Мейрамбек пен "Тарту" тобы - Ерке нәзігім

Мейрамбек өзінің құрған «Тарту тобымен» (3 домбырашы, біреуі вокалист) бірге орындайтын ән.





Түсінер осы мән-жайды
Өзіңдей ешкім болмайды,
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.
Отырам түнде ойланып,
Жаным-ау, жалғыз сен жайлы.

Қылығың нәзік еркелеп,
Айтасың маған ерте деп.
Ал менің жалғыз арманым
Жету ғой саған ертерек.

Көп еді саған айтарым,
Келмейді-ау сірә байқағың.
Сағынып жеткен көктемім,
Сағынышымның айт әнін.
Сағынып жеткен көктемім,
Сағынышымның айт әнін.

Қылығың нәзік еркелеп,
Айтасың маған ерте деп.
Ал менің жалғыз арманым
Жету ғой саған ертерек.

P.S. Әнді әрлендіріп тұрған домбыраның үнінен испан әуендері сезіледі екен.
Бөлісу:

39 пікір

AKY
қауымдастыққа салмадың ба?
meirzhan
қазір қарап көрейін тіркелген қауымдастықтарымды
nurjik07
кандай сайттан жазып алуга болады?
asaubota
плеер арқылы Кивиге өт те, сол жерден жазып ал.
AKY
плеердің үстін 2 рет бассаң, киви.кз-ге өтесің. сол жерден жүктеп ал.
rakisheva
Қандай куштііііііііііііііііііііііііі
AKA
meirzhan
рахмет пост жасалу жолы
AKA
смайликтер жазбасы болып кетейін деп тұрғандай ма, қалай?
meirzhan
болса болсын несі бар
AKY
мына күлкі күЧт екен)
rauka
Мен мұны бірінші рет «Еларнадағы» «Саз әлемінен» тыңдадым. Мейрамбек, қандай әнді айтса да, жүрекпен айтады гой!!! Сөзін жазғаны жақсы болды, жаттап алатын…
meirzhan
Сол бағдарламада әннің тұсауы кесілді деп айтуға болатын шығар.
Erlan
осы 3-4 күндікте болды ғой сол бағдарлама, көріп жақсы өлен екен деп қойып едім
rauka
«Екі жұлдыз» сияқты бағдарлама, бірақ форматы сәл басқашалау
nurjik07
кандай сайттан жазып алуга болады?
direct
Әнді әрлендіріп тұрған домбыраның үнінен испан әуендері сезіледі екен
Мынау әннің оғижинал аты есіме түспей жатыр, өте өте таныс әшуләның музыкасы.
zhannin-sayasi
Бұл менің еееееееееең сүйікті әндерімнің бірі, Мейрамбекке сөзім жоқ) Музыка десе ішкен асымды жерге қоятын қазақпын, сондықтан мен енді сіздің тұрақты оқырманыңыз боламын!!!
aza
Бұл менің еееееееееең сүйікті әндерімнің бірі, Мейрамбекке сөзім жоқ)

Ол кісінің сізге сөзі бар ма екен?!)))
zhannin-sayasi
Иә, бар. Сізді нақты қай сөздері қызықтырады?
kokbori
 Жарайсың!
zhannin-sayasi
"  " осы не смайлик? қандай көңіл — күйді сипаттайды? Бәрің қоясыңдар ғой…
kokbori
өз басым риза күлкінің белгісі
FaraOn1
Соңғы әндері қатты ұнады. Бірақ осы топ туралы ақпарат таппай тұрмын(((
shimaibek
Айтасың маған ерте деп.
Ал менің жалғыз арманым
Жету ғой саған ертерек.
Иятсыз қайырма)
FaraOn1
Жігіт жынды екен, тапатал тусте барып не істемекші, әкесіне ұсталып қалады ғой)))
dark_nazgul
Энрике Иглесиастың әндері сияқты екен.
FaraOn1
топ тураы ақпарат табуға көмектесіңіздерші. Жарайсыңды көріп ем құсық нағыз
meirzhan
Тарту тобы өте керемет, жақсы топ. Мен бұл топты ең бірінші рет «Саз әлемі» бағдарламасында естідім, және көрдім де. Бірақ ұстай алған жоқпын, себебі теледидардан көрген болатынмын. Бұл өте өнерлі жігіттер екен.
Міне, саған ақпарат!
FaraOn1
«Саз әлемі» бағдарламасында естідім, және көрдім де. Бірақ ұстай алған жоқпын, себебі теледидардан көрген болатынмын.
тафтология түсінбедім
erzhannursultan
Керемет жарайсындар! Ары карай жасай бериндер бауырлар!
Соңғы түзету:
BagdauletRahimbay
Тартымды әрі жағымды ән екен. Осындай қазақша әндер көбейе берсін дегім келеді.