Тағы да бір үлкен қадамға жоспар құруға арналған кездесу....

  • KazNET
Алдыңғы мақала ізімен!

Құдай қаласа жігіттер өз істерін толықтай атқарса, жақында бір жақсы істің куәсі боласыздар! Бүгін тамаша бір кездесу болды Шымкент шахарында! Көптен көрмеген достарыммен бір ой тарқатып, сыр шертіп, алға жоспар құрдық. Кездесу туралы ҚАРАСАҚАЛ толықтай өзі жеке пост жазып өтер. Кездесуден бір суретті ұсынайын!



суретті үлкен көлемде көру үшін мұнда шертіңіз!
Бөлісу:

23 пікір

Zhanylai
Сәттілік, жігіттер.
satibaldi
Гараж историясы? @blackbeard соңғы Кадиллагын сатжіверді ме?
blackbeard
Ekinshi ret uilendim… Toi maslihatynan myna suretter
AKA
Жұмыстарыңыз жемісті болғай, сәттілік!
satibaldi
Әлі не екенін білмей жатып, ақ жол тілей салғаныңыз аздап күмілжітті…
yerbol89
Хе-хе-хе ризамын! Дөп түсіп айттыңыз! Не екенін білмей ақ тілей салынды! Уақыт көрсетер мүмкін болар, мүмкін болмас!
satibaldi
Тез айт: Suraq-Jawap-ты биржаға шығарайын деп жатырсыңдар ма, әлде астанинки.кз-тің PDA нұсқасын жасамақсыңдар ма?
Qojeke
Жалтақтамай сөзіңде тұрсайшы.
Құдай қаласа жігіттер өз істерін толықтай атқарса, жақында бір жақсы істің куәсі боласыздар!
деп жаздың. Оған қыздар:
Сәттілік, жігіттер. Жұмыстарыңыз жемісті болғай, сәттілік!
деп жазды. Енді келіп Саттың сарттай айтқан қыстырма сөзіне:
Хе-хе-хе ризамын! Дөп түсіп айттыңыз! Не екенін білмей ақ тілей салынды!
дейсің.
yerbol89
Мына сөзге ешкім мән бермеді ғой деймін.
Кездесу туралы ҚАРАСАҚАЛ толықтай өзі жеке пост жазып өтер.
Qojeke
Сонда осы сөзің сендердің бастаған жақсы бастамаларыңа сәттілік тілеуге кедергі келтіруі керек пе? Адамдар «Тағы да бір үлкен қадамға жоспар» дегендіктен сәттілік тілеп жатса, сен күліп жатырсың.
Zhanylai
Біраз хабарым бар, негізі
a63a1
Құдай қаласа жігіттер өз істерін толықтай атқарса, жақында бір жақсы істің куәсі боласыздар
Қазақтың саны 9 адамға көбейеді
monti
нау балдардың бәрі шымкенттік керек инфо қолданушы мүшелер?  шымкенттіктер көп кен ғо
Qojeke
Бәрі шымкенттіктер, бірақ бәрі керекші емес деп ойлаймын
Nurgisa
Алға, қазақтың жігіттері!
KILYZAMAN
Жатқан тасты қозғамаса болмас… (Бахшаңа нәр керек болса)
Zilola
буйыртса 25нен кейiн Шымкентте тусовацетем. кездесейiкшi бауырлар
Onlasyn
Жоспарларың не болды?
yerbol89
aitaber.kz/  Алғашқы қадамды бастап кеттік.
Onlasyn
Базар жоқ. Дизайны керемет екен.
Осы сайттан айырмашылығы не (дизайнынан басқа)?
yerbol89
Алып бара жатқандай айырмашылық жоқ. Тек бәсекелес болып көрейік, сосын тақырыптық блогтарға баса көңіл бөлеміз. IT тақырыптағы мақалалар, мен видеоконтент көптеп болады деген жоспар бар.
araika
Блогтұғырдың атауы «сөйле» дегені ме?
Есіктеріңнен сығалап, тайып тұрдым күрделі етістік бірге жазылыпты