Шымкенттің салқын алкогольсіз сырасы

Шымкенттің салқын сырасы!
Көрдің бе ішіп, құрдасым?
Мөлдіреп, тұнып тұрғасын,
Қалайша шыдап тұрасың?!
Шөлдеген кезде – жолдасым,
Шаршаған кезде – сырласым.
Ішкенде жаным кіріп,
Бойымда қаным жүріп,
Өмірдің мәнін ұғарсың!

Қайырмасы:
Хей, құрдасым!
Түсінбеушілік болмасын.
Туласын жүрек, туласын!
Ішейік Шымкент сырасын!

Шымкенттің салқын сырасы!
Сүтіндей қойдың қорғасын,
Еріксіз еске аларсың,
Бабаңның ішкен бозасын.
Ыдыстың алып тәуірін,
Сыраңнан құйшы, бауырым!
Шаттықтың ордасында,
Достардың ортасында
Қызықпен өтсін дәуірің!

Қайырмасы:

Шымкенттің салқын сырасы!
Жастықтың албырт куәсі.
Тағы да құйшы, бауырым,
Қалмасын менің көңілім.
Ішкенде дәмі кетпейді,
Көңілде көктем көктейді.
Достым, сен сенесің ба?
Шымкенттің сырасына
Ешқандай сыра жетпейді!

Қайырмасы:
Бөлісу:

15 пікір

ken
Қайырмасындағы екінші қатарын дұрыс жаздым ба? «Түсімде шүлік болмасын» деген жерін айтам. Айтып жіберіңдерші. Керек еді.
VKM
Түсімде шүлік болмасын.
бұл не сөз?
ken
солай естілді. түсініксіз болғансын сұрап отырмын)))
VKM
Кен,әдейі сен үшін тыңдадым. Түсінбеушілік болмасынсияқты
ken
иә-иә, осылай сияқты. рахмет!
edige
Цунбеушілік болмасын гой
Daniar-Alan
ай епті… тып-тыныш отыр ем… еске түсіргенін қараш…
Marationok
Шымкенттің сырасы ол есектін… жалпы  Қарағандының сырасына жету қайда.
ken
Қарағандылықсың ба не?
MickThatsMyNick
Ержан Серікбаевтың өлеңдері хит қо, әсіресе „Алматы-Ақтөбе„ өлеңіне бөлек рыспек!!!
Ақтөбе қаласы туралы естіген нормальный және тез жатталатын ән осы болар.
boztorgai
Бағбанның
бабаңның болу керек
бағбандар қолдан ашытып вино ішед
ken
туырладым. рахмет!
Daniar-Alan
бырат тақырып неге ауысты? жоғарыдан звонок болды ма? типі алкогольді ішімдікті жарнамалама деген?
ken
жоқ. өзім осылай дұрыс болар деп шештім))
sigma
Тақырыбы жыртып тұр.