Мектептерде неге ер мұғалімдер саны аз?

Мектептерде неге ер мұғалімдер саны аз? деген салау әркімнің ойында жүрер. Кезінде аталарымыз ауыл молдаларынан хат танып жағдайы келгендер одан әрі білімдерін жетілдірген еді. Ал, қазір мектептерге барсаң әйелдер қауымының саны басым. Осыған байланысты сіздер қандай ойдасыздар. Неге әйелдер саны басым. Жалып елімізде қай уақыттан бастап ер азаматтар білім беру қызметтерінен алыстай бастады.
Бөлісу:

111 пікір

VKM
Төлейтін ақысы аз болған соң шығар.
izbasar
Бірінші фактор деп ойлайсыңба?
satibaldi
Мектептерде неге ер мұғалімдер саны аз?
Намыссыздықтан ғой, намыссыздықтан. Ұлт болашағын ойламағандықтан. Сондайлардың кесірінен қатынжанды ұрпақ тәрбиеленіп жатыр. Бұл елдің сыртқы жауларының арам пиғылы. Ертең екі толқын ұрпақты әйел мұғалімдер тәрбиелеп шыққан соң, барлығы қорқақ, жасқаншақ болады да, Қытай, Америка бүжи деп қорқытып-ақ жеріңді тартып алады. Мұның барлығы бүкіл әлемді билемек болған Батыстың құйтұрқы әрекеті. Осыларды неге ойламайды екен Президент? Ол қайда қарап отыр? Бас прокурор қайда қарап отыр? Теңіз Әскери Күштерінің конт-адмиралы Ратмир Комрадов не істеп отыр? Кәрім Мәсімовтікі не отырыс?
Gastarbaiter
Шықылықтаған шындық))конспирологынссс:))
Aya
Айтып отырғаныңыз бір жағынан дұрыс та. Бірақ еркектердің ұрда жық намыссыз, санасыз болуына президенттің не қатысы бар? «Мектепке ұлағатты ұстаз болам» десе еркек кіндіктілерге ешкім қой деген жоқ қой?!Өздерінің ойлану дегенді білмейтіндіктерінен ер мұғалімдердің аздығы…
izbasar
Еркекті мектептен аластаты Кеңес үкіметінің мақсатты түрде жүргізілген саясатының исі шығатын сияқты.
izbasar
Оларда әйелдердің алдынан сабақ алды емеспе.
dark_nazgul
Мектепте екі ақ ер мұғалім болады: трудовик пен физрук. Менің екі қайынсіңлім мектепте дене шынықтырудан сабақ беретінін ескерсек, физрук еркектер де азайып бара жатыр деген сөз.
Жалпы, жігіттер мұғалім болуын болады ғой. бірақ тек сағатын санап сабағын беріп қана, тәрбие ісіне араласпай, аулақ жүреді.
Zhan
Осы пікір айтылғалы көп болды. Түсінбейтінім, әйел мұғалім ер балаға әйелдік мінезді сіңірмейді, тек сабақ береді емес пе? Мектепті бітіріп шыққан бала ұстаздарым кілең әйел болғандықтан қорқақпын деп тұрмайтын шығар. Меніңше бұл сылтау. Үлгі алатын ер мұғалім болу керек әрине. бірақ мына заманда мектеп оқушылары кумирді мектебіндегі еркек мұғалімдерден іздейді дегенге онша сеніңкіремей тұрғаным…
meirzhan
тек сабақ береді емес пе?
Біртұтас педагогикалық процесс: сабақ (білім) мен тәрбие.
izbasar
Жан писимис сияқтысың. Мықты мұғалім болса неге кумир болмасқа.
satibaldi
Бүгін таңертең көңілдесімнен қайтып келе жатсам, кішкентай ғана бозбала темекі тартып тұр. Жасы тоғызда шығар әрі кеткенде. Осыны осыдан 20 жыл бұрын елестете алар ма едіңіз? Азғындап барамыз ағайын! Ең қиыны, осындай кездерде Сенат Төрағасы, Конституциялық Сот алқасы, Оңтүстік, Батыс әскери группировкалардың генералдары, Алматы, Астана қаласының әуе қорғанысы полктерінің қайда қарап отырғанын түсінбейсің.
