Рейтинг
+7.88

Қазақша әндердің сөздері

70 оқушы, 87 тақырып
/ / 0 / 1810 / 0
Өзбекше ән

Фейсбукте қазақтарға ұнап жатыр екен. Сөзін жазып қоюды жөн санадым. Ғазизім Әтіргүлдер (раушан гүлдер) ашты шырай Қара! Күшку (зәулім үй мен) биллур (хрусталь) сарай Жұлдыздар ішінде тәнһа (дара) ай...

/ / 6 / 2468 / 0
Алжасты ма жаңбыр жауды бір күні...

Қай жылы еді есімде жоқ дала әппақ , Біздің жақта жауып жатты қар әппақ. Алжасты ма жаңбыр жауды бір күні Ауыл жұрты қалған еді алақтап… Сормаңдаймын, жанымды ұқсын енді кім, Сол жауынға ұқсап тұрмын мен...

/ / 3 / 10031 / 0
МузАрТ - Мен сені сүйем...

Мен сені сүйем… МузАрТ Жаралдым тағдыр жазып мен сен үшін, Жанымның ең бір нәзік бөлшегісің, От сезім жүрегімде сөнбей мәңгі, Сүйдім мен бұл өмірде сендей жанды Тау бұлағы аққандай, Күміс күлкің пәк...

/ / 4 / 1598 / 0
Сен - қазақсың!

Орындаушы: Бағлан Әбдірайымов. Сөзі: Күләш АХМЕТОВА. I. Сен – қазақсың! Қазақ деген ел бөлек, Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек. Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр, Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек. ҚАЙЫРМАСЫ: Сен – қазақсың! Ұлы дала – тұғыры. Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры, Тірескеннің дірілдеткен тізесін Тұлпарының тұяғының дүбірі! II. Сен – қазақсың! Қазынасы – нәсіп, құт. Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық....

/ / 55 / 3112 / 1
Sorry Seems to Be the Hardest Word - қазақша cover-нұсқа

Элтон Джонның 1975 жылғы бұл әнін білмейтіндеріңіз кемде-кем шығар. Сөзін жазған британдық өлеңші-ақын Берни Топиннің айтуынша, бірде Элтон пианинода әрнені бір ойнап отырып, осы әннің әуенін шығарып, оған тыңдатқан екен....

/ / 2 / 7607 / 0
Құс қанат ғұмыр

Орындаушы: Мейрамбек Беспаев Өмiрдiң мәнiн кiм бiлген Бiр күнiм ұқсас бiр күнмен Таң атса күннiң батарын Бiлсем де бейқам жүрдiм мен Тағы да мiне, таң атты Шапағын тегiн таратты Манаурап естi жиғанша Масайрап мезгiл барады Қ-сы: Таң атса болды, күн батты Ұршығын мезгiл зырлатты Құс қанат менiң ғұмырым Қанатын тағы бiр қақты Тұсаудай тұтам тiрлiкте Тентiреп текке жүрдiк пе?! Жойылып жерден кетер ме ек...

/ / 15 / 3096 / 0
Шымкенттің салқын алкогольсіз сырасы

Шымкенттің салқын сырасы! Көрдің бе ішіп, құрдасым? Мөлдіреп, тұнып тұрғасын, Қалайша шыдап тұрасың?! Шөлдеген кезде – жолдасым, Шаршаған кезде – сырласым. Ішкенде жаным кіріп, Бойымда қаным жүріп, Өмірдің мәнін ұғарсың! Қайырмасы: Хей, құрдасым! Түсінбеушілік болмасын. Туласын жүрек, туласын! Ішейік Шымкент сырасын! Шымкенттің салқын сырасы! Сүтіндей қойдың қорғасын, Еріксіз еске аларсың, Бабаңның ішкен бозасын....

/ / 8 / 6917 / 0
"Жас қалам" әнінің шығу тарихы

«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман. Кездессем ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек Мен сенi жаныма балаймын, Сен үшiн менде бар бiр тiлек… Мен бұл әннiң...

/ / 3 / 4619 / 0
"Каспий" тобы - Жаз не деді?!

Ұйқыдан көңілсіз тұратын таңдар болады ғой… Күн жексенбі болса да, көл көсір қуаныштан гөрі еңсе езген мұң бар… Балконға шықсам, аспанын бұлт бүркеген, Күнсіз Астана қарайды маған, бозарып… Сұрықсыз сырттан сырғақсып, ішке асықтым… Түнде телефонға да хат келмеген екен. Плейлистті ақтарып отырып, бір трэкті баса салғам… Талтантты төрт жігіттің одағы төге жөнелді… Қай-қайдағыны қозғап… Сағыныш… Арман… Мұң… Белгісіздік… Күту… Өтініш… Үміт… Бәрі...

/ / 22 / 7023 / 0
М. Түсіпбаева (Қимай сені барамын, Мен сені іздегенмін)

М. Түсіпбаева — Мен сені іздегенмін Мен сені ғұмыр бойы іздегенмін, Табудан үмітімді үзбегенмін. Сенбесең, үңіл менің іздеріме, Сауырын соқпақ еткен, жүзбенен мұң. Қ-сы: Жан едім жапан түздің киігіндей, Жүр едім жарсуатқа, үйірілмей Жаным-ау алдың баурап //2 рет Жаным-ау алдың баурап, иірімдей. Бозартып, көңілімнің көшкіні еткен, Басымнан талай-талай- көшті көктем. Тамшы боп тереземді...

/ / 10 / 5941 / 0
Кім едің?

Орындаушы: Сержан Али Жаздағы жылы нөсердей, Мұншалық ғашық етердей, кім едің ? Дауыл боп соғып өтердей, Тынышымды ұрлап кетердей, кім едің ? Қайырмасы: Көрмесем, күнім, жабығам, Көруге дәйім асығам. Тастамашы жерге сөзімді, Мендегі қойшы төзімді, Ұқпадым бірақ мұң толы көзіңді. Төбемнен төніп бұлтты аспан, Сырыңды сенің ұқпастан, жүрмін-ау Күтудің жолы тым ұзақ, Өтуде күндер зымырап, түн мынау

/ / 97 / 10690 / 0
Мейлі (Қайрат Нұртас)

Әні мен сөзі : Ержан Серікбаевтікі Сені іздедім мен құстар өткенде Сені іздедім мен самал өпкенде Іздеп аппақ қардан да Жоқсың баққа барғанда Айналдың ақ арманға Қайырмасы: Мейлі, болса да алыс арамыз Түссе де салқын қара күз Бірге бүршік жарамыз! Мейлі, мұңды боп өтсін түндерім Сені іздеп өтсін күндерім Қиялыммен біргемін! Сені іздедім мен заңғар көктерде Сені іздедім мен келер деп көктемде Арман жырым бір...