"Қазақ интернеті дамып келеді"

«Қазақ интернеті дамып келеді, қазақша жаңа сайттар ашылып жатыр» деп сұхбат беріп отыр екенмін, облыстық телеарнаның тілшісіне. Әрине бұл түсім ғой.

2009 жылы алғаш ұстаздық жұмысты бастаған кезімде, мұғалімдер жинауға тиісті том-том қағаздарды жинаудан жалығып, интернетті ақтарып қазақша материал іздегенім бар еді, мақсат дайын сабақ жоспарлары және биология пәнініе қатысты қосымша материалдар табу болатын, ол кезде (ол кезде деймін –ау, қазірде солай) нақты ғылымдарға арналған қазақша материалдар өте аз еді ғой. Бар болсада бір жерге басы қосылмаған еді, осы олқылықтың аяғын аспаннан келтіруді мақсат етіп, гугылға былай деп жазатынды шығардым «создат сайт» сонымен не керек бір айдың ішінде тегін конструкторлардың ішінен ең оңтайлысын тауып, биология ұстаздарына арналған бір сайтты жасап шықтым, www.biologia.my1.ru әрі бұл барыс ойлағанымнан әлдеқайда тез болды.
«Бұл недеген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп бөрігімді аспанға атып мәз болып жүргенімде ақырындап тегін сайтымның кемшіліктері көріне бастады. Күндер өткен сайын өз сайтымнан жери бастадым, тіпті айлап кірмей кеткен кезім де болды, есіл-дертім жеке доменмен KZ сайт жасау, оның да жолдарын үйрендім.
Сонымен көптен күткен биология ұстаздарына арналған KZ сайт дүниеге келді, www.bioustaz.kz бұл сайттың жарыққа шығуына көмектескен жігіт те осы жерде, өз арамызда. Сайт әзірге толығу, кемелдену үстінде сайттың құрылымы, дизайын жөнінде өз пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар дегенім ғой, bioustaz.kz деген сөзге лого жасап берем дейтін Атымтайлар болса тіптен қатып кетер еді.
Бөлісу:

23 пікір

patick
Мектеп бағдарламасына кіретін бүкіл биология курсы көрнекіліктерімен қоса сайтқа енгізілсе — Қазақстандағы ең құнды сайттардың бірі болар еді.
konvict
Уордпрес деген жақсы ғой, шіркін… Лого жайлы Архун мырзаға айтып көріңіз.
Gulistan
Енді жақсы биологтарды тарту керек!
KILYZAMAN
Құнарлана түссін сайтың бауырым!
Onlasyn
Кесте сызатын болсаң, сыртына шығып кетеді екен
nurjanbay
менің саған кеңесім, тілегім десем де болады, бұл сайт тек өзіңнің мектебіңнің ғана сайты болып қалмасын. Қазақстандағы барлық биология мұғалімдерінің, оқушылардың, студенттердің басын біріктіретін, күнделікті ашып оқитын сайты болсын. білім министрлігімен бірлесіп жұмыс істе, барлық мектептердегі мұғалімдер, оқушылар сайтты керек материалдармен толтыруға ат салыссын. әр мектеп өз өңіріндегі жан-жануарлар, өсімдіктер туралы мәліметтер енгізсін. тек сенің сайтыңда осындай жұмыстарды жасауға ыңғайлы функциялар болса деймін. іске сәт!
serjan
Менің де ойым сол, сайт бүкіл Қазақстан мұғалімдерін қамтысын деген ой ғой. Ал министрлікпен қалай бірігіп жұмыс істеймін ол жағын білмедім.
KILYZAMAN
:-)… Жауабы жоқ жұмбақ!
nurjanbay
министрлікпен қалай бірігіп жұмыс істеуді бір сайтқа бүкіл әлемді телміртіп қойған Марк Цукерберг жақсы біледі. қалжың. :)
министрілікте отырғандар кәдімгі өзіміз сияқты адамдар. қорқатын, қысылатын дәнеңесі жоқ. әуелі саған өзің сияқты ниеттес, пікірлес жолдастар табуың керек. өзіңнің қалаңдағы барлық мектептердің биология мұғалімдеріне, мектеп директорларына сайтыңды көрсет, ойыңды айт.
asaubota
алдымен мазмұнын толтыр, мен саған дизайн жағынан көмектесемін.
serjan
Рахмет, кезі келгенде қолқа салармын онда.
Adiletshu
Жол болсын! Бұндай сайт географияға да керек екен
serjan
Географтардың сайты бар ғой jagrafia.ucoz.kz/
konvict
Айтпақшы, менде психологияға байланысты презентациялар бар. Керек болса лақтырайын
serjan
Лақтырсайшы мынаған serjan618@gmail.com
qusbegi
Мынау болады ма?
serjan
Рахмет, күшті шығыпты маған ұнап тұр.
meirzhan
Құтты болсын! Жағымды жаңалық!
serjan
Айтқаның келсін.
janarbek
Жақсы түртіп алдым!