VKM
н таңертең көңілдесімнен қайтып келе жатсам
осы енді біздің білім базамызға артықтау еді:)))
Gastarbaiter
ық-ық)) Венка жарад:))
izbasar
Артық емес сияқты.
dark_nazgul
содан, баланың қасына барып: «кайфуешь, падла?» дедің бе?
meirzhan
Ұлдарға және қыздарға арналған мектеп-лицейлер деп бөлініп, біріншісінде ер мұғалімдер, 2-сінде нәзік жанды мұғалімдер болса.
VKM
қойш,қызық емес.
meirzhan
Қызықты КВН-нен ізде. )
izbasar
Бұл ұсынысты міністрлікте міндетті түрде қарастырылатын болады.
Zhan
Батыс әскери группировкалардың генералдары, Алматы, Астана қаласының әуе қорғанысы полктері
Бұлар тек жауынгерлік кезекшілікте жүр. Отанды қорғау керек, Олардың қолы бос емес. мазасын алатын шаруамен ата-аналардың өзі айналыссын деген жауап алсаңыз таң қалмаңыз. Бірақ, сізді таң қалдыру…
Abilakim
Дене тәрбиесі, АӘД, тарих, әдебиет, география, физика пәндерінен ер адамдар берді бізге
dark_nazgul
алғашқы әскери дайындықтан отставкадағы майор беретін
izbasar
Қазір сол ағатайларың барма мектептеріңде?
dark_nazgul
білмейм ғой. мен кеткелі қай заман. кадр тапшылығынан бір кездері мектебімізді физрук ағай басқарып еді директор болып.))
izbasar
Физрук ағайңның кадр тапшылығыан директор болды дегенге келісе алмаймын Ол кісінің іскерлігін әлі мектептегі деңгейіңмен бағамдап отырған шығарсың.
dark_nazgul
біздің мектепте ер мұғалімнен сол физрук пен майыор ғана. он бірінші класта Оразалылар практикаға келген кезде бір қарық боп қалғанбыз)))
Abilakim
Оразалы марқұм ба? Қарық болуды қалай түсінсек екен?
dark_nazgul
иә, марқұм Оразалы. төрт жігіт болып келген практикаға.
қарық болдық деп күлкіге қарық болдық дегенім ғой.
сол кезде Женпиден де музыкадан практикаға аса талантты қыздар келіп, қыста болатын мерекелердің бәрі думандатып өтіп еді. Оразалы бар өнерін көрсетіп еді. бұрын соңды ондай қызық біздің мектепте болған емес. ))) мектебіміздің жігіт көргені сол шығар.
dark_nazgul
жігіт көргені дегеннен кейін «де» шылауы тұру керек)))
satibaldi
Біз сияқты ұлттарға өз билігін өзіне бере салу үлкен қателік. Міне, енді мектеп баласына дейін әйелдің тәрбиесін көруде. Мұндай құлдыраумен бір күні шыңыраудың түбіне жетеміз, сол кезде бәрі де кеш болады. Бұрын Бутрос Бутрос Ғалидің тұсында тәуелсіздік алдық, ол бұл мәселеге пысқырмады да; онан соң Кофи Аннан келіп, ол да қазақтың бұл проблемасына пысқырмады; қазір мелшиіп отырған кәріс Паң Ги Мунның да әзірге пысқыратын түрі көрінбейді. Оларды қойшы, Еуроодақ, АСЕАН, БРИК қайда қарап отыр?
KILYZAMAN
Біз сияқты ұлттарға өз билігін өзіне бере салу үлкен қателік.
— Оттамағаның дұрыс болар еді… Құлдық санаңмен сарғайғың келсе — Уішіпөлер дәруіштеріңмен сарғай…
ол бұл мәселеге пысқырмады да; онан соң Кофи Аннан келіп, ол да қазақтың бұл проблемасына пысқырмады; қазір мелшиіп отырған кәріс Паң Ги Мунның да әзірге пысқыратын түрі көрінбейді. Оларды қойшы, Еуроодақ, АСЕАН, БРИК қайда қарап отыр?
