу да саяси қадам… біртіндеп 86 жылғы оқиғалар ұмытылсын деп
Altygradus
олар 46 ғимарат өртеді ме, дүкен тонады ма?
7 ай бойы алаңда тұрған адамдардың ғимарат өртеп, дүкен тонағандарына біраз күмәнім бар, чот видеода кішкене балалар жүр көбіне машина өртеу жағында… Қазір уже погромды кім бастап, кім жасағанын айыру қиын әрине
meirzhan
«Бандитские элементы» деді ғой, солар шығар ғимараттарды өртеп, погром жасаған.
konvict
Маған түк әсер етпеді бұл оқиға
satibaldi
Түбінде өлетін адамдардың мимырт тірлігі…
boztorgai
бұл комиссияң да ештеме шешпейді, менше
Abilakim
Жалпы, 16-шы желтоқсан қан төгілген күн ғой.сонау 1986-шы жылғы қанды айтамын.Бұл күнді қаралы күн деп жариялап,17ісін Тәуелсіздік күні қылуымыз керек еді. Ал, теледидардан соңғы жылдары Желтоқсан оқиғасын емес, Нұрекеңнің істеген істерін ғана айтады осы күнге қатысты бағдарламаларда. концерт беріп жатыр, Арнау айтып жатыр.ОБСЕ, Саммит, Азиада деген сөздер бар.Желтоқсанда құрбан болған жастар жайлы бір сөз айтылмады
serjan
Бұл да дұрыс болды билік есін жиды, енді ертек айтуды азайтатын шығар.
Gastarbaiter
Ай сол ертегіні адамдардың көбісі өздері естігілері кеп тұрады.
aza
«Түйесі жоғалмағанның бәрі ақылды...»
Тимур түнде соққан… Айтқан, айтқанын жазған да екен.
7 айдан бері тып тыныш тұрған халық мереке күні де тыныш тұра алар еді… Тұрды да. Бірақ, бұл радикалдарға ұнамайды. Оларға басқа нәрселер керек еді… Жетті дегеніне… Мен кеше Ақтаудың орталық алаңында тұрғандардың қасында болдым, 2 сағат. Бейбіт шеру, плакаттар ұстаған. Талаптары Жаңаөзеннен әскерді шығару, халықтың ақшасын тыныштықта сорып отырып, ел басына күн туғанда үйшігіне тығылған Ксел мен Активтің байланысын қалпына келтіру, (ел байланыссыз қалды) және осындай наразылық акциялары Шетпеде де, Фортта да болып жатыр, Мұнайлы ауданында да халық әлі тараған жоқ. АҚтаудағы алаңға қойылған әскерлер жат жерліктер!!! Достар, қазақтар емес, тұрғандар алаңды күзетіп. Және қазақ, орыс тілдерінде «обл әкімшілікке жақындауға тыйым саламыз, ондай жағдайда оқ ата бастаймыз» деп айтылып тұр!
Қалай болғанда да ел тыныштығы бұзылды, батыстан маза қашып тұр. Анығы ертең, арғы күні басылатын жанжал емес бұл!
Ақтау Әуежайы Халықаралық етіп жаңадан салынған еді, бір мезгілде 460 ұшақ қабылдауға қабілетті нысан қазір пайдаға жарап ақ тұр. 200 ден астам самолет келіп қонған 16 сы күні сағат 18 00 ге дейін, бұл анық хабар. Тамыздағы көтерілісті басуға келген 700 адамдық арнайы жасақ әуежай жаныннан қалашық салып қоныстанып қалған еді… Қазір Маңғыстауда 25 мыңнан астам арнайы жасақ бар деген ақпарат бар, бұның аныққтығына көзім жетпейді.
ПыСЫ: Жаңаөзенде 70 адам оққа ұшты деген ақпарат ақиқатқа жақын, құрбан болғандар одан да көп!!! Статистика көрсеткен сандар қызық, алайда, оның көрсетпегендері одан да қызық!!!
Маңғыстау қара жамылып қалды, мереке кезінде!!!
Мәскеудің РТР ынан ПАВЕЛ КУЗИН деген саясаткер сөйледі: «Адайлар тамаша халық! Оларды алдап ииуге болады, иуге келеді. Алайда, қаттырақ игің келсе, сындырып аласың! Сынған Адайдың не дегенін жасайсың, немесе қанға бөктіріп соңына дейін қырасың...» Денем түршігіп кетті…
Шөкеев көрмей қалса деп ойладым осы видеоны…
Қайран, Маңғыстау-ай…
Gastarbaiter
Махамбет, Исатайды әлі ұмытпаған ғой орыстар да. Ресей Қазақстанға Адайларды басуға екі қолдап көмектесе ме екен? Ежелден Адайдың шатағынан аяғын тартып келгендер, көтін ашып қуанып отырған болар. Тарихтың өтірік расын қайдам, батыстағы шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етіп отырған Адайлар, дөрекі болсын, ұр да жық болсын, құмға басын тығым, қурай паналайтын халық емес. Екі жыл Қаражамбаста істедім, бірлі жарымы болмаса, оңтүстістенсің деп көзімді шұқыған емес. Шыны керек, Маңғыстауда туыстарым, достарым бар. Сабыр тілеп, мәселені ақылды жолмен шешуді тілеймін, оларға.
Жаңа бір видеода он жеті жастар шамасындағы бозбала едіреңдеп, Осы жолда өлсем арманым жоқ деп жатыр. Бейшара бала ай, не үшін өлесің, бұлыңғыр бірдеңе үшін өле қалу оңай, кейін арам өлген боласың. Одан да бәріне қырсыққында, аман болыңдар, қызулыққа салынғанан ештеңе шешілмейді.