Домбыра жайлы

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.

«Домбыра» атауының шығуы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшалайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі асап үнді халықтарында «тампура» деп аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал енді музыка мен домбыраның арасындағы байланыс не? Біреуі аспап болып, екіншісі сол аспапта ойналатын шығарма болса, олар қалай үндеседі? Егер әнші болса, онда үш түрлі үйлесім бір арнаға шоғырлану қажет. Сондықтан күйге арналған домбырада да әншіге керекті домбырада да айырмашылық бар. Оны әрбір өнерпаз, мейлі ол шебер болсын, мейлі орындаушы болсын бажайлап білуі қажет.

Күйге арналған домбыраға қойылатын талап:

1. Әр пернедегі дыбыс таза шығуы керек, әрі осы дыбыстардың деңгейі айнымайтын және бір-бірімен үйлесімділігі де таза болуы қажет

2. домбыра жинақы, қоңыр үнді болуы керек, сонда қазақ күйлерінің ішкі жан-дүниесін, тілін кімде де болса тыңдай, түсіне алады. Дарылдаған шарқыш үнді домбыра адам құлағына түрпідей тиіп, кез келген шығарманы құрдымға жібереді. Оның үстіне мойны жуан, ұстауға ыңғайсыз ішектерінің қаттылығы қолыңды ауыртып әрі іліп тұрса ойнаушының мазасы кетеді.

Жақсы домбыраның тағы бір сыны — ол ойнауға өте жеңіл болуы, әсіресе пернені қуалай ойнағанда саусақтардың ешбір қиындықсыз жеңіл, әрі қозғалуы. Мұны бір сөзбен айтқанда бауыры жұмсақ домбыра дейді.

Қазіргі кезде жалғыз домбыраның 20- дан астамтүрлері бар:
ән және күй домбырасы
торсық
тұмар
кең шанақты (екі нұсқасы)
балдырған
балашық
шіңкілдек
аша
үш ішекті
қуыс мойын
шертер
оркестр домбыралары
қоңыр дауысты домбыра (альт)
жіңішке дауысты (прима)
ащы дауысты (секунда)
бас домбыралар (екі нұсқасы)
іші ішекті
әмбебат домбыра
бүктемелі домбыра
өкшеқұлақ домбыра
контрабас
домбыра- тенор

Домбыра- қазақтың осы заманға дейінгі рухтандырып келе жатқан музыкалық аспабы. Ол- елдің қуанышы мен мұңын естіртті, қазіргі кезде домбыра- ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналып отыр.

Дерек көзі: «Жолаушы» кітабы, «Домбыра тарихы»
Бөлісу:

23 пікір

KILYZAMAN
Рахмет бауырым!
іші ішекті
— қандай болды екен?
Galamart
Іші ішекті. Мұндай домбыралар күйші ком-ларымен шебер домбырашылардың ізденісімен туған. Аспаптың үнің дыбыстық ерекшелігін жетілдіруге халық өнерпаздарының бұл жаңалығы күйшілік орындаушылық өнерге ерекше ықпал етіп оның дамуына игі жерін тигізгені даусыз. Іші ішекті домбыра жаасайшы шеберлер ішеті кейде мойын мен шанақтың ішінен одан кейін арнайы жаслаға өкшетүйме ықпалы қақпақ пен мойнының астынан жүргізіп құлаққа жағады. Мұндай да құлақ екеу болады.
Zilola
kelesi zholy maikasyz agash zhonatyn zhigitter zhaily zhazynyzshy )))))))))))
Aldarkose
Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап.

Витамині, дәрісі, наркотигі деп ары қарай жалғап кетсең да ия
Galamart
Ол сіздің кішкене ауырған санаңызда болмаса
Aldarkose
қазіргі кезде домбыра- ұлттық тәрбие мен білімнің кілтіне айналып отыр.
Ойбуйййй не деген әдемі, бірақ өтірік, әсерсіз тіркестер деЧі.
meirzhan
Бұл жерде эстетикалық тәрбие туралы да айтуы мүмкін.
Galamart
Қазіргі кезде домбыра қайтадан халық тәрбиесіне еніп келе жатыр, балалар қайтадан домбыра тартуға бейімделіп, ұлттық өнермен айналысып жатыр
Aldarkose
Домбыраны қасиетті деп санайтындарды түк ұлпаймын. Онда қандай қасиет бар? Көріген затқа қасиет дарытатын қазақтар Құдай болған ба бұрындары?

Мысалы, осы қасиетті деген домбыраны аламын да сындырып, отқа жағып үй жылытамын. Сонда оның қасиеттілігі мені бір бақытсцыздыққа душар ете ма? Тупой түсінік емес пе сендерше?
meirzhan
ИМХО:
1. Домбыраны логикамен түсінуге тырыспау керек.
2. Бұрынғы қазақтар үшін әсіресе қасиетті шығар. Себебі қазіргі қазақтар (немесе қазақтың ата-бабалары) домбыраның үнін түсінбейді. Найман Кетбұғаның (Кербұға) күйін тыңдау арқылы Жошы хан баласының қайтыс болғанын түсініпті-мыс. Осындай деңгейді болған. Күй тек рухани ләззат қана емес, ақпарат берген, бұрынғы қазақтар оның расшифровкасын білген. Ал бізге қазір компьютер қасиетті шығар. домбыраның орнына. «Компьютербасты жарты адамдар» деген орынды айтылған Шахановтың.
Galamart
Ол сіздің өз мәдениетіңізді, ұлтыңызды сыйламайтыныңызды белгісі емес пе?
ken
Алдаркөсе, ешқандай қасиеті болмаса, үйіңді жылыта алмас едің ғой.
a63a1
Дмбыра тарта алатындарың барма?
Galamart
Бізде шеберлердің барлығы дерлік өздері жасайтын аспаптарды ойнай алады
a63a1
Қандай деңгейде?
Galamart
Өздері жасаған заттарын қаншалықты деңгейде екенін айтып беретіндей )
a63a1
Демек виртуозды ойнайтын күйшілеріне келмейді, немесе виртуозды ойнайтын домбыра жасау шеберлері)))