— ішің өтіп кеткен сияқты, мүңсімегенің дұрыс шығар.
satibaldi
Жаңқамды жемеш.
Abilakim
қолтықтан кеттім))))
satibaldi
Ер адамдардың мектептегі үлесінің мардымсыздығын көргенде, понтификке де өкпем қара қазандай. Крест Жорығын Африка арқылы жасамай-ақ, Палестианға осы біздің дала төсімен барғанында, қазір озық үлгідегі мектептердің иесі болар ма едік? Әй қойшы сол папа Левті дегенмен, бәрібір қанша нәрседен құр қалғаныңды ойлап, ішің ашиды.
satibaldi
Барлығын христиандардан көре берген де дұрыс емес әрине. Хорезмшах Мұхаммед те жарап тұр. Мына жағы Шашқа, әрі кеткенде Баласағұнға дейін жетіп жығылып, Тұран үстірті арабша сауатсыз қалды. Қазіргі мектептің кескіні — соның салқыны. Көрінде жансын, көрінде жанғыр!
izbasar
Білге қаған, Тоныкөк ұрпағы қарпімнен айырылдым деп өкпелеп жатсыңба?
asaubota
еркек отбасының негізгі асыраушысы болғандықтан жалақысы жоғары жұмысты таңдайтын шығар?
dark_nazgul
ол басты фактор екені рас)
izbasar
мектепте де жоғары жалақы алуға болады.
KILYZAMAN
Мектептерде неге ер мұғалімдер саны аз?
: қыс-жазын (Ұстазым әні есіме түсіп кетті) мектептегі балаларға арнауға мүмкіншіліктерінің шектеулілігінде шығар. Болмыстың сананы билемейтін кезі болыппа еді?
satibaldi
Шива, Бог, Жаратқан, Харун, Велес, Один — әйтеуір бірі өтірік болса, бірі бар құдай екені хақ. Мектептерді еркек мұғалімсіз қалдырып, тек адамды тозақ пен жұмаққа апаруды білетін бұлар да оңып тұрған жоқ. Құдай ұмытқан деген сөз осы біздің мектептерге тән шығар.
satibaldi
Мектепті еркек кіндік ұстаздан ада етіп ұстап отырған космогониялық процесстерді не дейміз? Өздерімен өздері әйтеуір, жаңа жұлдыз туып жатад, үлкен жарылыстары болад, бір планетаны бір планета жұтып қойып жатыр, құсып қойып жатыр; ал мектептің жайына ойлар бір галактика көрінбейді, қарап тұрсақ.
serjan
Қамықпаңдар енді еркектер мектепке қарай ағылады, мұғалімнің мәртебесімен қоса жалақысы да көбейіп келеді, негізі тәуелсіздік жылдарынан бастап мектепке барған жаңа буын тезірек келсе, кеңестік асыра сілтеушілік пен жоғары-төмен ағылған жалған қағаздардан арылар ма екенбіз.
izbasar
Әріптес бұныңа келісуге де болады келіспеугнеде болады. Жаңа келіп жатқан буындардың көздерінен от көре алмай қиналуың мүмкін.
Gastarbaiter
Негізі мұғалімнің айлығын көтерсе барар едім мұғалім болуға. Сабақ беру, өзіңнің қолыңнан келмейтінді біреуге үйрету (қолыңнан келетінді екі бастан) кайф ғой.
Бұл профессияны ассексуалды, тіпті кейде гомосексуалды сипатқа ие қылып отырған сол айлық ақысының төмендігі.
Тілден сабақ беретіндер «жеманный» сызылған еркектер боп келетіні тағы бар. Нағыз еркек мұғалімдер бейшара боп жүріп еңбектен беріп, ішіп келіп денешынықтырудан беруге жарайды(сабақты) деген стереотип негізсіз болмай тұр өкінішке орай.
Adiletshu
Мұғалімдердің жазатын қағазы көп. Қағазбастылықтан қашатын шығар.

