"Қазақ интернеті дамып келеді"

«Қазақ интернеті дамып келеді, қазақша жаңа сайттар ашылып жатыр» деп сұхбат беріп отыр екенмін, облыстық телеарнаның тілшісіне. Әрине бұл түсім ғой.

2009 жылы алғаш ұстаздық жұмысты бастаған кезімде, мұғалімдер жинауға тиісті том-том қағаздарды жинаудан жалығып, интернетті ақтарып қазақша материал іздегенім бар еді, мақсат дайын сабақ жоспарлары және биология пәнініе қатысты қосымша материалдар табу болатын, ол кезде (ол кезде деймін –ау, қазірде солай) нақты ғылымдарға арналған қазақша материалдар өте аз еді ғой. Бар болсада бір жерге басы қосылмаған еді, осы олқылықтың аяғын аспаннан келтіруді мақсат етіп, гугылға былай деп жазатынды шығардым «создат сайт» сонымен не керек бір айдың ішінде тегін конструкторлардың ішінен ең оңтайлысын тауып, биология ұстаздарына арналған бір сайтты жасап шықтым, www.biologia.my1.ru әрі бұл барыс ойлағанымнан әлдеқайда тез болды.
«Бұл недеген батпан құйрық, айдалада жатқан құйрық» деп бөрігімді аспанға атып мәз болып жүргенімде ақырындап тегін сайтымның кемшіліктері көріне бастады. Күндер өткен сайын өз сайтымнан жери бастадым, тіпті айлап кірмей кеткен кезім де болды, есіл-дертім жеке доменмен KZ сайт жасау, оның да жолдарын үйрендім.
Сонымен көптен күткен биология ұстаздарына арналған KZ сайт дүниеге келді, www.bioustaz.kz бұл сайттың жарыққа шығуына көмектескен жігіт те осы жерде, өз арамызда. Сайт әзірге толығу, кемелдену үстінде сайттың құрылымы, дизайын жөнінде өз пікірлеріңізді білдіре отырсаңыздар дегенім ғой, bioustaz.kz деген сөзге лого жасап берем дейтін Атымтайлар болса тіптен қатып кетер еді.
Әрі қарай