Білім, ілім
Үнді елінде өте даңқты музыкант болған екен. Даңқының жатқа тарағаны соншалық, шәкірті болуға көп жан құлшыныпты. Бір күні сол кісіге дәріс алуға екі кісі келіп, өтініш білдіреді. Бір кісі жарлы екен де, екіншісі бай екен.
«Менің алдыма келуге не себеп болды?»-деп сұрақ қойған ұстазға жарлы былай депті:
— Мен өмір бойы музыка үйренсем деп армандап келемін. Дәріс алуға ақшам болмай жүмыс істеп, міне бүгін келдім.
— Мен атақты музыкант болғым келеді сіз секілді. Осы уақытқа дейін мені ешкім түсіне қоймады, мүмкін сіздің дәрісіңізден кейін реті болар деп келіп тұрмын,- деген екен екінші кісі.
Содан ұстаз жарлыны он рупийге, байды жиырма рупиймен оқытуға келісім беріпті.
«Бұл қалай? Екеуіміздің алмақ дәрісіміз бірдей, менің музыкалық сауатым бар, неге мен екі есе төлеу керекпін?»-деп сұрапты ана кісі.
«Саған білім беру үшін мен екі есе күш жұмсаймын. Алдымен, санаңдағы қате білімді жоюым керек, содан соң орнына жаңа білім құюға күш саламын»-деген екен атақты музыкант.
Бұл әңгіменің пәлсапасы: Ұстаз алдына білемін деп емес, білгім келеді деп келмек керек.

басшының көпшілігі осындай боп тұр ғо… )))))))))))
Өз қулығымды айтып берейін, мүмкін көмегі болып қалар :) Өз позицияңды мүмкіншілігінше дәлелдейтін қосымша мәліметтерді қыстыра сал, ә деп аузын ашып жатса, соны алдына қоя саласың, болды. Бастықтармен солай жұмыс істеу керек, әйтпесе миды ашыта береді ғо ;)
«Олоооон Доолоооон» деп басталатын ба?)))))))))