Сосын қазіргі оқушылар да басқа ғой. Бір нәрсе болса өз құқығын айтып шыға келеді. Оқып туған «sheshes». Біреуін шыдамай ұрып қойып сотты болудан қорқатын шығар.
KILYZAMAN
Оның рас! ;-)
Оқып туған «sheshes»
— оқымыстыларды оқытатын мыс(шыдам, жігер, біліктілік) керек…
izbasar
Бұныңа келісем. Толып жатқан қағаз, бітпейтін қағаз, бітпейтін тексеріс. Жалпы ел болып қағазға бастырылдық Ағаштарды жалко. Химиктерге тапсырма үйге жазып алыңдар. Жаңа қағаздың түрін ойлап табу.
Zako
Гендерлік теңдік саясатын ұстанғыш, соны басқаларға таңғыш америкоттарға арызданыңдар.
izbasar
Бұл процесс 20 ғасырдың басында Сабет атамыз әйел теңдігін алу дегеннен басталған ау сірә.
a63a1
НЕГЕ?
izbasar
ХХ ғасыр басында орыстар қазақ қыздарына теңдік алып береміз деп қалаға оқуға алып кетті. Одан әрі оқытты қазақтың күнделікті тұрмысын жабайылық деп оқытты. Бүрмелі көйлегін, камзолын т.т. шешкізді, етегі қысқасын кигізді. Қаладан оқыған қыздар ауылджағы еркектерді менсінбеді. Бастарына білім алды… арынан арылды… Мектептердегі ер мұғалімдердің санын азайтты.
a63a1
Кім кінәлі? Аққайыңыңдыссс…
izbasar
Сосын мектепте әйелдер басқарады көп жағдайда. Әйел бастық болған жерде түсінікті. Бақыру- шақыру, пыш-пыш әңгіме. Сосын олар қорқақ келеді. Кәмиссия келеді десе жіберіп қоятындай болып әкімшілік мұғалімдерді жұлып жеп қояды. Бір біріне соғылады жынды қойлар сияқты. Осындай ортада алтынбасыт ер азаматтар жүруі ауыр. Бұл шындық. Еркек басыңмен біреудің қатынынан сөз есту өте ауыр.
Zako
Кәмиссия келеді десе жіберіп қоятындай болып
Жіберіп қоймаса да бүлдіріп 0ойғандай тыныш болатын еркек директорларды да білемін :)
KILYZAMAN
Реал байларын солай сыйлап(қорықса ғой) ;-)
izbasar
Әй қайдам… табу қиын.
dark_nazgul
чо то әйелдерге қарсы движняктың ұранын естіп тұрғандаймын ба?
izbasar
Қарсылық жоқ. Еркектер неге мектепте аз. Еркек балалар соларға қарап тәрбиеленіп кетеме деген қауіптен туып отыр.
dark_nazgul
өз басымда қарсылық жоқ. жігіттер барсын мектепке, оқытсын балаларымызды. )))
satibaldi
Сопақбастар, осыны да әңгіме деп!!!
izbasar
Қазанбастар отыр басын қасып, балаларын шүйке бастарға оқытып нақ.
satibaldi
Ол да рас, әнасстың. Дүние боқ, Абай наркоман.
izbasar
Отырындар ұлдарың қыңғсылағанға дейін.
dark_nazgul
Ер адамдар жалпы бала тәрбиесіне аз араласады ғой. тіпті мектепті қойып, отбасының өзінде балларды шүйкебастар жөздері тәрбиелеп жатыр. Өз бауыр етін тәрбиелеу жауапкершілігін ысырып тастап, сайрандап жүрген қазақбастар біреудің баласын тәрбиелеп жарытады дейсіңдер ме?
