Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…
Бөлісу:

37 пікір

asaubota
Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері

Астанада бауырсақ пен шелпек деп аталатын бір құбыжықтан қорқатындардың бірі сен екенсің ғой. тек мен ба десем
Aldeken
басында Астананың шелпегін біздің жақтағы лавашпен шатастырғанмын, минариочагарцахперовандыссс…
asaubota
лаваш дейін десең лаваштан қатты, дәмсіз, түссіз бірдеме.
AKY
Шелпек деп, біздің шелпекті айт!
sammita
суретін салшы. Әр үйдің наны әртүрлі болып шығады ғой. Бізде жұқалау, қалыңырақ етіп түрлі жасай береді.
Aldeken
ол қайсысы? ұнды сүтке езіп, жұқалап илеп, майға бір батырып алатын жұқа нан ба, әлде, ашытқы қамырдан майға қызартып пісірген толықитауын айтасыз ба?
sammita
 блинчиктің рецептісін айтжверіңізШ)
AKY
 Мынадай еркектен айналмайсың ба?
Aldeken
жарты литр сүтке 1-2 жұмыртқа, 1-2 қасық сұйық май, 1-2 қасық су, қалағаныңша ұн қосып деп жазып жатсаң, ия? )))))))))))))))))))))))))))))
sammita
 қап-қап, баяғыдан қайда жүрсің жарқыным-оооу))
Aldeken
Блинчик пен шелпек пісіруден қол тимей жүрген…
AKY
Бырат, мен де Ақтөбелікпін
Aldeken
е, бәсе, воздушный бауырсақ пен қызартып пісірген шелпек фанаттарының клубына қош келдіңіз…
Altygradus
қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы кішкене кезімдегі мектепке бара жатқан жолым еске түседі Әйтпесе кейін Алматы қайдағы қар, көк тайғақ боп жатад нервыны ауыртып.
жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету
аулаларың кең болған шығар??
басында Астананың шелпегін біздің жақтағы лавашпен шатастырғанмын, минариочагарцахперовандыссс
Мәдениеттанудан беретін бір жапон профессорым айтқаны еске түсе береді. «Адам өзінің туып өскен ортасының мәдениетін сіңіреді, солай болуы керек деп қабылдайды. Сосын кейін басқадай салтты көргенде, неге олар солай жасайды?? Олай дұрыс емес қой, дұрысы былай болу керек қой деген протест болады. Себебі әр адам үшін өзінің туып өскен ортасының мәдениеті, салты бірінші орында болады». Жалпы қазақтарға тән қасиет  Мысалы маған қалың ғып пысқан шелпек біртүрлі сияқты, ну үйде жасаса еще лана, ал бірақ той-домалақ, асқа арналған дастарханға қойылғаны қызық болатын алғаш көрген кездері. Ал кейін уже Алматының мультимәдениетінен білінбей кетеді екен.
Aldeken
ауылдық жерде тар аула деген сиректеу кездесетін құбылыс сияқты меніңше…

мәдениет туралы пікірге келісемін. Астаналықтар да біздің жаққа барғанда алдарына тартылған табақтағы етке (бешбармақ, қамыр-ауқат, ет тамақ) қолдарын салуға «арланып» отырады.
sammita
бауырсақ пен шелпек деп аталатын бір құбыжықтан
солай айта ма нанды.
Aldeken
Ренжімеңіз, нанды ғайбаттайтын ой емес, екі жақтың рецептілерінің сәйкессіздігінен туындаған сезімді жеткізгіміз келген бар-жоғы…
Zilola
мен де еркелегендi жаксы коремiн )))
Aldeken
еркелеңіз, еркелеуді қойып, еркелететін шаққа да жетіңіз…
Zilola
аумин!
алi балалыгым басылмай журген жынды кызбын го, бiрак балалы болып та еркелей беруге болады деп ойлаймын )
Aldeken
сөйтіп жүрміз ғо…
satvaldo
жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер
пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер
жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар
оосыларға семіздей көбейем :ҚҚҚ
sammita
пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер
пешеходта бипілдеп ышқынатын көліктерді бір тепкім келеді.
AKY
нөміріне үңіліп қарап, қоқиланып қалтасынан соткісін алатын да Сіз бе едіңіз, мәртебелім?
sammita
алдыңғы бамперіне аяқты тіреп қойып
AKY
бұқақақааққақақа (Қарасақалдан үйренвалдым)
Aldeken
спокойно тұратыныма қуанып тұрмын… )))))))))
satvaldo
өткенде сіздің бір сіңліңіз сүйтті онсыз да :ҚҚҚ
менің жыным келмесе де шыдамым таусылады, сондықтан өзім жаяу жүргенде жүгіріп өтуге тырысамын.
sammita
ал мен жүгіріп өткім келсе пешеходсыз жерден өтем қиып)
balzaminka
биография мен географияның тайталасы дегеніңіз не?
sammita
биография-биография
география-туған жері.
Aldeken
өмірдегі биография келіп тұрғанда географиның килігіп кедергі келтіретін тұстарын тұспалдағаным ғо…
asaubota
автор бұл жерде өз өміріндегі шыққан тегі, облысына байланысты көрген құқайлары мен кедергілерді астарлай өткен. нақтырақ немесе ашық айтатын болсақ ол Батыс Қазақстаннан және руы Кіші Жүз руларының бірі.
balzaminka
қызылордалықтарды да жақсы көріп жатқан ешкім жоқ. Шымкенттіктерді де, алматылықтарды да, семейліктерді де, өскемендіктерді де, ой, айта берсе көп. Бізден бөлініп қайтесіңдер
satibaldi
Бізден бөлініп қайтесіңдер
«Біз»? Қай кастаны, бррррр — руды меңзедіңіз?