"Домбыра Party" Қызылордада

Бүгін! Алғашқы рет! Кешкі сағат 19:00де Қызылорда қаласында «Домбыра Party»! Келіңіз, көріңіз, әдемі кештен қапы қалмаңыз! Өтетін орны: орталық алаңдағы ескі фонтан маңы, «Майя, майя» пиццериясының артында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 701 317 16 15 Сабыржан және менің номеріме де хабарлассаңыздар болады
деп ақпараттандырып фейсбукқа жаздық. Бірінші мәрте өткізгелі отырғандықтан, қалай болар екен деп те ойластық. Арнайы ешкімді шақырмадық, бірақ жоспарда шақыру бар еді… Сабыржан екеуміз таныс домбырашы дос, құрбы-құрдастарды іздедік. Күнде хабарласа отырып, Сабыр 4-5 жігітті тапқанын айтты. Онда бастап кетейік, қалғандары қолдайды дедік те, 04.05.2013ж жоспарладық.
Әрі қарай

Қазақша конфеттер

Кеше көк базарға бір шаруалармен барғанымда «Рахат» кондитерлік фабрикасының сол жердегі фирмалық дүкеніне соқтым. Мақсатым ауылдағы апама базарлық беріп жіберу еді. Тізіліп тұрған қорап қорап конфет ішінен біреуі көзіме ерекше көрінді. Себебі, бұл конфеттердің сыртында қазақтың дәстүрлі музыка аспаптары бейнеленген екен.
Әрі қарай

Домбыра жайлы

Домбыра — ертеден келе жатқан қазақ халқының ең сүйікті, ел арасына кең тараған, түрлі шежіреге бай, музыкалық аспабы. Ол ұлттың тарихында қарапайым халықтың қуанышы мен қайғы-қасіретін тең бөлісіп, қазақтың басын торлаған ауыр кезеңдерінде жұбаныш бола білген алып та ұлы аспап. Домбыра — жазу-сызу мен қазақтың қаламы мен сахнасының қызметін тең атқарған аспап. Домбыра-ішекті аспаптардың ең көне түрі. Домбыра қасиетін жырлайтын этнологиялық аңыздар өте көп.
Әрі қарай