Өздеріңнен бастаңдар!
satibaldi
Ашуланба нақ! Көп болса мілитсәң бар шығар әкелетін, біздің қайны да прократурде істейд! Өзің кешірім сұрап келесің, өзің кешірім сұрап келесің тап осы жерге!
izbasar
Ол сәбет атаңнан жұққан түсінігібе не?
dark_nazgul
сәбет менің атам емес. Мектепте неге ер мұғалімдер аз деп азан көтергенше, өз баласын тәрбиелеуден бас сауғалап қашып жүрген көкек әкелер қайдан шығады деп бас қатырмайсыңдар ма?
izbasar
Сол сәбет атаң үйреткен ғой. Алдымен әкелелеріәнен айырды. 1 Аштықта, 2 Қуғын сүргін, 3 Соғыс сосын бір үйдің абабаларын әр балалар үйіне тықты. Сосын арақ ішкізді, т.с.с айта берсем сәбет атаңссс
dark_nazgul
Мақұл. сәбет атам баяғыда сүйегі қурап көрде жатыр. қайтпай ма енді отбасыларына көкектер?
izbasar
Әй, сіңірді ғой сіңірді. Сәбет атаң балалары мен немерелері атасын көрген. Отыр ғой әлі атаңнан әлет.
saken
қазақбастар
ужыыыссс…
izbasar
қазақбастар
,
ужыыыссс…
не сатырашный. Кім екен сонда.
araika
Мұғалімнің «кім» болғаны маңызды емес, ең бастысы — оқушының санасына құяры болса, сол да жеткілікті.
meirzhan
Қую әдісі, жолы да маңызды.
araika
Бұл енді үлкен тақырып, қысқасы :)
izbasar
Мұғалімнің «кім» болғаны маңызды емес
маңызды болып тұр ғой. Еркектерден оқығандардың көбі мықты болып тұр ғой.
araika
Маңызды деп таныған факторларды атап өтсеңіз?
meirzhan
Бұл енді үлкен тақырып, қысқасы :)
araika
:)))
Төл сөз бен төлеу сөздерді қайталасаң жақсы болар еді :)
meirzhan
Комментіңді дауламайтын шығарсың :)
araika
Иә, игілігіңе пайдаланшы :)
Gastarbaiter
Наққа керегі жоқ сабақтарды құрту керек.
VKM
Қосыламын.Самопознание, валеология, риторика деген сабақтар артық сияқты
Serzha
қазіргі кезде валеология ескірген, қажет жоқ ғылым деп танылды
meirzhan
Ғылым емес қой ол, пән )
izbasar
Cен оқығанда керек жо пәндер қадай еді.
VKM
Черчение)))
Serzha
неге? күшті сабақ қо
Lyaila
Кай ортада болмасын ер адамдар мен әйел адамдардың араласып жұмыс істеп жүргені үйлесімді, әйтпесе, әр жыныс өкілі өзіндік «ерекшеліктерінен» ажырап кетеді…
izbasar
Ер мұғалімдер көп болса ажырамас.
Delhi
Қазір мектепке жас ер мұғалім келсе, үлкен сыныптың қыздары өзгеріп шыға келетін болыпты ғой. ))
izbasar
Қазір мектепке жас ер мұғалім келсе, үлкен сыныптың қыздары өзгеріп шыға келетін болыпты ғой
Әркім өз ойынан хабар береді дейма?
Delhi
Мен мектеп бітіргелі қай заман, ол кезде жас мұғалім деген болған жоқ бізде. Сол кезде ойлайтынмын, жастар мұғалім бола алмайтын шығар деп, себебі, біздің мектепте кілкең үлкен мұғалімдер болды.
izbasar
Она бақытты екенсің қәрі қасқырлардан сабақ алған. Олар әрқашан бағалы ғой.
dark_nazgul
қашанда солай болған)
izbasar
Бұл аруда ойынан хабар берді…
araika
менің де бұл ойға қосарым бар :)
meirzhan
Тақырыптың қайта-қайта «Мектептерде негр мұғалімдер саны аз» болып көріне беретіне несі-ай. құдай-оу, сасқалақтағаным нес, күнде жазылып тұратын тақырыпты дұрыс оқи алмағаным нес
Delhi
Бұл сөзің анекдот бар ғой «кетЧ негр құсамай» деген, соны еске түсіреді екен))))))
rakisheva
прикинь менде дал сен сиакты окып аштым осы постты :)))
meirzhan
Керекинфо дуаланған, тақырыптар мен никтер қисайып, дұрыс оқылмайд!)