Сол баяғы ұнайтындар мен ұнамайтындар жайлы...

Ұнайды:
Анамның көзіндегі қуанышты көрген сәттер, кейде оған еркелеп тізесіне басымды қойып жатқан, үлкен ұлымның ойлары/сөздері, жұмыстан келгенде кіші ұлымның «папоооу» деп үзілдіріп айтатыны, келіншегім, аға-апаларымның (әпке, әпше, тәте) балалары (опшым жиендерім мен іні-қарындастарым), Ақтөбенің бауырсақтары мен шелпектері, жаңа тартылған қаймақ, мамыр айындағы сүттен жасалған май (біздің жақта «майское масло» дид), ет қосып жасалған тағамдардың пәшти барлығы, КВН, КВН-ға дайындық, әзілдеріңнің баршаға түсінікті болуы/күлдіруі, қыста далада жүрген кезде қардың сықырлауы, жаз кезінде ауылда түнде далада жұлдыздарға қарап жатып ұйықтап кету, марқұм әкем туралы естеліктер тыңдау, көктемнің аяғында күн енді қызып келе жатқан кез. жасаған жұмысыңды бағалай алмайтын/ бағалағысы келмейтін бастықтар, Қадыр Мырза-Әлидің «Егіз ұйқастары», "Қасқырдың монологы", халық әндері, домбыра тарту, тағысын тағылар…
Ұнамайды:
айнаға қарап, әспеттенуден қыздарды басып озатын нәсілдестер, еркектерге немесе әйелдерге арналғанын айыра алмайтын киімдер, сәйкесінше сондай киім киетіндер, низкий посадка джинси киіп алып, жүресінен отыратын қыздар/жігіттер, жол бойында кездесетін жүргізушілік этикадан жұрдай топас жүргізушілер, пешеходтан тәлпіштеніп өтетін жаяу жүргіншілер, караокеге арақ ішу үшін баратындар, араласатын ортасын әлеуметтік статусы мен байлығына қарап сұрыптайтындар, биография мен географияның тайталасы, жұмысқа бара жатқанда көшедегі пробкалар, мемлекетті басқарудағы мемлекеттік емес подходтар, т.б. ұсақ-түйектер…
Әрі қарай